
Қайырлы таң, құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Бүгін сіздерді биылғы үшінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Ауданның экономикасы ілгерілеп дамуда. Осы жылдың 8 айында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13,8%-ке (38,3 мыңнан
43,6 мың бірлікке дейін) өсті, 5 мыңға жуық (4 826) жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды, салық түсімдері 50%-ке дейін (49%) ұлғайып, 964,3 млрд. теңгені құрады.
Енді сіздердің аудандарыңызды дамыту бойынша осы жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыс туралы сіздерге баяндауға рұқсат етіңіздер.
БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау.
1.1. Каменское плато, Көлсай, Мұзтау, сондай-ақ Юбилейный шағын аудандарының тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін менің тапсырмаммен төтенше жағдай желісі бойынша 2 жаңа су көзі (4 скважина) және су жинақтағыштар («Балқаш» таза су резервуарында 2 резервуар (6 мың м3); «№47 мектеп» жаңа насос станциясында 2 резервуар (600 м3); «Каменское плато» таза су резервуарында резервуар (300 м3) салынып жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
1.2. Биылғы жылдың сәуір айында жалпы ұзындығы 46 км су құбыры және канализация желілерінің (сумен қамту – 9,6 км және канализация – 36,2 км) құрылысы басталды. «Көлсай» (2,8), «Кеңсай» (14,4) шағын аудандарындағы және Халиуллин көшесіндегі (3,8) жұмыстарды аяқтау осы жылдың қараша айына жоспарланған.
«Компот» шағын ауданында (25) жұмыстарды шілде айында бастадық, Нұрмағамбетов, Р. Бағланова, Орманов көшелеріндегі және Т. Бегельдинов көшесінің бір бөлігіндегі жұмыстар (жол жабынын ірі түйіршікті асфальтпен төсеу) биыл аяқталады. Қалған көшелер бойынша (Диваев, Радлов, Сахариев, Максимов, Басбатыр, Домбыра, Хмелев, Маңғыстау және Қамар Сұлу көшелері) жұмыстар 2024 жылдың шілдесінде аяқталады (барлық енімен жол жабынын толық қалпына келтіру).
1.3. «Думан» шағын ауданында жалпы ұзындығы
14 км сумен қамту және канализация желілерін салу (сумен қамту - 5,5 км және канализация - 8,5 км) және «Сұлусай» шағын ауданында 2 скважина, жалпы ұзындығы 16,9 км сумен қамту және канализация желілерін салу (сумен қамту - 5,6 және канализация - 11,3 км) 2 жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. «Думан» шағын ауданында құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қазан айында басталады (мердігер «Агидель-Ас» ЖШС). «Сұлусай» шағын ауданында скважиналар құрылысы осы жылдың қараша айында (конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін) және желілердің құрылысы 2024 жылы басталады.
1.4. «Алатау» шағын ауданында және Малая станица ауданында (32 көше) сумен қамту және канализация желілерін салу бойынша сараптама қорытындысы осы жылдың желтоқсан айында шығады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Горная, Шыбынсай көшелерінің, Мұзтау, Кеңсай (1,2,3,4) шағын аудандарының және бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 33,8 км иесіз электр желілерін реконструкциялау және 11 трансформаторлық подстанцияны салу жұмыстары аяқталды.
«Асқартау» шағын ауданында электр желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың қазан айы.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.
Аудан әкімдігі 2023 жылы көлемі 50 мың м2 жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізуде. Бүгінгі таңда көлемі
48 мың м2 болатын 57 көше жөнделді. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтаймыз.
Бұдан басқа, ұзындығы 24,5 км болатын
29 көшеде тротуарларды жайластыру жұмыстары жүріп жатыр. Ұзындығы 12 км 11 көшеде жұмыстар орындалды. Жұмыстарды 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқтаймыз.
Сонымен қатар, осы жылдың қазан айының соңына дейін аудандағы 13 көшенің бойындағы (Гоголь, Қалдаяқов, Қабанбай батыр, Қонаев, Жангелдин, Коперник, Қоңыр, Жамақаев, Сәтбаев, Алдар көсе, Абдуллиндер, Шевченко, Пушкин) іргелес аумақтар абаттандырылып (қара топырақ төсеу және газон егу),
6 км техникалық тротуар салынады.
Бүгінгі таңда 9 маршрут бойынша 156 автобус жаңартылды (№8, 13, 37, 38, 69, 117, 119, 207, 225).
Осы жылдың соңына дейін тағы 10 маршрутта
249 автобус жаңартылады (№79, 63, 50, 45, 32, 12, 92, 118, 120, 121).
ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту
Біздің басымдықтарымыздың бірі Медеу ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
Сондай-ақ 7 жобаны, яғни қосымша құрылыстар салуға 4 жобалау-сметалық құжаттама және сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеуге 3 жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Тамыз айында №35 (300) және №99 (250) мектептердің қосымша құрылыстары бойынша 2 жобалау-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 2-ші тоқсанында басталады.
Желтоқсан айында №131 (300) және №168 (300) мектептердің бастауыш сыныптарға арналған қосымша құрылыстары бойынша 2 жобалау-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысын аламыз.
№33, 161 және 17 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. №33 мектеп бойынша сараптама алынды (21.08.2023ж.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары
2024 жылдың 1-ші тоқсанында басталады. №161 және №17 мектептер бойынша мемлекеттік сараптаманы қаңтарда алуды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың 2-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ Бөгенбай батыр көшесі, 42 мекенжайы бойынша №29 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу процедуралары жүргізілуде (сатып алуды аяқтау мерзімі шамамен осы жылдың соңына дейін).
Анықтама үшін: 23.06.2023 жылы жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы №2/220-374 қаулы қабылданды, алып қоюға жататын 4 жер учаскесі бар (6 меншік иесі, жалпы ауданы - 0,4468 га, болжамды құны - 670 млн. тг.). Бүгінгі күні жер учаскесін бағалау процедуралары жүргізілуде.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектеп салынады. Сондай-ақ жеке инвесторлардың қаражаты есебінен («MG City» ЖШС, «Saba Group» ЖШС) «Думан» шағын ауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесі, 140 (300 орын) мекенжайында 1500 орындық 2 мектеп салу жоспарланған. 3 жобаны іске асыру мерзімі – 2024 жыл.
Сонымен қатар обсерваторияда жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа лифт пен телескоп орнатылады. Жұмыстың аяқталуы 2023 жылдың желтоқсаны.
Анықтама үшін: 2022 жылы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарық ауыстырылды (182 бірлік), жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар (65 дана), бұталар (1721 дана) отырғызылды, газон (23,5 мың м2) және гүлдер (480 дана) егілді, 6 мың м2 (6091 м2) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, орындықтар (75 бірлік), урналар
(64 бірлік) және суару жүйесі орнатылды, сонымен қатар жаңа фонтан салынды.
№196 балабақшаны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қазан айының соңына дейін аламыз.
4.1. «Думан» шағын ауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салу, «Алатау» шағын ауданында сейсмикалық күшейте отырып, «Алатау» қалалық ауруханасының ғимаратын реконструкциялау,
№2 қалалық мамандандырылған балалар үйін (Байжанов көшесі, 107/5) күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының («Самал-3» шағын ауданы) ғимаратының құрылысы жоспарланған. №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуді қаңтар айында бастау жоспарлануда. Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын
2024 жылдың 2 тоқсанында бастаймыз.
4.2. Сондай-ақ №10 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде (Айдын көшесі, 9).
Анықтама үшін: 2023 жылғы 23 ақпанда №1/1-104 жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы қабылданды, 3 жер учаскесі алып қоюға жатады (меншік иесі-5, жалпы ауданы – 0,1441 га, болжамды құны – 173 млн. тг.). Бүгінгі күні жер учаскесін бағалау рәсімдері жүргізілуде.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта
Жайлы қалалық ортаны құру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
Сіздердің өтініштеріңіз бойынша «Алатау» шағын ауданында Ибрагимов көшесі бойынша скейт-парктің құрылысы басталды (2023 жылғы 25 тамыз). Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтаймыз.
Сонымен қатар, Тереңқұрды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.