
2023 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 120,4%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға немесе 979,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 22,2%-ға өскенін көрсетті.
Құрылыс 11,8%-ға ұлғайды, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 219,9 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 1 225,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% - ға өсіп, 2 431,7 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 27,4% өсіммен 6 970,1 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 14,7%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері-3,8% - ға ұлғайды.
Қаңтар-маусым айларында қала экономикасына 0,7% өсіммен негізгі капиталға 604,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8% - ға өсті.
Инфляция жыл басынан 5,1%–ды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 5,6%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-5,9% -ды құрады, ақылы қызметтер бойынша – 3,9%-ға өсті.
Мемлекеттік бюджетке 2 654,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 40,8%-ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 913 млрд. теңге (47,3% өсті), жергілікті бюджетке – 741,7 млрд. теңге (26,5% өсті) түсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында 52,7%-ға өсіп, $9 943,9 млн. құрады. Бұл ретте экспорт 30,7%-ға ұлғайып, $1 770,2 млн. құрады. Импорт $8 173,7 млн. құрап, 58,3%-ға өсті.
Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.