
Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқарады.
2023 жылдың 9 айында туристердің саны 17,4%-ке өсіп,
1,5 млн. адамнан асты, оның ішінде шетелдік туристер - 1,5 есе ұлғайды. Биылғы жылдың соңына дейін туристер санының 2 млн. адамға дейін өсуі күтіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында туристік әлеуетті іске асыру үшін Алматы агломерациясының аясында Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды.
6 туристік қызығушылық орындарын біріктіру көзделуде. Бұл Қаскелең және Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ бұлақ.