Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2023 жылғы қаңтар – қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2023 жылдың қаңтар – қараша айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.

Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113% – ті құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 16,8% өсіммен 1 817,3 млрд. теңгеге дейін көбейді. Өңдеу өнеркәсібі 17,7% – ке немесе 1 570,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

Құрылыс 2,8%-ға (499,7 млрд. теңге) өсті. 2 087,4 мың шаршы метр тұрғын үй 30,9% өсіммен пайдалануға берілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% – ке өсіп, 5 463,9 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 17,6% өсіммен 13 960,4 млрд.теңгені құрады.

Көлік және қоймалау қызметтері 7,3% – ке, ақпарат және байланыс қызметтері 2,8% – ке ұлғайды.

Ағымдағы  жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша  қала экономикасына 19,9% өсіммен негізгі капиталға 1 533,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 30,3%  –  ке өсті.

2023 жылдың қарашасында Алматыда жылдық инфляция ағымдағы жылдың қазан айындағы 11,1% – тен 10,5% – ке дейін (ҚР – 10,8% - дан 10,3% - ға дейін) азық-түлік тауарларына бағаның өсу қарқынын 9,2% - ке дейін (ҚР-9,2%) және азық-түлік емес тауарларға 10,8% -ке дейін (ҚР-9,9%) төмендету есебінен баяулады.

Мемлекеттік бюджетке 34,4% өсіммен, 4 886,5 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде республикалық бюджетке – 3 571,5 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 1 315 млрд. теңге түсті.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар – қазан айларында 27,3%-ке өсіп, $20 705,3 млн. құрады. Бұл ретте экспорт  20,4% – ке ұлғайып, $ 3 762 млн. құрады. Импорт $16 943,3 млн. құрап, 28,3% – ке өсті.

2023 жылы Алматы қаласының экономикасы дамуының оң үрдістері жалғасады деп күтілуде.

Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.

Дата публикации
09 января 2024
Дата обновления
09 января 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы