Лого

Меню

Страницы

Статья

Білім саласы: 2023 жылдың қорытындысы

Біз адами капиталды дамытуға ерекше назар аударамыз.

Биыл жыл басынан бері 5 920 оқушы орнына есептелген 21 мектеп және қосымша құрылыс пайдалануға берілді, оның ішінде 3 450 орындық 16 жеке-меншік мектеп, 1,5 мың орындық 1 мемлекеттік мектеп және 970 орындық 4 қосымша ғимарат салынды.

Бүгінгі таңда 138 мың оқушы және мектепке дейінгі ұйымдардағы 5,7 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап алғаш рет 8 258 баланы қамти отырып, 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылды. Ол үшін 100 автобус сатып алынды. Тағы 100 автобусты келесі жылы сатып аламыз.

2 инновациялық шығармашылық орталығы, мектепке дейінгі білім беру және инклюзивті білім беру орталықтары ашылды.

Біліктілікті арттыру үшін 4 405 педагог курстардан, 360 педагог халықаралық тағылымдамадан өтті.

Жалпы, білім беруді қаржыландыру 2023 жылы 416 млрд. теңгеден 2024 жылы 466 млрд. теңгеге дейін 12%-ке ұлғайды.

Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды.

Алматы қаласында 2024-2025 жылдары 37,1 мың орындық 22 мектеп ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда 23,1 мың орындық 13 мектептің құрылысы басталды.

12 мың оқушы орнына есептелген 8 мектеп салуға және сатып алуға жеке инвесторлармен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 2 мың орындық 1 мектеп салынады.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы «басқарылатын» деңгейге дейін төмендетілетін болады.

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы