Лого

Меню

Страницы

Статья

Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді биылғы үшінші кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Ең алдымен, Сіздерді және барлық алматылықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын, елімізге және барлық отандастарымызға амандық, әл-ауқат тілеймін!

Алмалы ауданы - Алматымыздның тарихи орталығы ғана емес, сонымен қатар сүйікті қаламыздың визит карточкасы. Сондықтан, Сіздер айтқан барлық мәселелер мен ұсыныстарды ерекше бақылауда ұстаймын. Өткен кездесулердің қорытындысы бойынша көтерген мәселелеріңіздің 96%-і (186-ның 179-ы орындалды) орындалды, қалғандары жұмыс барысында және міндетті түрде аяғына дейін жеткізіледі.

Енді Алматы қаласы әкімдігінің Алмалы ауданының проблемаларын шешу және одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы баяндағым келеді.

 

БІРІНШІ. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау

  1. Электрмен жабдықтау желілерінде авариялардың жиі орын алуы аудан тұрғындарын алаңдататын негізгі мәселелердің бірі болып тұр, осы жылдың басынан бері ауданда 215 авария тіркелді (2022 жылдың ұқсас кезеңінде - 224). Бүгінгі күні электр желілерінің 81%-і  тозған. Осы мәселені шешу үшін жылдың басынан бері «Алатау жарық компаниясы» 17 подстанцияны модернизациялау және 41,5 км тозған электр кабель желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Қыркүйек айының соңына дейін 4 подстанцияны реконструкциялап, тағы 8,5 км электр желісін модернизациялау жоспарлануда.
  2. Шамамен 9 км электр желілері бәріміздің сүйікті Арбатымыз (Сейфуллин даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін)  арқылы «Жібек жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің бойынан өтеді. Бүгінгі күні 9 км-дің 7,2 км-не кабель төсеу аяқталып, Абылай хан мен Панфилов көшелерінің арасындағы учаскеде төселген брусчаткалар қалпына келтірілуде. 17 қыркүйекке дейінгі мерзімде Панфилов пен Назарбаев көшелерінің арасындағы (1,8 км) соңғы учаскені толығымен аяқтаймыз. Бұл жерде брусчаткалар туралы сөз қозғалып отырған жоқ,. Арбаттағы брусчаткалар қанағаттанарлық жағдайда, кабель желілерді салынғаннан кейін қалпына келтірілетін болады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандырып қана қоймай, резервтік қуаттылықты 6-дан 10 кВт-қа дейін арттырады.

Анықтама үшін: 1 траншеяда 6 кабель төселуде, яғни ұзындығы                 1 метр 6 метр электр кабельдеріне тең.

  1. Көше жарығының қазіргі жағдайына қатысты тұрғындардан көп сұрақ келіп түсуде. Жарықтың жиі өшуі, іркілістер, келіп түскен өтінімдерді орындау жылдамдығына қанағаттанбау орын алуда. Атап айтқанда, Алмалы ауданы бойынша күту уақыты 2 айға дейін жеткен, ал қызмет көрсету ұйымы тек 1 авариялық бригаданы қызметке тартқан.

1 тамыздан бастап аудан «АлматыҚалаЖарық» акционерлік қоғамымен ауданның көше жарығына қызмет көрсету бойынша дербес шарт жасасты, аталған компания өткен айда жұмысын қарқындатып, тұрғындардың 50-ден астам өтінімін орындады (21 авариялық, 30 аула жарығы), Төле би (46%-ке аяқталды, мерзімі - 15 қыркүйекке дейін), Гоголь (58%, қыркүйек айының соңына дейін) көшелерінде, Абай даңғылында (жұмыс басталды, қыркүйек айының соңына дейін аяқталады) жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.  Авариялар кезінде 7 бригада күн сайын шығып, өтінімдерді орындау уақыты 5 күнге дейін қысқарды.

  1. Чайковский және Мақатаев көшелерінің аулаішілік аумақтарында (900 абонент) 1,5 км су құбыры желісі реконструкцияланды, сондай-ақ Бруно, Рахманинов, 2-ші Қастек және Моңғол көшелерінде (300 абонент) 2 км канализация желісі салынды.

3,5 км су құбыры (7 учаске) және 1,2 км жылу желісін (Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр көшелерінде) реконструкциялау, сондай-ақ Есентай және Қожамқұлов көшелерінде жалпы ұзындығы 800 м болатын канализация құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар «Панорама» тұрғын үй кешенінде және Әйтиев көшесіндегі 12 үйде канализация және су құбырының сорғы станцияларын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде (жұмыстар осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқталады), осы мақсаттарға менің шешіміммен аудан әкімдігіне резервтен 353,4 млн. теңге бөлінді.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша жоғарыда аталған барлық жұмыстар Алмалы ауданының 90 мыңнан астам тұрғыны үшін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартады.

 

ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту

  1. Биыл Сіздердің аудан бойынша жалпы ұзындығы 25 км болатын 17 көшеге орташа жөндеу жоспарланған, оның жалпы ұзындығы 7,4 км 3 көше бойынша: Абай даңғылы, Ударная көшесі және Амангелді көшесінде жұмыстар аяқталды.

Қыркүйек айында жалпы ұзындығы 17,6 км қалған                    13 көше бойынша жұмыстар аяқталады.

  1. Осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасында Әйтеке би көшесінің бойындағы жолды ұзарту аяқталады. Бұл көшені ұзарту жобасы жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының пікірін ескере отырып, қайта қаралғанын атап өткім келеді.

Анықтама үшін: жобаға сәйкес Әйтеке би көшесінің солтүстік жағындағы тротуар жол бөлігі мен №121а, 123, 123/1 үйлердің арасында орналасқан. Сондай-ақ осы коридорда электр желілерін шығару трассасы орналасқан. Жол жұмыстары барысында тұрғындар кейіннен шлагбаумды бөлшектей отырып, тұрақ пен балалар алаңдарын алып тастау арқылы тротуар салу шешіммен келіспейтінін айтты. Қалалық мобилділік басқармасы мен аудан әкімдігінің тұрғындармен талқылауынан кейін балалар мен шлагбаум қойылған тұрақ алаңдарын  қалдыра отырып, тротуардың және жол бойына шығарылатын электр желілерінің (аралас тротуар) орналасуын өзгерту туралы шешім қабылданды.

  1. Аудан әкімдігі биыл 46 мың м2 көше-жол желісін ағымдағы жөндеуді жоспарлады, бүгінгі таңда 17 мың м2 астам жол төсемі қалпына келтірілді және қазан айының соңына дейін тағы 29 мың м2 жол жөнделетін болады. Биыл орталықсыздандыру аясында осы жұмыстарға аудан әкімдігіне 800 млн. теңге бөлдік.
  2. Ауданның тротуарларын жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні 5 көше: Панфилов көшесі (Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін), Досмұхамедов көшесі (Гоголь көшесінен 11 үйге дейін), Төреқұлов көшесі (Сейфуллин даңғылынан «Almatym» тұрғын үй кешенінің кіреберісіне дейін), Әуезов көшесі (Қабанбай батыр даңғылынан Төле би көшесіне дейін) және Масанчи көшесі (Жамбыл көшесінен Төле би көшесіне дейін) бойынша 2,2 км тротуар желісін орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Осы жылдың қазан айының соңына дейін тағы
2 көше: жалпы ұзындығы 1 км Төле би көшесі (Чокин  көшесінен Байзақов көшесіне дейін) мен Райымбек даңғылы (Механическая көшесінен Әуезов көшесіне дейін) бойынша тротуарларды ретке келтіреміз:

  1. Қоғамдық көлік қызметтерінің жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері Алмалы ауданына қызмет көрсететін 5 маршруттың (№№ 13, 17, 69, 88, 119; 84 бірлік автобус) автобустары жаңартылды.

Жаңа автобустарды сатып алу есебінен 9 маршрутты 132-ден 165-ке дейін күшейту (33 бірлікке күшейту; №№ 2, 12, 30, 44, 59, 70, 135, 137, 50 маршруттар), сондай-ақ 12 маршрутты 209-дан 264 автобусқа дейін жаңарту және күшейту (209 бірлік жаңарту және 55 бірлік күшейту; №№ 32, 34, 37, 63, 73, 79, 92, 118, 120, 123, 209, 210 маршруттар) жоспарлануда.

Осылайша, жыл соңына қарай Алмалы ауданында қызмет көрсететін жылжымалы құрам 88 бірлікке (1342 бірліктен 1430 бірлікке дейін) ұлғайтылатын болады.

 

ҮШІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

Білім беру саласы

Алмалы ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы жағдайы қаланың басқа аудандарымен салыстырғанда салыстырмалы түрде қолайлы болып тұр (жалпы контингенті 37 мың оқушы болғанда, 1028 орын тапшы).

Осыған қарамастан, тапшылықты одан әрі азайту үшін мектептер мен қосымша ғимараттар салу бойынша жоспарлы жұмыс іске асырылуда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алмалы ауданында 2024 жылдың IV-ші тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтай отырып, Райымбек даңғылы Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық жаңа мектеп салынады.

Сондай-ақ әкімдік №16 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс салуға және №58 мектепке спорт және акт залдарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде, осы жылдың IV-ші тоқсанында сараптамасы шығады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаудың болжамды мерзімі - 2024 жылғы сәуір айы (конкурстық рәсімдерді ескере отырып).

2024 жылдың I-ші тоқсанында Жароков көшесіндегі №134 және 135 мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізе отырып, сейсмикалық күшейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаудың болжамды мерзімі - 2024 жылғы мамыр айы.

Анықтама үшін: №134 мектеп ғимаратының жартысында (Жароков көшесі, 24 үй) басқа заңды мекенжайы бар №135 мектеп (Клочков көшесі, 49 үй) орналасқан. Мектептерді кедергісіз жобалау мен біріктіруді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы  26 шілдедегі №3/410 қаулысымен № 135 мектеп ғимараты №134 мектеп ғимаратының коммуналдық меншігіне берілді.

Биылғы жылдың қараша айында №136 мектеп-гимназияны күрделі жөндей отырып сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын (конкурстық рәсімдерден кейін) бастау жоспарланған. Жұмыстар 2024 жылдың тамыз айында аяқталады (1 мың оқушы №124, 128 мектептерде орналастырылады).

Мектепке дейінгі білім беру саласында осы жылдың басынан бері жеке кәсіпкерлер 165 орындық 4 балабақша ашты.

Осы жылдың желтоқсан айында Мәуленов көшесі, 57 мекенжайында жалға алудан кері қайтарылған балабақша ғимаратын (жобалық қуаты – 145 орын) күрделі жөндей отырып, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының қорытындысы алынады. Жұмыстарды келесі жылдың наурыз айында бастау жоспарлануда (конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін).

Сондай-ақ №20 және 10 балабақшаларды реконструкциялауды жоспарлап отырмыз.

 

Анықтама үшін: № 20 балабашқа – мемлекеттік сараптамасы осы жылдың  соңы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2024 жылғы наурыз; № 10 балабақша мемлекеттік сараптамасы - I тоқсан, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы - 2024 жылғы маусым.

Реконструкциялау балабақшалардың қуатын арттырусыз жоспарланған. Ғимараттарды реконструкциялау шеңберінде – аумақты абаттандыру, үй-жайларды қайта жоспарлау, күрделі жөндеу, тірек конструкцияларын күшейту, инженерлік желілерді ауыстыру көзделген.

Мерзімдердің өзгеру себептері:

  1. Мәуленов көшесіндегі балабақша бойынша: сараптамадан өту кезінде жоспарлау шешімдерінің өзгеруіне байланысты шарт бұзылды. Жоба 2023 жылдың 10 қыркүйегіне дейін сараптама порталына қайта жүктеледі. Қорытындының болжамды шығуы - 2023 жылғы желтоқсан айы.
  2. №10 балабақша бойынша: шілде айының басында Құрылыс басқармасы шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін «BS Archi Group» ЖШС жобалау ұйымымен шартты біржақты тәртіппен бұзды. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс қайта жарияланды. Жобалаудың басталуы- 2023 жылғы қыркүйек айы. Мемлекеттік сараптаманы ала отырып, жобалаудың аяқталуы - 2024 жылғы наурыз айы.

Сондай-ақ осы жылдың наурыз айында Тастақ шағын ауданындағы бұрынғы балабақша ғимараты Алмалы ауданына қайтарылды және қала әкімдігі осы жылдың шілде айынан бастап қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, 300 орындық балабақша салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде (сараптаманың шығуы - 2024 жылдың I тоқсаны).

Қазан айында № 43 бөбекжай-балабақша ғимаратын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады (сараптаманың шығуы - 2024 жылғы III тоқсан). Сондай-ақ биыл аудандық әкімдік 4 балабақшаға (№ 9,14,93, 182) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Анықтама үшін: 3 жастан 6 жасқа дейінгі тапшылық 2 110 баланы құрайды.

Денсаулық сақтау саласы

  1. «Абай – Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратын реконструкциялауға» жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Тарихи келбеттің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жоба Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Қазреставрация» кәсіпорнымен келісуден өтті.

Сараптама қорытындысын 2024 жылдың I тоқсанында алуды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын                             2024 жылдың II-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін осы ғимаратта заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығын» ашамыз (құрылыс-монтаждау жұмыстары- 2025 жылдың                          I тоқсанында аяқталады).

  1. 2024 жылдың II-ші тоқсанында Райымбек даңғылы 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының құрылысын бастаймыз (сараптаманың шығуы 2023 жылдың IV тоқсаны).
  2. Әйтеке би көшесінің бойында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу бойынша (ескі ғимаратты бұза отырып, қалалық ревматологиялық орталықтың орнына) сараптама қорытындысын 2024 жылдың II-ші тоқсанында алуды жоспарлап отырмыз.
  3. Бүгінгі таңда №3 емхана ғимараты мен Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау осы жылдың IV-ші тоқсанының басына жоспарланған.
  4. 2024 жылы №1 перзентхананың тозған корпусын (1937 жылы салынған) бұзып, заманауи жабдықтармен жабдықталатын жаңа корпус салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау – 2024 жылдың III-ші тоқсаны.

 

ТӨРТІНШІ. Жайлы қалалық орта

  1. Аудан әкімдігі биылғы жылға 19 ауланы күрделі жөндеуден өткізуді жоспарланған, оның 10-ны жаңғыртылды.

       Қалған 9 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары басталды, осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ қазан айының соңына дейін ауданның 50 ауласында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталады.

  1. Осы жылға 47 тұрғын үйдің фасадын жөндеу жоспарланған, 27 үйде жұмыстар аяқталды, қалған 20 үйде жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында аяқталады.
  2. Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін абаттандыру аяқталды, Прокофьев бульвары мен Дүйсенов жаяу жүргіншілер көшесінде, сондай-ақ Тастақ шағын ауданындағы «А. Байтұрсынов» және «Будан» скверлерінде автоматты суару құрылғысын орната отырып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

       Қыркүйек айының соңына дейін Алмалы ауданының тағы 5 скверін көгалдандыру және автоматты суару жүйелерін орнату арқылы абаттандыруды аяқтаймыз.

Анықтама үшін: «Ганди Паркі», «Биокомбинат», «Сосновый», «Кіші Ганди»,               «А. Иманов сквері».

  1. Жауын-шашын кезінде су басатын учаскелер санын азайту мақсатында 52 учаскеде 34 км арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 7,5 км болатын 17 учаскеде жұмыстар аяқталды, осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 2,7 км болатын тағы 8 учаскеде жұмыстарды аяқтаймыз. Қалған 27 учаске бойынша жалпы ұзындығы 23,8 км жұмысты жалғастырып, 2024 жылы аяқтаймыз. Соңғы рет мол жауған жауын кезінде су ағынына төтеп бере алмайтын қолданыстағы арық желілерінің қосымша учаскелерін анықтадық, сондықтан жобаға тиісті түзетулер енгізілді.
  2. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы жалпы 34 жобаны іске асыра отырып, 2 кезеңде іске асырылуда (барлығы 1,6 млрд.теңге бөлінді, 1 кезең – 771 млн. теңге, 2 кезең – 875 млн. теңге).

Тұрғындардың 17 жобасын қамтитын 1-кезең аяқталды.

(аулалар: Әйтиев 51, Әуезов 56, Розыбакиев 53, Каримов 87, Жароков 91, Төле би 160, Шағабутдинов 30, Қарасай батыр 209, Төле би 273; Бекетов – Бородиндегі қоғамдық кеңістік; АМЖЗ скверін автоматты суару құрылғысын орнату арқылы көгалдандыру, абаттандыру; «Прокофьев» бульварын көгалдандыру, автоматты суару орнату; Дүйсенов көшесінде 2 жоба бойынша автоматты суару).

1 қыркүйекте аудан әкімдігі қалған 17 жобаны қамти отырып, бағдарламаның 2 кезеңін іске асыруды бастайды.

Атап айтқанда, 11 жоба – аула кеңістігін жаңғырту,                     5 жоба қоғамдық кеңістікті өзгертуге және 1 экологиялық жоба Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшесінің бойында экоурналар (қайта өңделген және қайталама шикізаттан өндірілген) орнатуға бағытталған.

БЕСІНШІ. Қауіпсіздік

  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауданда адамдар көп жиналатын орындарда жыл соңына дейін 650 жаңа камера орнатылады. Бейнемониторинг жүйелерін орнатуға арналған орындар аудан тұрғындарының өтініштерін ескере отырып таңдалды.

Анықтама үшін: Цифрландыру басқармасы 15 тамызда Алматы қаласы бойынша 6 мың бейнекамера орнату бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялады. Өтінімдерді қабылдау 6 қыркүйекке дейін және шартты жасасу мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекке жоспарланып отыр.

  1. 2. Алмалы ауданындағы апатты ағаштардың жалпы санын азайту үшін 2,2 мың ағашты құлатуға квота бөлінді, бүгінде 910 авариялық ағаш кесілді.

Сонымен қатар, әкімдік 4 мың ағаштың авариялық бұтақтарын санитариялық тұрғыдан кесті, енді жыл соңына дейін тағы 3 мыңнан астам ағаш кесілетін болады.

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет. Сұрақтарға көшуге рұқсат етіңіздер.

 

Дата публикации
29 августа 2023
Дата обновления
29 августа 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
19 октября 2026
Баспа БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы