Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматыда діни әдебиеттерді тарататын орындардың тізімі жаңартылды

Тиісті заң жобасын әзірлеуге Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы бастамашылық етті. Аталған жобаны барлық мүдделі азаматтар талқылай алады

 

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» әкімдіктің жаңа қаулысын әзірледі. Аталған құжатта діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға рұқсат етілген қала аумағындағы жаңа тұрақты үй-жай көрсетілген. Қаулының бұл жобасы ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді. Көрсетілген нормативтік құқықтық акт www.legalacts.egov.kz интернет-порталда 08.02.2024 ж. мен  21.02.2024 ж. аралығында орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме бойынша жобаны талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14932562.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының 9 – бабына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі. 

Осыған байланысты, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы                             14 қыркүйектегі № 3/496 қаулысымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арналған 29 арнайы тұрақты                 үй-жай айқындалған болатын.

Аталған қаулы бекітілген сәттен бастап жаңа тұрақты үй-жай. Осыған орай, нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны түзетулер енгізуді талап етті. Атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1/14 қаулысымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арнайы тұрақты үй-жайдың бекітілуі болды.

 

Дата публикации
08 февраля 2024
Дата обновления
08 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы