Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.

Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 113,5% – ды құрады.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,1% – ға немесе 1 464,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 21% – ға немесе 1 264,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

Құрылыс 0,3%-ға өсті, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 389,7 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 1 620,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% – ға өсті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% – ға өсіп, 4 195,0 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 17,4% өсіммен 10 713,8 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 9,5%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері 3,3% – ға ұлғайды.

Қаңтар – қыркүйек айларында қала экономикасына 1,5% өсіммен негізгі капиталға 1 029,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,3%  –  ға өсті.

2023 жылғы қыркүйекте Алматыда жылдық инфляция азық – түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының өсу қарқынын 11,3% - ке дейін төмендету есебінен ағымдағы жылғы тамыздағы 13,7% - тен (ҚР-13,1% - тен 11,8% -ке дейін) 12,4% - ке дейін баяулады. Бұл ретте азық – түлік емес тауарларға бағаның өсуі 14,4% -ті (ҚР-12,1%) құрады.

Мемлекеттік бюджетке 3 913,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 38,4% – ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 2 823,9 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 1 089,9 млрд. теңге түсті.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар – тамыз айларында 33,4%-ға өсіп, $16 586,5 млн. құрады. Бұл ретте экспорт  24,5% – ға ұлғайып, $3 024,2 млн. құрады. Импорт $13 562,3 млн. құрап, 35,5% – ға өсті.

2023 жылы Алматы қаласының экономикасы дамуының оң үрдістері жалғасады деп күтілуде.

Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.

Дата публикации
08 января 2024
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы