
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға бүгінгі кезекті Мәслихат сессиясына Алматы қаласының 2023 жылғы бюджетіне өзгерістер ұсынылып отыр.
Ең алдымен, біздің депутаттарға және қоғамдық кеңес мүшелеріне бюджетті нақтылау процессінде басымдық берілетін іс-шараларды анықтауда бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтқым келеді. Әкімгілерден берілген бюджеттік өтінімдер мәслихаттың салалық комиссияларында нақты қаралды.
Нақтыланған бюджет жобасы Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңыз, сондай-ақ қала әкімінің аудан тұрғындарымен есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылды.
Сатып алудан қалыптасқан үнемдеудің, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуінің арқасында қала дамуына одан әрі инвестиция салуға мүмкіндік туып отыр.
Жалпы, бюджетті нақтылау:
- жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің 81,9 млрд. теңгеге ұлғаюы;
- бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің арасында
17,7 млрд. теңге бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілді .
Аталған қаражат қаланың тіршілігін қамтамасыз ету жұмыстарына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.
Басым шығын әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл 2023 жылғы бюджет шығындарының 58,7%-ін немесе 48,1 млрд. теңгені құрайды.
Мәселен, білім саласына 13,6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде:
Ағымдағы жылы 13 мектепке дейінгі ұйымда,
5 мектепте және 3 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Оған 910,7 млн. теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жергілікті бюджеттен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге 462,5 млн. теңге қаражат көзделген.
4 мектепті (№174, №195, №155, №189) салу және реконструкциялау жұмыстарының басталуына 700 млн. теңге жоспарланған;
Балабақшалардағы орын тапшылығын төмендету мақсатында Орбита-3, Шұғыла, Құрамыс шағын аудандарында 3 балабақша құрылысын бастауға 300 млн. теңге бөлінеді. Бұл аталған аудандарда 1100-ге жуық баланы қамтуға мүмкіндік береді.
Оқу орындарын жылыту маусымына дайындау шеңберінде 14 мектеп пен 15 колледжде жылыту жүйелерін ағымдағы жөндеу үшін 909,1 млн. теңге бөлінеді.
Алмалы және Бостандық аудандарында 2 мектепті сейсмикалық күшейту жоспарлануда. Бұл ретте 150 млн. теңге бөлінеді;
9 әлеуметтік объект бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге (2 мектеп, 5 балабақша, 1 дамыту және шығармашылық орталығы және 1 колледж жатақханасы) 374,6 млн. теңге қарастырылған;
Денсаулық сақтау саласына 3,8 млрд. теңге қарастырылған.
12 медициналық ұйымға орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшелерін жабдықтау үшін медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Жалпы сомасы
2,3 млрд. теңгені құрайды.
5 денсаулық сақтау объектісін салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 158,3 млн. теңге сомасында қаражат көзделген;
Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 8 түрі бойынша 553 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 495,3 млн. теңге көзделген;
Халықты әлеуметтік қолдауға 24 млрд. теңге қарастырылған.
1500-ден астам көрсетілетін қызметті алушыны қамти отырып, зейнет жастағы адамдар үшін 2 орталықтың, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 6 орталықтың және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар үшін 1 орталықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін 280,5 млн.теңге жоспарланған.
Сіздің ұсынысыңыз бойынша бейіндік комиссияларда қаралғаннан кейін жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруды жалғастыру жоспарлануда. Осы нақтылаумен қоғамдық жұмыстарға және «күміс жас» жобасына 5,1 млрд. теңге сомасында қаражат көздеу жоспарлануда;
Бекітілген әлеуметтік көмек тізіміне сәйкес жалпы сомасы 4,2 млрд.теңгеге 615 жеке көмекші, жестау тілінің 207 маманы және 1400-ден астам тифло-сурдо құралы және 350-ден астам протездік-ортопедиялық бұйым және 5 мыңнан астам гигиеналық құрал және т. б. қызметтер көрсетуге арналған.
Мәдениет және спорт саласына 6,7 млрд теңге қарастырылған, сонымен қатар:
Сіздердің, құрметті депутаттардың ұсынысы бойынша кітапхана жүйесінің, театр және музыка өнерінің
8 ведомстволық бағынысты ұйымының 2 мыңға жуық қызметкерінің жалақысын 30%-ға дейін арттыруға қаражат бөлу қарастырылды. Бұл мақсатқа 349,7 млн. теңге бөлінеді.
Олимпиадалық резервтегі 8 мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебін және дарынды балаларға арналған интернатты, жыл сайынғы контингенті 12,4 мың баланы құрайтын жоғары спорт шеберлігі мектебін ұстауға 500-ден астам спортшыға 569,2 млн. теңге бөлінеді;
Даму бағдарламасының бір бағытын іске асыру мақсатында дамушы аудандарда кітапханалар кеңістігін кеңейту шеңберінде 5 кітапхана филиалын ашу үшін
861,3 млн. теңге сомасына үй-жайларды сатып алу жоспарланған.
Сонымен қатар, кітапхана жүйесін цифрландыру барысында жалпы сомасы 599,6 млн теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда. Бұл кітаптарды алу үдерісін автоматтандырып, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттырады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы үшін қосымша қажеттілік 6,3 млрд. теңгені құрайды.
Қайрат, Ремизовка шағын аудандарынан «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешеніне дейін, Ерменсай шағын ауданында электр желілерінің құрылысы аяқталуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлу қажет.
Рахат-Мәдениет шағын аудандарда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы 1 млрд. теңгеге жалғастырылатын болады. Бұл Алатау ауданының 10 мыңға жуық тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Alma city-5» тұрғын үй кешеніне (су құбыры мен сыртқы канализация желілері) тиісті инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Жергілікті бюджеттен бұл мақсаттарға 1 млрд. теңге қарастырылған.
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 5,1 млрд теңге қарастырылған.
Даму бағдарламасының бір бағытын іске асыру шеңберінде бірыңғай платформалық ақпараттық жүйелермен біріктірілген жайлы және қолжетімді қаланы құру үшін жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге автобус аялдамаларында 1000 ақпараттық (электрондық) табло орнату жоспарланған.
Бірінші метро желісінің екінші кезегі «Б. Момышұлы» станциясынан «Қалқаман» станциясына дейінгі кешенінің құрылысы жалғасуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 275,5 млн теңге бөлу жоспарлануда.
«Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі бірінші метро желісінің үшінші кезегінің құрылысын жобалау жұмыстарын бастауға 100 млн теңге бағытталады.
Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» шағын ауданындағы жол құрылысын жалғастыруға 428,5 млн. теңге жоспарлануда.
Қоғамдық көлік жүргізушілерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, Мөңке би көшесінің оңтүстігі мен Оңғарсынова көшесінің шығысында тұрақтау-бұрылу алаңдарын салуды жоспарлауға 10 млн. теңге қаралады.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,4 млрд теңге қарастырылған.
Адамдар көп жиналатын орындарда, аулаларда, кіреберістерде, саябақ алаңдарында, спорт және ойын алаңдарында бейнебақылау жүйесін кеңейту үшін 6000 камера орнатуға сомасы 616 млн теңге көлемінде қосымша қаражат жоспарлануда.
Құрметті депутаттар!
Жалпы, сіздермен бірлесе атқаратын жұмысымыз қаланың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Бүгін ұсынылған бюджет қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.
Бюджетті нақтылаудағы ұсыныстарға қолдау білдірулеріңізді сұраймын.