Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың ӘЭД қорытындылары және 2024 жылғы қаңтар-ақпанда бюджеттің орындалуы жөнінде ҚР Үкіметінің отырысына арналған тезистері

Құрметті Олжас Абайұлы!

Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы оң аймаққа шықты. Өсім ағымдағы жылдың қаңтарындағы 0,2%-ке төмендеуден кейін 1,7%-ті құрады.

Құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға және сауда бойынша төмен көрсеткіштер келесі факторларға байланысты.

  1. Сауданың төмендеуі ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына – автомобильдер мен электрондық техникаға сұраныстың азаюынан көтерме сауданың 3,0%-ке төмендеуіне байланысты. Дегенмен, ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 5,2%-ті құрай отырып бөлшек сауданың өсуі жалғасуда.

Ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша алдағы мереке күндерінде сұраныстың қалпына келуін, сондай-ақ қорларды толтыру қажеттігін ескере отырып, көтерме сауда оң траекторияға шығады деп болжануда.

  1. Құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген жаңа ПДП-ге (Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына) сәйкес үй салуға жаңа талаптарды енгізуге байланысты.

Мемлекет басшысының объектілердің сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, үйлерді тығыз салуға жол бермеу және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматыны полицентрикалық дамыту бойынша тапсырмаларын орындау шеңберінде, Алматы қаласын дамыту жоспарында тұрғын үйді іске қосуды 2023 жылғы 2,5 млн. шаршы метрден 2 млн. шаршы метрге дейін қысқарту қарастырылған.

Жалпы, құрылыс маусымының басталуын ескере отырып, ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша біз құрылыстың оң динамикасын күтеміз.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
12 марта 2024
Дата обновления
12 марта 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы