
Қайырлы таң, құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Өздеріңізді биылғы біздің үшінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Алматы қаласының әкімдігі халық тығыз қоныстанған сіздердің аудандарыңызға ерекше көңіл бөледі. Өткен сенбіде мен сіздердің аудандарыңызды аралап шықтым. Сол кезде маған тиісті ұйымдар берген тапсырмаларымның орындалу барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Мамыр-1» шағын ауданында жаңадан ашылған №18 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмысымен, жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым және өткен жылы Ақсай-2 шағын ауданында салынған сквердің жай-күйін тексердім.
Енді Әуезов ауданын дамыту бойынша қала әкімдігі қабылдаған шаралар туралы сіздермен бөлісуге рұқсат етіңіздер.
БІРІНШІ. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау.
Сапалы сумен қамту және су бұрумен қамтамасыз ету әкімдік жұмысының басым бағыты болып қала береді.
Анықтама үшін: Жалпы ұзындығы 83,7 км (сумен қамту – 27,5 км, су бұру – 56,2 км).
1.1. «Достық» шағын ауданында канализация құрылысы алдымен қыркүйек айының соңында Рабат көшесінде басталып (ұзындығы – 590 м.), биылғы қазан айының соңына дейін аяқталады. Шағын ауданның қалған көшелерінде жұмыстар 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталып, IV-ші тоқсанында аяқталады (2023 жылы құрылысқа 200 млн. теңге қарастырылған. Жобаның жалпы құны -
1 067,8 млн. тг).
1.2. Бұрынғы «Восход», «Садовод», «Ветеран» бау-бақша қоғамдарының 8 көшесінде су құбыры мен канализация желілерін ауыстыру жұмыстары да осы қыркүйек айының соңында басталады. Жазылбек, Виноградная, Малиновая көшелерінде (ұзындығы – 1016 м.) жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Қалған 5 көшедегі жұмыстар келесі жылдың II-ші тоқсанында жүргізіледі (2023 жылы 489,4 млн. теңге қарастырылған, шарттарға сәйкес жобаның құны 506,4 млн. теңге).
1.3. «Мамыр-4» шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру желілерін реконструкциялау үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы –
2024 жылдың II-ші тоқсаны, аяқталуы - IV тоқсан.
1.4. Алмас, Атамекен және Қуаныш шағын аудандары бойынша инженерлік желілерді модернизациялаудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда (сумен қамту – 20 км, канализация – 22 км). 2024 жылдың II-ші тоқсанында жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз.
Бүгінде Сайын және Ұлықбек көшелерінің бойындағы учаскелерде жалпы ұзындығы 1,6 км су құбыры желілерін реконструкциялау жүріп жатыр. Қазіргі таңда ұзындығы 1 км учаскедегі жұмыстар аяқталды. Қалған 600 м, оның ішінде Жетісу-2 шағын ауданы осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.
Биыл орташа жөндеу аясында ұзындығы 11,4 км болатын 12 көшеде жұмыстар жоспарланған. Қазір ұзындығы 6,9 км болатын 8 көшені жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 4 көше биыл қазан айында аяқталады.
Аудан әкімдігі 2023 жылға жалпы ауданы 23 мың м2 жолдарды ағымдағы жөндеуді жоспарлаған. Бүгінгі таңда 9 мың м2 жөнделді. Жоспар толығымен осы жылдың қазан айында орындалады.
Бұдан басқа, тротуар құрылысы жоспарланған
6 учаскенің (ұзындығы – 2,5 км.) «Сити Плюс» тұрғын үй кешенінің маңындағы 1 учаскесі аяқталды. Қалған
5 учаскені осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтаймыз.
Сондай-ақ Төле би және Фуркат көшелерінің қиылысында реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – қазан айының соңына, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылға белгіленіп отыр.
Сонымен қатар 5 жер үсті өткелін күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сараптамадан кейін қазан айында аяқтау жоспарлануда (жобалау-сметалық құжаттама және сараптама үшін 17,3 млн. теңге бөлінді.). Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады.
Әуезов ауданы тұрғындарының көптеген өтінішрі бойынша №55 маршрут «Сарыарқа» метро станциясына дейін (Барлық базарынан), №142 «Б. Момышұлы» станциясына дейін (ТЭЦ-2-ден), №53 Абай - Б. Момышұлына дейін (Теректі шағын ауданы) ұзартылды, сондай-ақ №78, 110, 226 маршруттар «Б. Момышұлы» станциясына дейін және №132 «Сайран» станциясына дейін ұзартылды.
ҮШІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
1.1. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бұзылған №97 мектептің орнында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды (мердігер – «Dial-Строй» ЖШС). Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
1.2. №72 мектепті бұзып, қуаты 1200 орынға жететін (қуаты 380-ден 1200 орынға дейін ұлғайту) жаңа ғимарат салу үшін осы жылдың соңына дейін 5 жер учаскесін сатып алу, 10 учаскені қосу арқылы мектептің қазіргі аумағын кеңейту жоспарлануда (Проблемалық кредиттер қоры 10 учаскені Мемлекеттік активтер басқармасына берді, 5 учаскені сатып алу аяқталғаннан кейін Жер қатынастары басқармасының желісі бойынша учаскелер 1 мемлекеттік актіге біріктіріледі). Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталады.
1.3. Сондай-ақ 2024 жылдың I-ші тоқсанында «Everest Development» компаниясы №104 мектепке
(2-шағын аудан, 59-үй) 400 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды бастайды.
1.4. 2 мектепті бұзып (№13 мектеп-гимназия, 860 орын; №158 мектеп, 620 орын), олардың орнында әрқайсысы 1 200 оқушы орнын құрайтын 2 жаңа мектеп салу (барлығы 2400 орын) мәселесі пысықталуда. Биылғы жылдың соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісуді жоспарлап отырмыз.
1.5. Талдау қорытындысы бойынша 2 мектеп анықталды, оларға 700 оқушы орындық қосымша құрылыс салуды жоспарлап отырмыз.
№ 1 мектеп бойынша 400 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы
2024 жылдың I-ші тоқсанында басталып, қазан айында аяқталады.
№42 мектеп бойынша 300 орындық қосымша құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы шілде айында басталды. Мемлекеттік сараптамадан кейін
2024 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.
1.6. Бұдан басқа «Таугүл-3» шағын ауданында
350 орындық «Zerdesh» жеке меншік мектебін ашу үшін ғимаратты реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды қараша айында аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ №141 және №127 мектептерді сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды.
2.1. «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде (биылғы бюджетте 400 млн. теңге көзделген.; мердігер – «SHEBERBUILD»).
2024 жылдың шілдесінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.
2.2. Биыл шілде айында 10-шы шағын ауданда
160 орындық жаңа балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды (биыл 30 млн. теңге бөлінді, мердігер – «Капремпроект» ЖШС). Мемлекеттік сараптамадан кейін 2024 жылдың мамырында аяқталады.
2.3. Сонымен қатар Таугүл шағын ауданындағы апатты деп танылған балабақша ғимаратының орнына 120 орындық жаңа балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Қараша айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланады (жобалау-сметалық құжаттаманың басталуы – 2024 жылғы қаңтар, аяқталуы – 2024 жылғы қыркүйек).
2.4. 2-ші шағын ауданда бұрынғы 120 орындық балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жобалануда (қазір «Ақниет» жеке мектебі жұмыс істейді, жобалаушы – «Стройтекс» ЖШС). Мемлекеттік сараптамадан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі – 2024 жылдың
I-ші тоқсаны. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың
III-ші тоқсанында басталады.
Биылғы жылдың қазан айында «Қуаныш» шағын ауданында ауысымында 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу аяқталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2024 жылға жоспарланған.
Анықтама үшін: 2023 жылғы 24 тамызда жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы сомасы көрсетілген сатып алу-сату шартының жобасымен танысу үшін хабарлама жіберілді (428 млн. тг.). 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алуға келісім беруі немесе онымен келіспеуі қажет. Келіскен жағдайда жер учаскесін сатып алу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының таяудағы отырысына енгізілетін болады. Жер учаскесін сатып алуға келіспеген жағдайда Жер қатынастары басқармасы жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз жіберетін болады. Қарау мерзімі 3-6 ай.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта.
Сонымен қатар, 58 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды (1,2, Аксай-1,2,3Б,4 шағын ауданы, мердігер – «GSA» ЖШС). Толық аяқталуы биылғы жылдың қазан айының соңына жоспарлануда.
Анықтама үшін: 11 жобаның ішінде тұрғындарға арналған спорт алаңдарын, аға буынға арналған тренажер снарядтарын салу, Жетісу-1 және 3 шағын аудандарында көгалдандыру мен орындықтар орнатуды көздейтін жоба бар.
16 жобаны іске асыру аяқталды.
Анықтама үшін: 10 жоба – қоғамдық кеңістіктерді жайластыру (1, 5, Таугүл шағын аудандары, Үлкен Алматы өзенінің жағалау аймағы), 6 – бос учаскелерді абаттандыру (9, 12, Ақсай-3Б, Ақсай-5, Мамыр шағын аудандары).
2 кезеңді іске асыруға 875 млн. теңге бөлінді, 18 жоба іріктелді (10 - қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, 8 - бос учаскелерді абаттандыру). Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет!
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.