Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы «Метрополитен» директоры лауазымына байқау жарияланды

«Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ  Қазақстан Республикасы, 050000Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 84/54, тел.396-88-01 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

 Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты метрополитенді пайдалану (күтіп ұстау, дамыту), Алматы қаласы метрополитенінде жолаушылар мен багажды тасымалдау, метрополитенді пайдаланушы ұйымның функцияларын орындау, құрылысты ұйымдастыру, техникалық қадағалау және ҚР заңымен тыйым салынбаған метрополитен қызметінің өзге де түрлерін орындау болып табылады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • тиісті мамандығы және кәсіби даярлық деңгейі бойынша жоғары білім: көлік; көлік техникасы; көлік тоннельдері; көлікпен тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; теміржол көлігімен тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; теміржолдағы жылжымалы құраммен жұмыс; теміржолдағы жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; теміржолдағы электр жүйелерін электрмен қамтамасыз ету, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; теміржолды салу, жол және жол шаруашылығы; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс; тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру; пайдалы қазындылар кеніштерін жерасты өндіру; маркшейдерлік іс; экономика; қаржы; есеп және аудит; құқықтану; мемлекеттік және жергілікті басқару.
  • мамандығы бойынша экономика саласындағы кәсіпорынның профиліне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек кітапшасының көшірмесі;
  6. денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысаны);

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) қосымша ақпарат бере алады.

Көрсетілген құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 84/54, 201 каб. мекенжайы бойынша «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасына» ұсынылуы тиіс.  Анықтама алу телефондары: 396-88-01, + 7 701 759 65 41.

            

Дата публикации
14 августа 2023
Дата обновления
14 августа 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы