
Қайырлы таң құрметті
Жетісу ауданының тұрғындары!
Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Осы жылдың мамыр айында өткен кездесуімізден бастап жүргізіп жатқан жұмысымыздың негізгі бағыттары Саяхат, Мехкомбинат және 1-ЖЭО ауданындағы, сондай-ақ Рысқұлов пен Сейфуллин даңғылдарындағы сумен қамту және су бұру жұмыстарын аяқтау, Кемел шағын ауданында электр желілерін салу, Айнабұлақ шағын ауданындағы жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру және т.б. болды.
Бүгін мен Алматы қаласы әкімдігінің өткен кезеңде атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндап өтейін.
БІРІНШІ. Инженерлік желілерді модернизациялау.
Біздің жұмысымыздың басым бағыты сіздердің аудандарыңыздағы инженерлік желілерді модернизациялау болып табылады.
1.1. Бүгінгі таңда «Алвис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Саяхат, Мехкомбинат және 1-ЖЭО ауданында (Қазыбаев көшесі – Рысқұлов даңғылы – Тәтібеков көшесі – Райымбек даңғылы) ұзындығы 57,5 км желілерді салу және жол жабынын төсеу жұмыстарын аяқтады. Барлық құжатты ресімдеуді ескере отырып, желілерді пайдалануға беру осы жылдың қазан айына жоспарланған.
1.2. Мердігер «Электроремонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауданның орталық және батыс бөлігін қамтитын (Сейфуллин – Солтүстік айналым – Рысқұлов – Боралдай көшелерінің квадратындағы) сумен қамту және су бұру желілерін салу жобасын сапасыз іске асыруы аудан тұрғындарының көптеген және әділ наразылықтарын тудырды. Бұл мердігер өткен жылы әкімдіктің талап-арызы бойынша қызметтердің жосықсыз өнім берушісі болып танылған. Әкімдік қабылдаған шаралардың нәтижесінде 36 км-ден
31 км желідегі жұмыстар аяқталды, жол жабыны қалпына келтірілді. Қалған 8 км бойынша жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталып, жол жабыны қалпына келтіріледі.
Осы жылдың маусым айында мердігерлермен: бірінші жоба бойынша Кемел шағын ауданында жалпы ұзындығы 69 км (сумен қамту - 60,2 км, канализация - 8,7 км) жобаны іске асыру үшін «АлматыИнжСтрой» компаниясымен (жобалаушы «Бірлік» ЖШС), екінші жоба бойынша сіздердің аудандарыңызда ұзындығы 82 км (сумен қамту - 19,4 км, канализация - 62,1 км) желілерді салу үшін мердігер «НКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жобалаушы «КазСанТехПроект» ЖШС) келісімдерге қол қойылды.
Осы жобаларды тиімді іске асырудың арқасында Кемел шағын ауданын, Солтүстік айналымның шығыс бөлігі мен Палладин көшесіндегі сайды орталықтан сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамту аяқталатын болады.
Қол қойылған шарттар бойынша жұмыстар
2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Жалпы ұзындығы 8,4 км жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі маңызды жобаларды іске асыру жұмыстары басталды.
Екі жоба да 2024 жылы толығымен аяқталады.
Колпаковский және Есенов көшелерінің бойындағы (245 м) жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары атқарылды. Бұл № 143 мектепті тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Палладин – Павлодар - Боралдай көшелерінің квадратында жаңа 6 трансформаторлық подстанция орната отырып, 21,5 км электр желісі жаңғыртылды. Бүгінде объектілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылдың соңына дейін Кемел шағын ауданында ұзындығы 43,5 км электр желісін жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстардың 70%-і орындалды, 1273 тірек және 8 трансформаторлық подстанция салынып, 6,5 км кабель желісі, 30,5 км әуе желісі тартылды. Бұл қалалық желілердің шағын аудан тұрғындарына толық қызмет көрсетуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.
Биыл 18 көшеде 22 км жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 4 көшедегі (Омаров, Қазыбаев, Хожамьяров, Қазыбаев тұйық көшесі) жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталды. Қалған 14 көшедегі жұмыстар осы жылдың қазан айында аяқталады.
Бұдан басқа, ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.
Аудан әкімдігі биыл берілген өкілеттіктердің аясында
8 мың м2 болатын 11 көшедегі жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазан айының соңына дейін тағы 7 мың м2 жол ағымдағы жөндеуден өтеді (автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге – 500 млн. теңге, техникалық тротуарларға – 100 млн. теңге бөлінді).
Анықтама үшін: 21 маршрут - №2, 8, 12, 30, 32, 34, 38, 50, 59, 63, 65, 70, 73, 79, 92, 120, 121, 123, 131, 135, 137.
Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында светофор орнатылып, іске қосылды
Солтүстік айналым көшесіндегі 2 светофорды (Боралдай көшесінің қиылысы, Постышев көшесінің қиылысы) қараша айында қосу жоспарланып отыр.
ҮШІНШІ. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
2022 жылдың қыркүйегінде №148 мектептің
300 орындық қосымша құрылысы басталды. Осы құрылысты ағымдағы оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Алайда, мердігер ұйым «СП Neft» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алған міндеттемелерді орындамауынан жұмыстар 1 қарашаға дейін аяқталады.
Сондай-ақ маусым айында №103 мектепке
200 орындық және №112 мектепке 300 орындық жаңа корпустар салу жұмыстары басталды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2024 жылдың тамыз айы.
Бұдан бұрын Әкімдік емханалар салу үшін Омаров көшесінде ауысымына 300 адам, Нүсіпбеков көшесінде
200 адам және Рабочий поселокта 240 адам келетін
3 ғимарат сатып алды. Биылғы жылы әкімдік оларды жөндеп, жабдықтауға 2 млрд (1,96 млрд.) теңгедей бөлді.
Қазіргі таңда Рабочий поселоктағы емхананы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Медициналық жабдықтар орнатылғаннан кейін жаңа қалалық емхана желтоқсан айында ашылады.
Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі екі ғимаратты күрделі жөндеу бойынша конкурстардың өткізілмеуіне байланысты жұмыстар қараша айында басталады. Жұмыстар 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.
ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта.
Жетісу ауданының тұрғындарына жайлы қалалық орта құру, оның ішінде көгалдандыру, абаттандыру және қауіпсіздік мәселелері біз үшін аса маңызды.
Соңғы жауған нөсер жаңбыр кезінде су ағынына төтеп бере алмайтын арық желілерінің қосымша учаскелерін анықтадық, сондықтан жобаға тиісті түзетулер енгізілді.
Аяқталған учаскелер бойынша анықтама: Түлкібас көшесі Натаров көшесінен Сүйінбай даңғылына дейін; Нүсіпбеков көшесі Райымбек даңғылынан Түлкібас көшесіне дейін; Натаров көшесі Бөлтірік Шешен көшесінен Түлкібас көшесіне дейін; Грибоедов көшесі Рысқұлов көшесінен Мусоргский көшесіне дейін; Мусоргский көшесі Нүсіпбеков көшесінен Сүйінбай даңғылына дейін; Ақпаев көшесі; Ботаника көшесі; Қазыбаев көшесі; Есенов көшесі; Сералин көшесі; Боралдай көшесі; Рысқұлов көшесі.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының өтініші бойынша әзірлеген: Көкжиек шағын ауданындағы парк аймағын абаттандыру («Еңбек» ЖШС) және Есентай өзенінің бойымен Черновцкая көшесіне дейін жағалау аймағын жалғастыру («АГРОПРОМЭНЕРГОСНАБ-1» ЖШС) екі жобасын іске асыру басталды. Аяқталу мерзімі – 2024 жылдың II-ші тоқсанының соңына дейін.
Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары! Назарларыңызға рақмет! Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.