
Қымбатты әйелдер!
Келе жатқан көктем мерекесі - 8 Наурыз қарсаңында, Сіздерді құттықтауға рұқсат етіңіздер, Шын жүректен ризашылығым мен алғысымды білдіре отырып, бақыт, денсаулық және амандық тілеймін!
Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Енді өткен жылғы шілдедегі соңғы кездесуімізден кейінгі атқарылған жұмыстар және 2024 жылы аудандарыңызды дамыту жоспарлары туралы есеп беруге рұқсат етіңіздер.
Бостандық ауданы қарқынды дамып келеді және Алматы қаласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі бойынша бірінші орында. 2023 жылы аудан экономикасына 385 млрд. теңге инвестиция салынды. Қаланың әрбір 5 шағын орта бизнес субъектісі Бостандық ауданында жұмыс істейді.
Бизнесті белсенді дамыту және 2023 жылы инвестициялар тарту, қала бюджетіне салық түсімінің бестен бір бөлігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ 14 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Өткен жылдың сәуір айынан бастап аудан әкімдіктерінің өкілеттіктері мен олардың қаржылық мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді. Бостандық ауданының бюджеті 2023 жылы 7,9 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін, 2,6 есеге ұлғайтылды.
Осы жылы ауданның бюджеті тағы 30% - ға 26,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылып, инженерлік коммуникацияларды, жол инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік саладағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
БІРІНШІ. Дамыған инженерлік инфрақұрылым қаланың даму әлеуетін айқындайды. Сондықтан тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін салу және жаңарту біз үшін басты бағыт болып қала береді.
Осы жылдың қыркүйегіне дейін Есқараев көшесінің бойымен 660 метр жылу желілерін қайта құру жоспарлануда.
Өткен жылы 3,5 км су құбырын бойынша қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 2024 жылы 3,2 км желінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Ауданның жоғарғы бөлігінде тұратын тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту үшін «Ерменсай» шағын ауданында өнімділігі тәулігіне 9 мың м3 су жинау құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (мемлекеттік сараптамасы 2024 жылдың мамыр айында шығады, құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды құны – 17 млрд. теңге).
Сонымен қатар, «Нұрлытау» шағын ауданында сумен қамту (62 км) және су бұру (34 км) желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (мемлекеттік сараптамасы 2024 жылдың мамыр айында шығады, жұмыстарының болжамды құны – 14 млрд. теңге).
2024 жылы жалпы ұзындығы 7,5 км, жалпы суммасы 7 млрд.теңге болатын инженерлік желілерді қайта жаңартуды жоспарлаудамыз, оның ішінде 500 метр кәріз, 5,3 км жылу желілері және 1,7 км орташа қысымды жерасты газ құбыры.
Өткен жылы 6,7 км әуе электр желісіне, 38 км кабельді электр желісіне, 17 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктіне күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, 59 км әуе электр желісі, 130 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пункті ағымдағы жөндеумен қамтылды.
2024 жылы Ерменсай және Ремизовка шағын аудандарында 16 км электр желілерін қайта жаңарту жоспарлануда.
Сондай-ақ, инвестициялық жоба шеңберінде 50 км электр энергиясының кабельдік желілерін, 13 трансформатор подстанциясы мен 3 тарату пунктін жаңғырту жоспарлануда. Қосымша 91 км әуе электр желісі мен 105 трансформатор подстанциясын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырамыз.
Жарықтандыру функциясын децентрализациялау арқылы қала аудандарындағы жағдай жақсара түсті.
Нәтижесінде өткен жылдың желтоқсан айынан бері 1000-нан астам шам ауыстырылып, 800-ге жуық өтінім пысықталды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру аясында 117 шам орнатылып, 80 ауланы абаттандыру кезінде 917 шам бағанасы ауыстырылды.
2024 жылы жұмыс жалғасын тауып, Алмагүл, Орбита 1, 2 шағын аудандарында, сондай-ақ Тілендиев көшесінің бойымен «Акварель» тұрғын үй кешеніне дейін және т.б. 267 шам бағаны орнатылады.
ЕКІНШІ. Жол және көлік инфрақұрылымын жаңғырту қаланы дамыту жоспары әкімдіктің басты басымдықтардың бірі болып табылады.
2024 жылы 33 көшеде 30 км орташа жөндеу жұмыстары, сонымен қатар 500 млн.теңге сомасына 30 мың м2 жолдың асфальт жабынын қалпына келтіре отырып, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
Осы жылдың наурыз айының соңына дейін 2 маршрутта (№120 және 211) 32 автобусты толығымен жаңарту, сондай-ақ 4 маршруттың (№59, 118, 120, 123) жылжымалы құрамын жаңа автобустарға ауыстырып, 67-ден 74 бірлікке дейін қосымша күшейту жоспарлануда.
ҮШІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен жылдың желтоқсан айында №145 гимназия күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді.
№10, №70 мектептер мен №138 гимназиядағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.
2024 жылдың екінші тоқсанында 450 орындық жаңа корпусын сала отырып, №73 мектепті сейсмикалық күшейтуді бастауды жоспарлап отырмыз.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Егізбаев көшесінің бойында 2500 орындық, Розыбакиев көшесінің бойында 1500 орындық, Қожабеков көшесінің бойында 2000 орындық 3 жаңа мектептің құрылысы жалғасуда, жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады.
Сонымен қатар, «РАМС Сити» тұрғын үй кешенінің аумағында жаңа оқу жылы басталғанға дейін 1100 орындық мектептің құрылысы аяқталады.
Күрделі жөндеуден кейін №113 бөбекжай-балабақша пайдалануға берілді.
Орбита-3 шағын ауданындағы бұрынғы балалар үйінің 2 ғимаратын 480 орындық балабақшаға аяқталу мерзімі 2025 жылы наурызға дейін қамти отырып, қайта құру жұмыстары басталды.
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап қаламызда «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылуда. Бостандық ауданында 14 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды.
Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тасымалдау мақсатында биыл біз «№2 арнайы бөбекжай-балабақша» мекемесі үшін 2 автобус бөлуді жоспарлап отырмыз.
2024 жылғы наурыз айында №4 емхананы, ал мамыр айында №12 емхананы күрделі жөндеу басталады.
Зейнет жасындағы адамдар үшін осы жылы ақпан айында Сейфуллин даңғылы, 597 мекенжайында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа филиалы ашылды және ол күніне 200 адамға дейін қабылдай алады. Ол жерде біздің аға буынымыз орталықта өтеусіз тегін медициналық қызметтер алып және спорт секцияларына барады қатысады.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық ортаны дамыту шеңберінде қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударылады.
Осы жылдың ақпан айында 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды (МС шығуы – 2024ж. желтоқсан, ҚМЖ құны - 1,5 млрд. теңге).
2023 жылы бағдарлама шеңберінде 800 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды, ол аулалардағы спорт және балалар алаңдарын жөндеуді, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды қамтиды.
Жаяу жүріп серуендеу және саябақ аймақтарын жайластыру, балалар, спорт алаңдарын жөндеу және ауданды абаттандыру бойынша 50 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін осы жылы бөлінген сома 2,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.
Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет!
Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге көшуді ұсынамын.