Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының 2023 жылғы қорытындысы

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту назарда. Осы жылы 64,8 га аумағы бар 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістіктер құрылып, 2025 жылы аяқталады.

3 жаңа саябақ салу  және қолданыстағы 3 саябақ аймағын реконструкциялау және абаттандыру көзделуде.

2024 жылы 1 080 гектарға дейін ұлғайта отырып, 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 гектарға 977 гектарға дейін кеңейтілді.

Осы жылдың қаңтар айында Алматы қаласы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша жаңа Қағидаларды қабылдады. 2023 жылдан бастап суару жүйесі жүргізілгеннен кейін ғана кемінде 2-2,5 метр көшет отырғызуды көздейтін жаңа тәсіл қолданылды.

34 ұңғыма мен су тоғандарын салу есебінен автоматты суарумен қамту 4,4 есе 587 гектарға дейін ұлғайды.

Қаланы көгалдандыру үшін осы жылдың басынан бастап 291 мың ағаш пен бұта отырғызылды, биылғы жылдың соңына дейін 320 мыңға дейін жеткізіледі.  Санитарлық мақсатта 2,3 млн. ағаш өңдеуден өтті.

Нәтижесінде, 2023 жылы Іле Алатауы ұлттық паркінің жасыл желектерін есепке алмағанда, жасыл желектердің ауданы адам басына шаққанда 11,3-тен 12,3 шаршы метрге дейін ұлғайды.

2022 жылы зерттеу жүргізіліп, тұрақты су басатын 102 учаске анықталды. Оның ішінде 2022 жылы су басатын 46 учаске және биылғы жылы қалған 56 учаске жойылды.

Биыл қосымша 33 учаске анықталды, олар арық желілерін дамыту аясында жойылуда.

Соңғы 60 жылда алғаш рет алматылықтар арасында танымал Әуежай көлінің түбін механикалық тазарту басталды.

Жыл  басынан бастап мегаполистің Шығыс, Орталық және Батыс бөліктерінде 103,5 км арық желілері салынды және реконструкцияланды. 2024 жылдың соңына дейін арық жүйесін қалпына келтіру және дамыту су басу және суаруды қамтамасыз етуді шешуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы