Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтерін қайта қарау жоспарлануда

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) жинауға, шығаруға, қайта өңдеуге және көмуге арналған қолданыстағы тарифтер Алматы қаласында жеке тұлғалар үшін 553,04 теңгені және заңды тұлғалар үшін 1 м.куб ҚТҚ 2 288,46 теңгені құрайды. 

Бұл тариф 2017 жылы бекітілген. Айта кету керек, 2017-2023 жылдар аралығында орташа жалақы 2 есе өсті, дизель отынының орташа құны 3 есе өсті, қосалқы бөлшектерге шығындар өсті. 

553,04 теңгені құрайтын тариф мынадай жұмыстарды қамтиды: контейнерлік алаңдардан қалдықтарды жинау және оларды қоқыс сұрыптау кәсіпорындарына тасымалдау, қалдықтарды сұрыптау, пайдалы фракцияларды одан әрі қайта өңдеуге шығару, полигонға кәдеге жаратпайтын фракцияларды тасымалдау, полигонда қалдықтарды қабылдау және көму. 

Тарифке келесі көрсеткіштер әсер етеді:

- ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму нарығының барлық қатысушыларының шығындары, яғни барлық қоқыс шығаратын ұйымдардың, қоқыс сұрыптау кәсіпорындарының және полигон операторының шығындары;

- шығарылатын қалдықтардың жалпы көлемі;

- ҚТҚ қалыптастыру және жинақтау нормалары.

Бүгінгі күні аула аумақтарының санитарлық жағдайы мен эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдар аралығында жағымсыз иістің, жануарлар мен құстардың кіруіне жол бермейтін 2 900 тереңдетілген типтегі контейнерлерді орнату бойынша Алматы әкімдігі кешенді жұмыс жоспарлауда.

Тарифтің көтерілуі қоқыс шығарушы компанияларға ҚТҚ шығару және шағын аудандар мен аула аумақтарындағы қоқыс алаңдарын тазалау қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоқыс алаңдарында кеміргіштерге қарсы өңдеу, дезинсекция және дезинфекция жұмыстарын жиірек жүргізілетін болады. Компаниялар түскен табыстан тереңдетілген контейнерлерге қызмет көрсету үшін арнайы жабдықталған техниканы жылына 20 данаға дейін жаңарта алады. Сондай-ақ, тарифтің өсуі қоқыс шығарушы компаниялардағы техникалық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға дейін көтеруге мүмкіндік жасайды. 

Кез келген коммуналдық тарифтің ұлғаюы кезінде әлеуметтік осал топтардың мүддесі ескеріледі: олар үшін әрқашан  коммуналдық төлемдердің өсуін қамтитын әлеуметтік төлемдер қарастырылған.  

Жоғарыда айтылғанның негізінде ҚТҚ шығарудағы тарифтерді қайта қарау туралы ұсыныс енгізілді. Қаулылардың барлық материалдары мен жобалары Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған www.legalacts.egov.kz 07.03.2024 жылдан бастап 27.03.2024ж. дейін. 

Бұл жобалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді. Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтемелер бойынша қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14973378 

 

Дата публикации
07 марта 2024
Дата обновления
07 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы