Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесінің өзгеруі туралы

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеудің жаңа ережелері қабылданды. Ереже 2023 жылғы 1 тамызда заңды күшіне енген, Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен бекітілген.

Құжатқа сәйкес, шетелдіктер үшін туристік жарна туристерге орналастыру орындарында болған әр тәулік үшін алынады (қалалар мен аудандардағы хостелдер, қонақ үйлер және жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда). Жарна сомасы тұру құнына кірмейді және қонақ үйдің нөмірлік қорының құнына байланысты емес.

Орналастыру орындарындағы туристік жарнаға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,2-ден 0,5-ке дейінгі мөлшерінде тіркелген мөлшерлемелер қолданылады. Туристік жарнаның мөлшері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шетелдік туристер санының көбею немесе азаю пайызына байланысты белгіленеді.

Алматы қаласының Туризм басқармасы, "Қазіргі уақытта Алматыда шетелдік туристер үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесін белгілеуге бағытталған тиісті нормативтік-құқықтық актіні (НҚА) әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес туристік жарнаның жаңа мөлшерлемесін бекіту үдерісі Алматы қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен келісуді қарастырады. Тиісті шешімнің жобасы НҚА-ның ашық порталында орналастырылған және 10-15 күн ішінде қаралатын болады. Өзгерістер қабылданғаннан кейін болу құнының 5% мөлшеріндегі қолданыстағы мөлшерлеме жойылады", - деп хабарлады.

Еске салсақ, Алматы мәслихаты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін болу құнының 5% мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесін бекіткен болатын.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14667767 

Дата публикации
14 августа 2023
Дата обновления
14 августа 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы