Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы нәтижелік есеп

Жол инфрақұрылымын модернизациялау Алматының жайлы қала ретінде дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ағымдағы жылы 25 км жаңа жол 70 көшеде салынды және 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. 2024 жылы, жаңа жолдар салуды 70 км-ге дейін және орташа жөндеуден өтетін жолдарды 250 км-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл жұмыстарда басымдылық жаңа аудандарға беріледі.

Өкілеттіліктерді децентрализациялау шеңберінде аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуді аудан әкімдіктеріне беру жоспарланып отыр.

2024 жылға жаңа жолдар салу және орташа жөндеу үшін қаржыландыру 34%-ке ұлғайып,  33,1 млрд. теңгеден 44,5 млрд. теңгеге дейін көбейді.

 

Алматы қаласының Даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық көлікті басымдықпен дамыта отырып, қаланың тұрақты көлік қаңқасы құрылуда.

Ағымдағы жылы қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды. 2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельмен жүретін автобустарды сатып алуына тыйым салу жоспарлануда.

Соңғы 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынды, 2024 жылы тағы 100 бірлік сатып алу жоспарлануда. Бұл троллейбус паркін 100%-ке жаңартуға мүмкіндік береді.

Алматыда метро белсенді дамып келеді. Биылғы жылы
3 қосымша жылжымалы құрам іске қосылды. Қозғалыс интервалы 5 минут 38 секундқа дейін азайды. Нәтижесінде метродағы жолаушылар легі 100 мың адамға дейін көбейді.

Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көліктегі жолаушылар легі тәулігіне 1,5 млн. адамға дейін көбейді.

 

Мегаполистің көлік байланысын жақсарту үшін Бұқтырма - Құлжа трактісі көлік жолайрығы ашылды.

2024 жылы Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтіледі, Саин көшесі мен Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту, сондай-ақ Сейфуллин – Жансүгіров және Саин-Мөңке би жолайрықтарының құрылысы аяқталады.

Қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру үшін
2024 жылы Алматыға қаланың солтүстік, батыс және шығыс жағынан кіреберісте 3 көлікке ауысып отыру торабының құрылысы басталады.

Сонымен қатар 2024 жылы Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзындығы 9 км BRT салынып, іске қосылады, 2025 жылы Ахрименко көшесінен Абай көшесі арасында тағы 8 км салынатын болады.

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы