Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қ. қалалық мобильділік басқармасының басшысы С.Т. Телібаевтың мәслихат сессиясына тезистері

Құрметті депутаттар!

Қалада жолаушылар көлігі саласында 24 тасымалдаушы жұмыс істейді, олардың біреуі – коммуналдық, қалғандары – жеке. Маршрут желісі 164 маршруттан тұрады. Күн сайын желіге
2100-ден астам автобус пен троллейбус шығады. Олардың орташа жиілігі 95%-ға жетті.

Президенттің қоғамдық көлікті экологиялық таза түріне ауыстыру және оның тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға дейін жеке инвестицияларды ескере отырып, 2 680 жаңа автобус және 200 троллейбус сатып алу жоспарлануда, оның ішінде биыл жергілікті бюджет есебінен - 600 автобус және 100 троллейбус, жеке инвестициялар есебінен – 500 автобус.

Бүгінде қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 80 теңгені құрайды. Ол осыдан 11 жыл бұрын - 2012 жылы (27.06.2012 ж.) белгіленген.

Қоғамдық көлікті дамытуды қолдау үшін 2017 жылы тариф төлем тәсіліне қарай сараланды, нәтижесінде қолма-қол ақшасыз төлеу кезіндегі тариф өзгеріссіз 80 теңге болып қалды, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 теңге.

10 жылдан астам уақыт ішінде маршрутқа қызмет көрсетумен байланысты барлық шығындардың құны 3 есе өсті.

Мысалы, 2012 жылы дизель отынының бағасы 90 теңгені құраса, қазір - 295 теңгені құрайды, ал газдың құны сол кезде - 33 теңге болса, бүгінгі күні ол 108 теңгені құрап отыр. Жалпы, баға 3,3 есеге өскен.

Автобустар, шиналар, жағармай материалдарының, автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу және т.б. қызметтердің құны сияқты қалған шығындар бойынша да осындай жағдай қалыптасқан.

Тарифтің өзгермеуіне және шығындардың айтарлықтай өсуіне байланысты 2017 жылдан 2022 жылға дейін жолаушылар тасымалына бөлінген бюджеттік субсидиялар көлемі 300 млн. теңгеден 55 млрд. теңгеге дейін 183 есеге өсті.

Бұл ретте жолаушылар тасымалын субсидиялау қаланың жергілікті бюджетіне айтарлықтай жүктеме түсіретінін атап өткен жөн.

Бүгінде қоғамдық көлікте бір жолаушының бір жол жүруінің орташа нақты құны 425 теңгені құрайды. Оның ішінде жолаушы тасымалдаушыға небәрі 80 теңге, ал қалған 345 теңгені әкімдік тасымалдаушыға жолаушының орнына төлейді.

Жоғарыда көрсетілген фактілерге байланысты ағымдағы тарифті қайта қарау және қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 200 теңгені белгілеу ұсынылады.

Тарифті көтеру жыл сайын субсидиялау көлемін 10 млрд. теңгеге қысқартуға мүмкіндік беріп, Алматының қоғамдық көлігін дамытуға бағытталатын болады.

Жария талқылаулар жүргізу үшін әкімдік қаулысының барлық жобалары «Ашық НПА» Egov порталында орналастырылып, талқыланды.

Олар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары және қаланың Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары алынды. Сондай-ақ қалалық Тарифтер жөніндегі комиссиямен келісілді.

Көлік туралы заңға (19-бап) сәйкес әкімдік қаулысының осындай жобаларына қала Мәслихатынан келісім алу қажет.

Тарифті көтеру Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының 3.3-тармағында және Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттар бойынша тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесінің 8-тармағында көзделген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден қоғамдық көлікте жол жүру тарифін көтеруді қолдауыңызды және келісім беруіңізді сұраймын.

Баяндама аяқталды!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Дата публикации
09 августа 2023
Дата обновления
09 августа 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы