
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 122,4%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға немесе 657,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 23%-ға өскенін көрсетті.
Құрылыс 0,8%-ға ұлғайды, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 105,7 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 835,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% - ға өсіп, 1 489,5 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 31,2% өсіммен 4 690 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 18,3%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері-5,2% - ға ұлғайды.
Қаңтар-сәуір айларында қала экономикасына 0,4% өсіммен негізгі капиталға 363,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар, жеке инвестициялар 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2% - ға өсті.
Инфляция жыл басынан 4,0%–ды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 5,1%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-4,1% -ды құрады, ақылы қызметтер бойынша – 2,9%-ға өсті.
Мемлекеттік бюджетке 1 752,6 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 33,9%-ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 213,5 млрд. теңге (39% өсті), жергілікті бюджетке – 539,0 млрд. теңге (2367% өсті) түсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68,9%-ға өсіп, $5 933,0 млн. құрады. Бұл ретте экспорт 40,2%- ға ұлғайып, $1 057,1 млн. құрады. Импорт $4 875,9 млн. құрап, 76,7%-ға өсті.
Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.