
Қайырлы таң, құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Өздеріңізді дәстүрге айналған кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Түрксіб ауданының қала экономикасындағы орны ерекше. Ол қаланың өңдеу өнеркәсібі дамыған Алматының әуе және теміржол қақпасы болып табылады.
9 қыркүйекте мен Сіздердің аудандарыңызды аралап шықтым. Сол кезде ескі тұрғын үйлерді жаңарту, Сейфуллин даңғылы мен Үлкен Алматы каналының қиылысындағы көпірді реконструкциялау, Молдағалиев және Чехов көшелеріндегі жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу барысымен таныстым. Сондай-ақ, №6 Оқушылар үйін реконструкциялау жөнінде тапсырма бердім.
Енді Түрксіб ауданын дамыту бойынша біз қабылдаған шаралар туралы Сіздермен бөлісуге рұқсат етіңіздер.
БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау біздің жұмысымыздағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.
Бұған дейін айтқанымдай, «Тұздыбастау» подстанциясының құрылысы аяқталды. Бүгінде жеке учаскелердің меншік иелерімен сервитут шарттары жасалуда, олар арқылы жеткізуші желілер салынатын болады. Жұмыстар биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.
ЕКІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жалғасуда.
Аудан бойынша 30 мың шаршы метр жол төсеміне (Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Майлин көшесі, Бекмаханов көшесі және т.б.) ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қалған 10 мың шаршы метрі қазан айының соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, қазан айының соңына дейін ауданның
5 магистральды көшесінің бойында (Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдары, Майлин, Шолохов, Ақан Сері көшелері) 23 км техникалық тротуар салынады. Олар көшелерге эстетикалық сән беріп, жинау кезінде жасыл желектерді химиялық реагенттерден сақтайды.
Оқу жылының басынан бастап қалада өз мектептерінен шалғай аудандарда тұратын балаларға арналған «Мектеп автобусы» жобасының бірінші кезеңі басталды. Түрксіб ауданы бойынша бүгінде ауданның
4 мектебінен (№№20, 32, 162, 115) балаларды тасымалдайтын 7 «schoolbus» автобусы қатынайды. Келесі жылы осы жобаны кеңейту жоспарлануда.
ҮШІНШІ. Аудандағы қарқынды құрылыс пен халық санының өсуін ескере отырып, ауданды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жалғасуда.
№59 мектеп-гимназия ғимаратын реконструкциялау, сейсмикалық күшейту (860 орын) және 300 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстардың аяқталуы – 2024 жылдың 1-ші тоқсаны.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 4-ші тоқсанда 6100 орындық 4 жаңа мектептің құрылысы басталады.
№ 195 мектепке 450 орындық қосымша құрылыс басталады. Бұдан басқа №198 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс салу (мемлекеттік сараптама – осы жылғы қазан), №83 гимназия филиалын реконструкциялау (мемлекеттік сараптама – 2023 жылғы желтоқсан) және №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту (мемлекеттік сараптама – 2024 жылғы қаңтар) жұмыстары жобалануда.
Оқушыларды кәсіптік біліммен қамтуды кеңейту үшін 2024 жылдың 1-ші тоқсанында қолданыстағы ғимараттарды бұзып, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады (Мемлекеттік сараптама – сәуір, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы – 2024 жылғы маусым).
Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.
«Әлмерек» шағын ауданында 320 орындық балабақша салу үшін жер учаскесін алып қою қорытындысы бойынша 4-ші тоқсанда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады.
Анықтама үшін: меншік иесінің келіспеуіне, бағалау мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ сот процестерін болдырмау үшін келесі апта ішінде жер учаскесін қайта бағалау жүргізіледі. Меншік иесі келіскен жағдайда, жер учаскесін алып қою 30.10.2023 жылға дейін аяқталады.
Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтарда «Қайрат» шағын ауданында 340 келушіге арналған емхананың жобалау-сметалық құжаттамасы дайын болады (мемлекеттік сараптама – 2024 жылғы сәуір). 2024 жылғы мамырда «РВ-90» шағын ауданында 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның мемлекеттік сараптамадан шығуын күтеміз.
IV-ші тоқсанда Әлмерек шағын ауданында 200 адам келетін отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияланады.
Майлин көшесі 42А («Авиатор») мекенжайында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың ақпан айы. Мемлекеттік сараптаманың шығу мерзімі – 2024 жылдың сәуір айы. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы –
2024 жылдың маусымы.
Сонымен қатар, 2024 жылдың II-ші тоқсанының басынан бастап №6 Оқушылар үйін реконструкциялау туралы шешім қабылдадым.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық ортаны құру –жұмысымыздың басты бағыттарының бірі.
Осы жылы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды. Сонымен қоса 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр (2 учаскеде: Кассин - Сефуллин «Казахстрой» ЖШС және Молдағалиев-Сауранбаев «Айсұлтан» ЖШС). Құрылыстың аяқталуы – 2023 жылдың желтоқсан айы.
«Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы («Elite construction» ЖШС) 6 үй (43 пәтер) сатып алды. Қазіргі уақытта оларды бұзу және 3 тоғыз қабатты үйдің (200-ден астам пәтер) құрылысын бастау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, бұл шағын ауданда
54 үйді жаңарту жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл қазан айының соңына дейін әуежай алаңын жөндеу жұмыстары аяқталып, фонтан, суару жүйесі орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылады.
Сондай-ақ, Экология және қоршаған орта басқармасы осы жылдың соңына дейін скандинавиялық жаяу жүріске арналған эко жолдары бар Баум тоғайын абаттандыру, шағын архитектуралық формаларды орнату бойынша; рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыру, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңарта отырып, Үлкен Алматы каналын абаттандыру бойынша; сондай-ақ «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын абаттандыру бойынша (Майлин көшесінен қала шекарасына дейін) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін болады. Жобаларды іске асыру 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады.
Биылғы жылы бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына бөлінген қаражат сомасы
52 жобаны іске асыруға 1,7 млрд. теңгеге (875 млн. теңгеге ұлғайтылды) дейін ұлғайтылды.
Бүгінгі таңда 55 объект (аулаларды жарықтандыру бойынша
33 жоба; балалар алаңдарын салу бойынша 15 жоба; жерасты қоқыс контейнерлерін орнату бойынша 4 жоба; жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша 3 жоба) аяқталды. Осы жылдың қараша айының соңына дейін тағы 27 жоба (балалар алаңдарын салу бойынша 15 жоба; 5 - жерасты қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; 5 - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша; 2 – жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыру бойынша) аяқталады.
Сонымен қатар, Экология басқармасы 57 учаскеде 41 км арық желісін салу жұмыстарын жалғастыруда. Оның ішінде бүгінгі күні 16 учаскеде 6,9 км-ден астам арық желісі салынды. Ал биылғы жылдың соңына дейін 6 учаскеде тағы 2 км желі салынады. Жалпы ұзындығы 32,1 км қалған учаскелер бойынша жұмыстар жалғасып, 2024 жылы аяқталады.
Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет! Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік!