Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі

Қайырлы таң, құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Өткен аптада, Сіздермен кездесудің алдында мен Наурызбай ауданын арнайы аралап шықтым. Мектептердің оқу жылының басталуына дайындығын, қоғамдық кеңістіктердің дамуын тексеріп, салынған сумен қамту объектілеріне бардым.

Сіздің ауданның барынша өзекті проблемалары мен мәселелерін шешу жолында жүргізіп жатқан жұмыстарымыз туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

  1. Халықты орталықтандырылған сумен қамту және канализация ауданды сәтті дамытудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.
  2. Ақжар және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындары 20 жылға жуық уақыт бойы көктемгі-жазғы кезеңде ауыз су тапшылығының зардабын тартып келді.

 Осы тұрғындардың жиі жіберген өтініштерін ескере келе, әкімдік жеке инвестор «Qazaq Stroyды» тарта отырып, жоба әзірленді, осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай бойы іске асырылды.  Магистралды су құбыры (5,4 км), сорғы станциясы және су резервуарлары салынды. Осы жылғы 1 тамыздан бастап абоненттер қосыла бастады. 22 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған суға қол жеткізетін болады.

Инженерлік желілердің екінші кезегінің жобасы аяқталғаннан кейін осы шағын аудандардың тағы                    13 мың тұрғыны сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, 2024 жылы екінші каскадты сорғы станциясы мен контр-резервуар салу арқылы Таужолы, жоғарғы және төменгі Тастыбұлақ шағын аудандарының тұрғындарын (шамамен 20 мың тұрғын) сумен қамту мүмкіндігі пысықталуда (2024 жылғы III тоқсанда аяқталады, Ақжар шағын ауданындағы Жандосов көшесінен жоғары жерде ауданы 50 сотық учаске бар. Құны шамамен 1,5 млрд.теңгеге дейін).

  1. Ақжар, Шұғыла және Таусамалы шағын аудандарында да жалпы ұзындығы 105,9 км болатын (71,6 км су құбыры, 34,3 канализация) су құбыры және канализация желісінің құрылысы жүргізілуде.

2.1. Ақжар шағын ауданында жоспарланған 34,7 км-дің 28 км су құбыры және канализация желісі салынды. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

2.2. Шұғыла шағын ауданы бойынша осы жылдың қыркүйегіне дейін 28 км су құбыры және канализация желісінің құрылысы аяқталады.

2.3. Таусамалы шағын ауданы бойынша жоспарланған 43,2 км-дің 38,6 км су құбыры және канализация желісі салынды. Осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аталған объектілерді аяқтау Наурызбай ауданының шамамен 55 мың тұрғынын сумен қамту және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқаруды децентрализациялау аясында инженерлік желілерді салу аудандық әкімдіктерге берілді. Мәселен, Наурызбай ауданының әкімдігі 2024 жылдың ІІ-ші тоқсанында  Ақжар (44,5 км су құбыры, 37,5 км канализация), Қарағайлы (25 км су құбыры, 23 км канализация), Тастыбұлақ (88 км су құбыры, 57 км канализация), Таусамалы (30 км су құбыры, 30 км канализация) шағын аудандарында  жаңа инженерлік желілерді салып бастауды жоспарлап отыр.

  1. Электр желілерін модернизациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарында 65 км электр желісі мен 39 трансформаторлық подстанция ауыстырылып, жөнделді.

Анықтама үшін: бүгінгі таңда ауданда 214 жеке трансформаторлық подстанция бар, олар «АЖК» акционерлік қоғамының  балансына берілуіне қарай жаңғыртылатын болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 54 көшеде сыртқы жарықтандыру құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда Тастыбұлақ және Таужолы шағын аудандарындағы 10 көше жарықтандырылды. Қалған көшелер бойынша жұмыстар осы жылдың қазан айына дейін аяқталады. Осылайша сіздің ауданда жарықтандырылмаған көше мәселесі толығымен шешіледі.

  1. Жол инфрақұрылымын дамыту біздің басым бағыттарымыздың бірі болып табылады.

Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың м2 жол жөнделді. Жыл соңына дейін                        130 көшені қамти отырып, тағы 25 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда. Жөндеуге 735 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді (736,7 млн.тг., оның ішінде: жолдарды ағымдағы жөндеуге  - 500 млн. тг., тех. тротуарларға - 180,7 млн. тг., (өзі тегістелетін)  люктер орнату  - 56 млн.тг.).

Сондай-ақ, Қалалық мобилділік басқармасы осы жылдың шілде айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 10 көше бойынша 6,5 км жол салуды бастады. 10 көшеде 6,9 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Осы жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км болатын тағы 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Таусамалы» шағын ауданында инженерлік желілерді жүргізгеннен  кейін жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарына байланысты шағымдар айтылған болатын. Бүгінгі таңда аталған жоба түзетіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін, оның ішінде бұрын есепке алынбаған абоненттер үшін желілерді төсеуге қосымша 273,4 млн.теңге қаражат бөлеміз. Сондай-ақ, түзетуде 6 көшеде жолдың бүкіл еніне қарай жол төсемін қалпына келтіру көзделген.

Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін (600 метр) ұзарту аясында бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. Жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.  

Төле би көшесін ұзарту мақсатында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесі (бұрынғы Карьерная көшесі)  арасында ұзындығы 700 метр жол салу жұмыстары басталды. Жұмыстарды осы жылғы 20 қарашаға дейін аяқтау жоспарлануда.

Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту аясында бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде (конкурстық  рәсімдер осы жылдың қазан айында аяқталады). Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілетін болады, 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

  1. Әкімдік қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде.

Тұрғындардың қолайлылығы үшін 3 маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылып, күшейтілді (№15, 47, 119 автобустар саны 52-ден 57-ге дейін өсті).

Осы жылдың желтоқсан айына дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін 3 маршрут: №50 (10-нан 20-ға дейін), 118 (23-тен 25-ке дейін), 212 (14-тен 22-ге дейін) жиі жүріп, жаңартылады.

  1. Халықты әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту мәселесі ерекше бақылауымызда.
  2. Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 жаңа мектепті жобалау және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

        2024 жылдың I-ші тоқсанында жайлы мектептің талаптарына сәйкес «Әлем Сити» тұрғын үй кешенінің аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін осы жылдың қазан айында Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 оқушы орындық қосымша құрылыс салып бастауды жоспарлап отырмыз.

  1. «Мектеп автобусы» жобасының аясында Наурызбай ауданының 2 аса мұқтаж мектебіне (№186 – 3 автобус, №200 – 2 автобус) 2000 оқушыны қамтитын                        5 автобус бөлінеді. Автобустар осы жылдың                              1 қыркүйегіне дейін жеткізіледі деп күтілуде.
  2. Мектепке дейінгі орындардың тапшылығын төмендету мақсатында жыл басынан бері 475 орындық 9 жеке меншік балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 50 орындық тағы 1 балабақша ашу жоспарлануда.

Осы жылдың соңына дейін Шұғыла шағын ауданында 320 орындық мемлекеттік балабақшаны пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз (Білім басқармасының балансына беру,  қызметкерлерді қабылдау бойынша қажетті рәсімдерді өткізгеннен  кейін).

Сондай-ақ осы жылдың қазан айында Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында 640 орындық тағы 2 балабақша салуды бастау көзделуде (әрқайсысы 320 орындық), оған қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, Қалқаман (240 орын) және Шұғыла               (320 орын) шағын аудандарында тағы 560 орындық
2 балабақшаны жобалау басталды. 2024 жылдың сәуір айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін құрылысты 2024 жылдың III-ші тоқсанында бастау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының қатысуымен осы жылдың маусым айында аптасына 5000 адам келетін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) ашылды.

Орталықта 600 баланы қамтитын ғылыми-технологиялық және шығармашылық-эстетикалық бағыттар бойынша 13 үйірме жұмыс істейді.

  1. Бұған дейін айтқанымдай, 500 адам келетін 2 жаңа емхана және 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін құрылысты 2024 жылдың сәуір айында бастау жоспарлануда.

Шұғыла шағын ауданындағы екінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылғы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, конкурстық рәсімдер өткеннен кейін құрылысты 2024 жылғы маусымда бастауды жоспарлап отырмыз.

Осы жылғы шілде айының басында Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды. 2024 жылы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды және конкурстық рәсімдер өткеннен кейін құрылысты 2024 жылы мамырда бастауды жоспарлап отырмыз. 

  1. Наурызбай ауданында спорттық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылдың І-ші тоқсанының соңына дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары шамамен 2024 жылы мамыр айында басталады.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде әртүрлі спорт түрлері (ойын түрлері, бассейн, жекпе-жек, бокс, күрес және т.б.) бойынша спорт секциялары қарастырылатын болады. Әр кешеннің өткізу қабілеті күніне кемінде 500 адамды құрайды. Бұл ретте спорт кешендері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделетін болады.

  1. Жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстарын белсенді жалғастыруда.
  2. Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 25 жоба аяқталып, бағдарламаның бірінші кезеңінің 21 жобасы іске асырылуда, оған                  1,8 млрд теңге бөлінді.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша салынған Ақжар шағын ауданының Санаторная көшесінің бойындағы қоғамдық кеңестік                   (77 млн. теңге) жақсы көрсеткіш болып табылады. Бұрын бұл жер қараусыз қалған бос жер болған, ал енді жергілікті тұрғындар демалып, әңгімелесіп, спортпен шұғылдана алатын, ең үздік стандарттарға сәйкес келетін орынға ие болды.

Аталған бағдарламаны іске асырудағы оң тәжірибені ескере отырып, Наурызбай ауданына                    16 жаңа жобаға биыл қосымша 875 млн. теңге бөлінді, жобалар осы жылдың қараша айында аяқталады.

Анықтама үшін: 1 жоба – жерасты өткелдерін ағымдағы жөндеу, 2 жоба – балалар ойын алаңдарын салу, 4 жоба - жаяу жүргіншілер-көлік желісін ұйымдастыру және салу, 9 жоба - жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын абаттандыру және көгалдандыру.

  1. Қараша айына дейін аудандағы 3 жерасты жаяу жүргінші өткелі ағымдағы жөндеуден өтіп, жарықтандыру аспаптары толық боялып, жөнделеді.
  2. Бүгінгі таңда 1000 м арық желісін салу, әрі реконструкциялау, 781 м су бұру арнасын салу, сондай-ақ 600 м Ойжайлау өзенінің жағалауын күшейту арқылы төтенше жағдай желісі бойынша су басатын 6 учаске жойылды.

Сондай-ақ Алматы қаласының батыс бөлігінде жалпы ұзындығы 30 км болатын 34 көшеде арық желісі мен нөсер канализациясын салу және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде ұзындығы 7 км болатын 6 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Аяқталу мерзімі -  2024 жылдың соңы.

  1. Осы жылдың қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көріктендіре отырып абаттандыру, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнату және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км болатын қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жоба әзірленіп, қаражат бөлінді (746 млн. теңге). 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтаймыз.
  2. Жасыл желектерді тиісінше күтіп-баптау мақсатында 3 учаскеде (Ақжар шағын ауданы мен Алатау даңғылындағы 2 сквер) осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км болатын автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстары аяқталады.
  3. Бейнемониторинг жүйесін кеңейту жобасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін сіздердің ауданда 900 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда, оның ішінде аулаларда - 565, көше қиылыстарында – 295, саябақтар мен скверлерде - 40 камера.

 

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет. Сұрақтарға көшуге рұқсат етіңіздер.

 

 

Дата публикации
24 августа 2023
Дата обновления
24 августа 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы