
2023 жылдың қаңтар – тамыз айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2% – ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,7% – ға немесе 1 303,8 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 20,2% – ға немесе 1 117,6 млрд. теңгеге дейін өсті.
Құрылыс 3,8%-ға өсті, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 322,3 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар – тамыз айларында 1 486,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5% – ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% – ға өсіп, 3 525,8 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 20,3% өсіммен 9 455,6 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 16,5%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері 3,3% – ға ұлғайды.
Қаңтар – тамыз айларында қала экономикасына 0,1% өсіммен негізгі капиталға 876,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,8% – ға өсті.
Инфляция жыл басынан 7,1%–ды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 5,8% – ды, азық – түлік емес тауарлар бойынша-7% – ды құрады, ақылы қызметтер бойынша 8,5% – ға өсті.
Мемлекеттік бюджетке 3 567,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 39,8% – ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 2 573,1 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 994,7 млрд. теңге түсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар – шілде айларында 34,6%-ға өсіп, $14 369,4 млн. құрады. Бұл ретте экспорт 23,8% – ға ұлғайып, $2 605,2 млн. құрады. Импорт $11 764,2 млн. құрап, 37,2% – ға өсті.
Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.