
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Ол 1,9 трлн. теңге сомасына 58 іс-шараны қамтиды, оның 1,6 трлн. теңгесі 2024-2026 жылдарға көзделген.
Ағымдағы жылдың басынан бері қала экономикасының серпінді өсуі қамтамасыз етілді. Осы жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13%-ке өсіп, жетекші орынды иеленді.
Өңдеу өнеркәсібі 17,7%-ке ұлғайып, экономиканың драйверіне айналды.
Қараша айында жылдық инфляция 10,5%-ке дейін баяулады. Еңбек нарығындағы жағдай жақсарып келеді. 79,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 80%-ті - тұрақты жұмыс орындары.
Жалпы, биылғы жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы өсімінің 6,5%-ке дейін жеделдеуі күтілуде. Бұл адам басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімді 21,2 мың АҚШ доллары деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 11 айында негізгі капиталға 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды.
Жеке инвестициялардың өсуі 30,3%-ке дейін жеделдеді.
IT-секторды, денсаулық сақтауды, өңдеу өнеркәсібін және туризмді дамытуға баса назар аудара отырып, инвестициялар құрылымы сапалы өзгеруде.