Лого

Меню

Страницы

Статья

Қала әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы және презентациясы

Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!

 

Кеше «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпийская көшесінде қайғылы оқиға орын алды, техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануына байланысты лай көшкіні біздің азаматтардың өмірін қиып кетті.

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысымен бөлісіп, орны толмас қазаға көңіл айтамын. Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру және еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Бұл отбасының үлкен ұлы, шетелде оқитын Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сондай-ақ ата-анасының қаржылық міндеттемелерін шешуге жәрдемдеседі.

Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу менің ерекше бақылауымда.

Тік таулы беткейлерде құрылыс салу мәселесі барлық алматылық пен Медеу ауданының тұрғындарын бірнеше жылдан бері толғандырып келеді.

2022 жылдың маусым айында Алматы қаласының әкімдігі мәслихатпен 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады.

Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына қанағаттандырылды, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда.

Біз басталған жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниеттіміз, өкінішке қарай, «Тау Самалындағы» қайғылы оқиға тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін тағы да дәлелдеді.

Сіздерді биылғы біздің алғашқы кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Медеу ауданы қаламыздың туристік орталығы болып табылады. Мұнда табиғи парктер мен қорықтар, туристерді ерекше қызықтыратын «Медеу» «Шымбұлақ», «Көк-Төбе» бірегей кешендері орналасқан.

2023 жылдың 9 айында қалаға 1,5 млн. турист келіп (2022 жылы – 1,2 млн.), 17,4% өске өсті.

2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13%-ке өсті, 335 млрд. теңге инвестиция тартылып, 29%-ке өсті. Жоғары инвестициялық белсенділіктің нәтижесінде шағын және орта бизнес санын 22%-ке ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Экономиканың қарқынды дамуы 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын  ашуға және салық түсімдерін 48%-ке, яғни 1,4 трлн теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Медеу ауданының бюджеті 2023 жылы 6,8 млрд. теңгеден 24,6 млрд. теңгеге дейін 3,5 есе ұлғайтылды. Өз кезегінде 2024 жылы қаржыландыру 12%-ке артып, 28 млрд. теңгені құрады.

Енді атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып өтейін.

БІРІНШІ. Ең маңызды мәселелердің бірі сапалы сумен қамту және канализация жүйесімен қамтамасыз ету басты міндет болып қала береді.

  1. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Каменское плато, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарының тұрғындарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар желісі бойынша 7,3 мың м3 суға арналған 7 резервуар салынды. Сондай-ақ күніне 15,7 м3 су өткізетін 6 скважина салынды және реконструкцияланды.

Бүгінгі күні, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, осы жылдың наурыз айында нысандар толыққанды іске қосылады.

  1. Децентрализация асында Медеу ауданының әкімдігі 2023 жылдан бастап 276,5 км сумен қамту және канализация тарату желілерін салу жұмыстарын бастады, 2025 жылы аяқталады.

Өткен жылы Халиуллин көшесі мен «Каменское плато» шағын ауданында 13,4 км магистралды желілер салынды.

2024 жылы Кеңсай, Көлсай, Компот, және Думан шағын аудандарында 65,7 км желінің құрылысы аяқталады.

Бұдан басқа, 2024 жылы Мұзтау, Каменское плато, Асқартау, Шағын станица, Атырау және Сұлусай шағын аудандарында 145,7 км тарату желілерінің құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 3-тоқсанында Таулы қырат, Алатау және Юбилейный шағын аудандарында 51,7 км тарату желілері салынады

Осылайша, 2025 жылдың соңына қарай ауданның оңтүстік және шығыс бөліктеріндегі 64,3 мың тұрғынды сумен және канализациямен  қамтамасыз етуге қатысты проблемаларды шешеміз.

  1. Өткен жазда, аптап ыстыққа байланысты Медеу ауданның жоғары бөлігін сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады. 2023 жылдың шілде айында судың лайлануы нормадан 50 есе асып, су тапшылығы тәулігіне 20 мың м3 құрады.

Тапшылықты жою үшін, төтенше жағдайлар шеңберінде қуаты тәулігіне 32 мың м3 резервтік сумен қамту схемасының құрылысы басталды, ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады.

Судың негізгі көздері - Талғар жер асты сулары  мен сорғы станцияларының қуатын 60%-ке арттыра отырып, 6 жаңа скважина бұрғылау болып табылады.

Нәтижесінде Самал, Көктөбе шағын аудандарының  50 мың тұрғыны және Таулы қырат шағын ауданының бір бөлігі үздіксіз сумен қамтамасыз етілетін болады.

  1. Думан шағын ауданында халық санының көбеюіне байланысты, жұмыс істеп тұрған резервуарлардың өткізу қабілеті ауыз су қажеттілігін өтемейді. Жазғы уақытта тәулігіне 2,2 мың текше метр тұтыну тапшылығы байқалады.

Осы мәселені шешу үшін биыл 2 су резервуарын, магистральды су құбырын және 2 сорғы станциясын реконструкциялауды бастаймыз.

ЕКІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар жалғасатын болады.

  1. 2023 жылы Медеу ауданында 21,8 км жолға
    орташа жөндеу жүргізілді, 56 мың м2 жол төсемі ішінара қалпына келтірілді, 29 көшедегі 24,5 км тротуарлар жайластырылды және 20 көшеде 6,6 км арық желісі салынды.

Биыл жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының көлемін 2 есе, яғни 51,6 км дейін арттырамыз, 60 мың м2 астам жол төсемін қалпына келтіреміз, 42,2 км тротуар (19 көше) және 17 км арық желісін саламыз.

  1. Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту шеңберінде 2023 жылы 18 маршруттағы 312 автобус жаңартылды, 4 жаңа маршрут ашылды, онда 39 автобус қосылды, 5 жаңа аялдама кешені салынды.

Оның ішінде, Көлсай шағын ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша №107 маршрутта 3 жаңа тау автобусы іске қосылды.

2024 жылы 17 маршрут бойынша (№12, 16, 120, 71, 50, 73, 211, 121, 63, 118, 210, 79, 92, 126, 209, 43, 74) 235 автобус, 10 аялдама жаңартылады.

  1. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 57 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Биыл 30 «Сергек» кешенін орнату жоспарланған.

Бейнемониторинг жүйесін кеңейту аясында
750 жаңа бейнекамера орнатылады.

  1. Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі сыртқы көше жарығы.

Бұрын айтқанымдай, жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер аудандық әкімдіктерге берілді. Өткен жылдың қараша айында аудан әкімдігі «Алматы Қала Жарық» компаниясымен шарт жасасты.

Нәтижесінде, 3 айда жөндеу бригадалары
515 өтінімді пысықтап, 150 бақша-саябақ шамдарын ауыстырды, 1050 энергия үнемдейтін LED-шамдар орнатылды, 5 қоғамдық кеңістік аумақтарында
(28 панфиловшылар саябағы, Кіші Алматы өзенінің жағалауы) жарықтандыру қалпына келтірілді.

2024 жылы 42 көше бойынша сыртқы жарықтандыру желісін  жаңартамыз (1 938 шам, 59 км электр желілері). Жұмыстардың аяқталуы – 2024 жылдың IV-ші тоқсаны.

90 бау-бақша серіктестігінде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға қосымша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сараптама қорытындысын
2024 жылдың II-ші тоқсанында алу көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда көше жарығы осы жылы 85%-ға, 2025 жылдың соңына дейін 100%-ға қалпына келтіріледі

ҮШІНШІ. Біздің жұмысымыздың басты назарында – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

  1. 2023 жылы №48 мектептің 250 орындық қосымша құрылысын реконструкциялау және №131 мектепті сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Құлжа тас жолының оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, осы  жылы «Думан» шағын ауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесінде (300 орын) 1500 орындық 2 жеке меншік мектеп салу жоспарланған. Жобаларды іске асыру мерзімі – 2024-2025 жылдар.

Сондай-ақ, биыл №35 мектепке 300 орындық, №99 мектепке 250 орындық және №131 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салу жоспарланған.

  1. Мектепке дейінгі білім беру жағдайын жақсарту мақсатында 4 мемлекеттік балабақшадағы (№5, 115, 124 және 156) ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ осы жылдың сәуір айында №195 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Бұдан басқа, осы жылы Думан шағын ауданында (320) мен Халиуллин көшесінде (200) 520 орындық 2 балабақша салу жоспарланған.

Жалпы, аудан бойынша 2024 жылдың соңына дейін 920 орындық 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарда бар.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамту көлемін арттыру мақсатында 2024 жылы жоспарланған шаралар:

- «Думан» шағын ауданында 500 келушіні қабылдайтын жаңа емхана салу. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны;

- «Алатау» шағын ауданындағы 150 келушіні қабылдайтын «Алатау» қалалық ауруханасының ғимаратын сейсмикалық күшейте отырып, реконструкциялау. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны;

- №4 жедел жәрдем подстанциясының ғимаратын модернизациялау. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуы - 2024 жылдың II-ші тоқсаны.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында ағымдағы жылы 3 ұйымда күрделі жөндеу жоспарланған: қалалық мамандандырылған балалар үйі, жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені және №17 жалпы білім беретін мектеп-интернат.

  1. Әкімдік спортты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Сонымен, «Алатау» шағын ауданында осы жылы 7 ақпанда тәулігіне 600 адамның өткізу қабілеті бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің техникалық іске қосылуы өтті.

ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта

Медеу ауданында жайлы қалалық ортаны құру бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.

  1. «Самал-1» шағын ауданындағы «Журналистер» скверін реконструкциялау және Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталды.

Биыл наурыз айының соңына дейін тұрғындардың өтініші бойынша басталған «Алатау» шағын ауданындағы скейтпарктің құрылысын аяқтаймыз.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту шеңберінде біз су айдынын қайта жаңғыртып, Тереңқұрда демалуға барынша қолайлы және тартымды аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Жоба сонымен қатар заманауи амфитеатр мен жаяу жүргіншілер көпірін салуды, тоғанды абаттандыруды, балалар мен спорт алаңдарын орнатуды көздейді. Жобалау-сметалық құжаттаманы осы жылдың I-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

2023 жылдың қараша айында қаламыздың көрікті нышандарының бірі – «Көктөбе» телемұнарасын сәулеттік-көркемдік жарықтандыруды безендіру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы – осы жылдың  мамыр айы.

  1. Әкімдік «Медеу-Шымбұлақ» жолындағы тас құлауының салдарын жою бойынша жұмысты жалғастыруда. Өткен жылдың қазан айынан бастап «Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайынан шамамен 80 мың м2 тас әкетіліп, 17,6 мың м3 тау қойнауы үйінділерінен тазартылды. Осы көктемде беткейлерді нығайту, нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары басталып, осы жылдың күзіне дейін жалғасады.
  2. Сіздің ауданыңыздың аула аумағы мен қоғамдық кеңістігін абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

2023 жылы ағымдағы жөндеу шеңберінде 122 жоба іске асырылды.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге 44 жоба іске асырылды.

Жаңа 34 жобаны жүзеге асыру үшін осы жылы 2 млрд теңге бөлінді. 20 ауланы абаттандыру, 7 автоматты суару жүйесін орнату, 7 жаяу серуендеу аймағын жаңарту жоспарлануда.

Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!

Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет, Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.

Дата публикации
12 февраля 2024
Дата обновления
12 февраля 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы