
2024 жылдың 15 наурызында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі Саялы шағын ауданы, Ақ-Қайнар көшесі, 3 мекенжайындағы №204 орта мектепте өтеді.
https://go.2gis.com/vlgqf
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS
2. https://www.facebook.com/alatau.audan
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.