
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген) тиісті өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде көзделген.
Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап келісімін алды.
Министрлік мақұлдағаннан кейін тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын бекітіледі.
Осыған байланысты, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы қаулы жобасын әзірледі және сізге қол қоюға Алматы қаласы әкімінің "субсидияланатын тыңайтқыш түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан 2024 жылға сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" қаулысының жобасын енгіземіз.
Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын ауылшаруашылық тауар өндірушілерге немесе ауылшаруашылық кооперативтеріне басым көкөніс дақылдары бойынша өндірілген өнім немесе өңдеу кәсіпорнына өңдеуге тапсырылған өнім үшін, кеткен шығындарды ішінара өтеуге бөлінеді.
Барлық материалдар мен қаулы жобалары 14.03.2024 пен 02.04.2024 аралығында https://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Аталған жобалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтемелер арқылы қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14982513, сондай-ақ Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіне ұсынымдар жіберуге болады.