
Алматы қаласы әкімінің аппараты «Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы Алматы қаласының Әкімдіктің заң бөлімімен келісілді.
Осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.
Барлық мүдделі азаматтар келесі сілтеме арқылы жобаны талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14846085