
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары өсу қарқыны байқалады.
Экономиканың негізгі алты саласының (өнеркәсіп, сауда, көлік және логистика, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, құрылыс, ауыл шаруашылығы) серпінін сипаттайтын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 123,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға немесе 493,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 24,5%-ға өскенін көрсетті.
Құрылыс 4,9%-ға ұлғайды, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 85,4 млрд. теңгені құрады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 645,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге өсті.
Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% - ға өсіп, 1 109,8 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 30% өсіммен 3 413,4 млрд.теңгені құрады. Көлік және қоймалау қызметтері – 21,8%-ға, ақпарат және байланыс қызметтері-6,7% - ға ұлғайды.
Қаңтар-наурыз айларында қала экономикасына негізгі капиталға 246,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Инфляция жыл басынан 3,0%–ды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларының бағасы 3,9%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша-2,5% -ды құрады, ақылы қызметтер бойынша – 2,4%-ға өсті.
Мемлекеттік бюджетке 1 241,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсіп, 32,1%-ға өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 941,8 млрд. теңге (39,3% өсті), жергілікті бюджетке – 299,3 млрд. теңге (33,5% өсті) түсті.
Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерін қоспағанда) 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 78,8%-ға өсіп, 3 861,6 млн$. құрады. Бұл ретте экспорт 67,9%- ға ұлғайып, 786,6млн $ құрады. Импорт 3 075$млн. құрап, 81,9%-ға өсті.
Жалпы, Алматы қаласы экономикасының дамуының оң үрдісі 2023 жылы да жалғасады деп күтілуде.