Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережесі әзірленді

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережесін қайта өңдеді.

Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына сәйкес келеді.

Ереженің жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған және 23.01.2024 жылға дейін қаралатын болады. Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға келесі сілтеме бойынша қатыса алады:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14887989 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта өңделген ережені бекіту процесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын алуды, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және Алматы қаласының қоғамдық кеңесімен келісуді жүргізуді көздейді.

Дата публикации
09 января 2024
Дата обновления
28 января 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы