
Жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі тұрғындардың сапалы коммуналдық қызметтерге қол жеткізуі болып табылады.
Осы жылы 231 км сумен қамту, су бұру және жылумен қамту желілері салынды және модернизацияланды. 13 канализациялық сорғы станциясы іске қосылды.
2 қазандықтың қуаттылығын ұлғайта отырып, реконструкциялау аяқталды. Олар «Южная» 1,5 есеге және «Премьера» 2 есеге қуаттылығы ұлғайды.
Жүргізілген жұмыстардың арқасында 2023 жылы сумен қамту желілерінің тозуы 54,3%-ке және су бұру желілерінің тозуы 57%-ке дейін төмендеді.
Биылғы жазда аптап ыстықтан Алматы қаласы Медеу ауданының жоғарғы бөлігінде сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі проблемалар анықталды. Шілде айында Медеу ауданында су тапшылығы тәулігіне 20 мың текше метрді құрады.
Су тапшылығын жою үшін қуаты тәулігіне 32 мың текше метр резервтік сумен қамту схемасы құрылуда, 2024 жылғы маусымда аяқталады.
Негізгі су көздері Талғар жер асты сулары және 6 жаңа скважина болады, олардың қуаты 60%-ке ұлғайтылады.
Осы жылдың соңына дейін «Каменское плато» ауданындағы тұрғындардың сумен байланысты көпжылдық проблемасы шешіледі, ол үшін 7 су жинау құрылысы, оның ішінде 6,9 мың текше метр
5 резервуар салынады.
Мемлекет басшысының Алматы қаласының барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен 3 жыл ішінде қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында жүйелі жұмыс жасалуда. 4 жаңа су тоғаны жобаланып, құрылысы жүргізілуде.
Биылғы жылы 27 желтоқсанда Наурызбай ауданының шығыс бөлігіндегі Қарғалы өзенінде су тоғаны техникалық іске қосылады.
Ақсай су тоғаны жоспарланған мерзімдерге сәйкес салынуда.
Ерменсай және Барлық өзендеріндегі су тоғандары жобалау сатысында.
Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің басты факторларының бірі сапалы сыртқы жарықтандыру болып табылады. Ағымдағы жылдың 18 тамызында өткен кеңесте Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударып, әкімдікке тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
Бүгінгі таңда қалада 180 мың жарық шамдары орнатылған және жұмыс істейді, оның 90 мыңына бұрын қызмет көрсетілмеген, оның ішінде 30 мыңы иесіз.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Ол оң нәтиже көрсетті. Жанбайтын жарық шамдардың үлесі 47%-тен 25%-ке дейін төмендеді.
Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, ағымдағы жылдың қараша айында қалған 7 аудан «Алматы Қала Жарық»-пен шарт жасасты.
Сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуге 2024 жылы аудан әкімдіктеріне 9,9 млрд. теңге бөлінді.
Нәтижесінде сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ке және 2025 жылы 100%-ке дейін жеткізілетін болады.