
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Биыл Наурызбай ауданының құрылғанына 10 жыл толады. Өткен жылы қаланың ең жас ауданы дамудың оң көрсеткіштеріне қол жеткізді.
Бүгін сіздердің ауданыңызды одан әрі дамыту бойынша іске асырылған жобалар мен 2024 жылға жоспарлар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
2023 жылы жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 29% - ға (16 030-дан 20 732 субъектіге дейін), тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі
2 есеге (2023 ж. - 340 мың шаршы метр) 700 мың шаршы метрге дейін, инвестициялар 16,5% - ға (133,3 млрд. теңгеден 161,6 млрд. теңгеге дейін), салықтар 52%-ға 22,5 млрд. теңгеден 34,3 млрд. теңгеге дейін, 5,9 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды (өсім – 31%).
Өткізілген децентрализацияға байланысты, 2023 жылы Наурызбай ауданының бюджеті 3,1 есеге 4,4 млрд. теңгеден 14 млрд. теңгеге дейін өсті. 2024 жылы бюджет тағы 3 млрд. теңгеге ұлғайып, 17 млрд. теңгені құрады.
БІРІНШІ. Наурызбай ауданының құрылғаннан бастап ауыз сумен қамтамасыз ету аса маңызды мәселе болып табылады. Аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Ақжар (2-кезек) (44 км су құбыры, 37 км кәріз, 4,2 млрд. теңге бөлінді) және Қарағайлы ш/а (45 км су құбыры, 42 км кәріз, 2,1 млрд. теңге бөлінді) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары бар. Тастыбұлақ (88 км су құбыры, 57 км кәріз) және Таусамалы (42 км су құбыры, 40 км кәріз) шағын аудандары бойынша осы жылдың наурыз айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз.
ЕКІНШІ. Наурызбай ауданында белсенді тұрғын-үй құрылысына байланысты, атап айтқанда Шұғыла шағын ауданында қолданыстағы қазандықтың қуаты сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды.
Бұл мәселені шешу мақсатында 2023 жылдың желтоқсанында «Премьера» қазандығына қосымша су жылыту қазандықтарының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде кеңейтілетін қазандықтың жылу қуаты сағатына 100 Гкал-ға ұлғайды.
ҮШІНШІ. Ауданды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету күрделі сынақ болып табылады. Наурызбай ауданының электр желілері облыстан қосылғаннан бері тозығы жеткен.
2023 жылы желілерді жаңғырту аясында Ақжар, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Таусамалы және Шұғыла шағын аудандарында 23,2 шақырым электр желісі мен 2 трансформаторлық қосалқы станция ауыстырылып, жөнделді.
Осы жылдың сәуір айының соңына дейін Шұғыла шағын ауданында қосымша күрделі және орташа жөндеумен 3 км электр беру желілерін қамту және 22 трансформаторлық қосалқы станция орнату жоспарлануда (жобаны қаржыландыру сомасы 1,4 млрд.теңгені құрайды. Мердігер «Энерджи Тараз» ЖШС).
2024 жылдың соңына дейін қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 128 км электр беру желілерін және 19 трансформаторлық қосалқы станцияларын қамту жоспарлануда.
Сыртқы жарықтандыруға ерекше назар аударылуда. 2023 жылы 59 көше ұзындығы
43 шақырым сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етілді.
Аудандарға көше жарығына қызмет көрсету бойынша берілген функцияны ескере отырып, өтінімдерді пысықтау уақыты айтарлықтай қысқарды.
Соның нәтижесінде 2023 жылдың соңғы
3 айында ғана 17,6 шақырым кабельдік желі ауыстырылып, 1840 шам орнатылды.
2024 жылы тағы 87 шақырым әуе және кабельдік желілерді жаңғыртуды, 3,5 мың жарықтандыру шамдарын және 230 саябақ шамдарын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға 1,1 млрд. теңге (2023 жылы 559 млн. теңге) бөлінді.
Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет аясында 2024 жылдың соңына дейін аудандағы барлық жарықсыз қалған шағын көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.
ТӨРТІНШІ. Жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту әкімдік жұмысының басым мәселелерінің бірі болып қала береді.
2024 жылы «Ақжар» және «Шұғыла» шағын аудандарында тағы 8,8 шақырым жол салу, 55 көшеде 28,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен тағы 70 мың шаршы метр жол жамылғысын қамту жоспарлануда.
2023 жылы Төле би көшесінің бойында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесінің арасында 700 метр жол салынды. Биыл жұмыстар Әшімов көшесі мен Алатау даңғылы (1,5 км) арасындағы кесіндіде қалған жер учаскелерін сатып алуға және инженерлік желілерді шығаруға қарай жалғастырылатын болады.
Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі құрылысын биыл қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз (мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды).
Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында Жұбанов көшесі жалғасының құрылысы басталып, жол Карьерная көшесінен Алатау даңғылына дейінгі төрт жолаққа дейін жер учаскелерін сатып алуға байланысты кеңейтіледі.
Осы жылдың наурыз айының соңына дейін 4 маршруттағы (№16, 50, 118, 126) аралықтарды қысқарту және жайлылықты арттыру үшін барлық жылжымалы құрамды қосымша 27 бірлікке 67-ден 94 автобусқа ұлғайта отырып, жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа автобустарға ауыстыру жоспарлануда.
БЕСІНШІ. Наурызбай ауданы құрылғаннан бері тұрғындар саны 3 еседен астам өсті (2014 жылы 61 мың, 2024 жылы 200 мың). Қарқынды өсуді ескере отырып, ауданыңыздың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады.
Биыл қыркүйек айында «Әлем сити» ТК аумағында 1200 орындық мектеп ашылады (дайындық – 90%).
Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін 6700 орындық қалған 4 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
«Мектеп автобусы» жобасы аясында Наурызбай ауданының 7 аса мұқтаж мектебіне (№157, 176, №186, №200, №206, №207, №208) 2 939 оқушыны қамтитын 32 автобус бөлінді.
Жаңа оқу жылынан бастап 3800-ден астам баланы қамту үшін ауданыңыздағы автобустар санын 48 бірлікке жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың мамыр айының соңына дейін Шұғыла шағын ауданында («Әлем Сити – 3»ТК) 320 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.
Биыл ақпан айында 640 орындық тағы 2 балабақша құрылысы Құрамыс шағын ауданында (320 орын) және Шұғылада («Нұрлы Дала» ТК) (320 орын) басталды. ҚМЖ аяқталу мерзімі - 2024 жылғы желтоқсан.
Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды және осы жылдың қыркүйегінде Қалқаман шағын ауданында (240 орын) және Шұғылада («Әлем сити» ТК) (320 орын) 560 орындық тағы 2 балабақша салуды бастауды жоспарлап отырмыз.
АЛТЫНШЫ. Жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылатын болады.
2024 жылы Қалқаман, Қарағайлы, Шұғыла шағын аудандарындағы 10 көшеге 9 шақырым арық салуды жоспарлап отырмыз.
Осы жылы тағы 20 учаскені (8 га) қамтуды жоспарлап отырмыз.
2023 жылы аудандарыңызды абаттандыру бойынша 2,7 млрд теңгенің 62 жобасы жүзеге асырылды. «Шұғыла» шағын ауданында «Алма сити» тұрғын үй кешенінің жанынан және Райымбек даңғылының бойында (№7 ҚКА) жаяу жүргіншілер және серуендеу алаңы салынды. Қалқаман шағын ауданында 0,7 гектардан астам қараусыз қалған аумақ абаттандырылып, «Ақжар» шағын ауданында саябақ салынды. Абай даңғылының бойында (Әшімов көш. қиылысы) футбол және баскетбол алаңы салынды. Сонымен қатар, Ақжар және Қалқаман шағын аудандарында
4 балаларға арналған ойын алаңдары салынды.
2024 жылға жаяу-серуендеу алаңдарын, саябақ аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін, жол инфрақұрылымын салу және т.б. бойынша 40 жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 2,5 млрд. теңге бөлінді.
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.