Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бірлескен Сәулет және қала Құрылысы форумында сөйлеген сөзі

Құрметті форум қатысушылары,

ханымдар мен мырзалар!

 

Сіздерді алғаш рет біріктірілген сәулет және қала құрылысы форумдарының ашылуымен құттықтаймын. Бүгін бір мезетте «Қазақстан-2023» 18-ші қала құрылысы форумы және Қазақстан Сәулетшілер одағының форумы өтіп жатыр. Бұл залда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сәулетшілер мен қала құрылысшылары кәсіби қоғамдастығының өкілдері, шетелдік әріптестер мен сарапшылар жиналды.

Осы ерекше форумды өткізу үшін Алматының таңдалғанына қуаныштымын және барлық қызықты идея мен ұсынысты енгізу мен қолданудың сүйікті қаламыздың табысты дамуында маңызды болатынына сенімдімін.

Қала сәулетін дамытуға арналған бүгінгі форумның көтерген мәселесі өте өзекті және Алматы оларды практикалық тұрғыда іске асыру үшін үздік тәжірибені қарастыруға дайын екенін атап өткім келеді.

Маған көрсеткен шолу көрмесі 1-2 қабатта. Көптеген қызықты идея бар. Мен кейбір компанияларды келесі аптада кездесуге және келіссөздер жүргізуге шақырдым. Сіздің талқылауларыңыздың қорытындысы бойынша біз қосымша ұсыныстар ғана емес, сонымен қатар Алматыда нені өзгерту керектігі туралы практикалық кеңестер аламыз деп ойлаймын.

Біздің соңғы кездесуімізден бастап Алматы қарыштап дамып келеді. Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматы халқымен кездесуінде «мегаполистің барлық ауданын біркелкі дамыту мәселесіне ерекше назар аудару қажет» деп атап өтті.

Тапсырмаларды орындау барысында өткен жылдың соңында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» қабылданды. Бағдарлама жеті негізгі қағидатқа негізделген: жайлы қалалық орта, тұрақты экономикалық өсу, басқарылатын урбанизация, әлеуметтік тұрақтылық пен орнықтылық, жасыл Алматы, Smart City және қауіпсіз қала. Оның негізінде 2040 жылға дейінгі Бас жоспар әзірленіп, жұртшылықтың кең талқылауынан өткеннен кейін биыл мамыр айында Үкімет бекітті.

Жаңа Бас жоспар мегаполис дамуының моноцентрлік моделінен полицентрлікке көшу принципіне негізделген. Бес жаңа полицентр тұрғындардың өмір сүру сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, Алматының біркелкі және тепе-тең  дамуына жаңа серпін береді.

Бұл жерде Алматыны ғана емес, сонымен бірге 3,5 млн адам тұратын бүкіл Алматы агломерациясын дамыту маңызды екенін атап өту керек. Болжам бойынша 2030 жылға қарай халық саны 4,5 млн. адамға жетеді. «Агломерацияларды дамыту туралы» жаңа заңның қабылдануын ескере отырып, биылғы жылдың басынан Алматы агломерациясының мәртебесі мен оның орталығы Алматы қаласы болып заңды түрде бекітілді. Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласының және облысының мәслихаттары бекіткен Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді, жыл соңына дейін қабылданады.  Бұл кешенді жоспар Алматыда және Алматы облысына іргелес аудандарда тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының дамуын үйлестіріп, теңестіруге мүмкіндік береді. 

Біз қаламыздың жайлылығы, өмір сүру сапасы бойынша әлемдік стандарттарға және әрине, өзінің сәулеттік келбеті бойынша үздік үрдістерге сәйкес келуі үшін алдымызға батыл міндеттер қойдық. Алматының әрқашан өзіндік қайталанбас келбеті болған және солай болып қала береді. Алайда соңғы жиырма жылда шамадан тыс урбанизация ретсіз құрылыстар, бір типтілік, сейсмикалық қауіпсіздіктің ескерілмеуі және т.б. күрделі проблемаларға әкелді. Осының салдарынан қаламыз өзінің шынайы келбетін жоғалта бастады.

Былтыр тамыз айында жұмысын қайта бастаған Алматы қаласының Қала құрылысы кеңесі өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен және мегаполисті архитектуралық тұрғыда жаңғыртуды қолға алған сұранысқа ие әрі маңызды институтқа айналды. Үздік сарапшылардың қарауға берілген барлық жобаның 55%-ы толықтыруға қайтарылды немесе қабылданбады.

Алматы – тарихы терең әрі ерекше келбеті бар бірегей қала.  Сіз бен біздің басты міндетіміз – жайлы, инклюзивті және сапалы қалалық ортаны құру және мәдени, сәулеттік мұраны сақтау арасындағы тепе-теңдікті табу. Ол үшін бүгінде Алматы қаласының жаңа Дизайн-коды белсенді түрде әзірленіп, талқыланып жатыр, ол осы жылдың соңына дейін қабылданады және қаланың үйлесімді келбетіне қол жеткізу және қала ландшафтына эстетика беру жолындағы тиімді құрал болады.

Қазір мегаполистерді дамытуда сәулет өнеріндегі әлемдік үрдістерді ескере отырып әзірленген дизайн мен жобалаудың жаңа технологияларын енгізу озық тренд болып отыр. Қаламыздағы жаңа нысандарды жобалау кезінде әлі де 2000-шы жылдардың басындағы ескірген тәсілдердің қолданылатынын көреміз. Сапалы технологиялар трансферті және инновацияларды енгізу бізге жай ғана құрылыс салу емес, оны сапалы жүргізуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда жаңа қалалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде Building Information Modelling (BIM) үш өлшемді кеңістікте құрылыс нысандарын модельдеу және Geographical Information System (GIS) геодезиялық, геологиялық және картографиялық деректерді ескере отырып, геоақпараттық модельдеу жүйесі және басқа да озық технологиялар белсенді түрде енгізіліп отыр.

Мен сүйікті қаламыз өзгеріске дайын екенін көріп отырмын. Жаңа ерекше және ең озық идеяларға сәйкес келетін жобалар, дамыған дизайн мен жобалау компаниялары, сәулет бюролары, жаңа тенденцияларға ашық талантты жастар бар. Әкімдік өз тарапынан сәулетшілердің кәсіби қауымдастығының дамуына, әсіресе жас әрі талантты мамандарға көмек көрсететінін айтқым келеді. Келесі жылы біз жас сәулетшілер мен дизайнерлерге арнайы грант бөліп, олардың қалалық жобаларға тапсырыс алуына көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетуді көздеп отырмыз.

Мен қалыптасқан жобалар мен институттар туралы айтып тұрған жоқпын. Біз ісін енді бастаған адамдарға назар аударғымыз келеді. Меніңше, бұл біздің тарапымыздан жақсы қолдау болады. Орта есеппен әрбір грантқа 5 млн теңгеге дейінгі сома бөлінеді. Жобалардың санын сіз бен бірігіп анықтаймыз, қала қаншасын ұсынуға дайын, сонша аламыз. Жобалар шағын және орта сынды әртүрлі деңгейде болады. Мен біздің жаңа талантты жастарды инфрақұрылымдық емес, атап айтқанда Алматының сәулеттік келбетін дамыту тұрғысынан үлкен жобаларды іске асыруға шақырғым келеді.

 

Құрметті достар!

Форум алаңында табысты нәтижелі жұмыс, ой-пікірлермен және идеялармен бөлісіп, өзара пікір алмасуды және әрине, денсаулық тілеймін! Сәттілік серік болсын!

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2023
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы