Лого

Меню

Страницы

Статья

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Жаубасовтың баяндамасы

Алматы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде осы жылдың
1 шілдесінен бастап коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты «Халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына өтемақы төлеу түріндегі әлеуметтік көмек көрсету қағидалары» (бұдан әрі - ХӘОТ) әзірленді.

Қазіргі таңда Алматы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарына жататын 315 430 азамат тұрады. Оның ішінде:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 54 адам (0,02%);

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері - 2 978 адам (0,94%);

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер -1 538 адам (0,48%);

- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар - 28 433 адам (8,9%);

- мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 8 591 адам (2,71%);

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасылар - 35 562 (11,2%);

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары  -  534 адам (0,16%);

8) жасы бойынша зейнеткерлер - 237 740 адам (75,1%).

Тарифтердің өсуіне өтемақы ретінде әлеуметтік көмек ХӘОТ өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсан аралығында ай сайын 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде төленетін болады.

Бұл мақсатқа 2023 жылдың соңына дейін 3 264 млн. теңге, ай сайын 544,1 млн.теңге қаражат қажет етіледі.

0,5 АЕК мөлшеріндегі өтемақы сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т.б. сияқты қызметтердің 12 түрі бойынша тарифтердің көтерілу айырмашылығын жабатын болады.

Мысалы: келесідей пәтер аудандары үшін:

40 ш. м - тарифтердің 110% өсуі жабылады;

60 ш. м. - тарифтердің 90% - ы жабылады;

70 ш.м. – тарифтердің 80% - ы жабылады.

Осы Қағидалар биялғы жылдың соңына дейін қолданыста болады және одан әрі ұзарту Алматы қаласының 2024-2026 жылға арналған бюджетін әзірлеу кезінде қаралады.

Өтемақыға құжаттарды қабылдауды аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жүргізіледі. Төлемдер екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Құрметті депутаттар!

Алматы қаласы үшін халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау басым міндет болып табылады, осыған байланысты Шешім жобасын қолдауды сұраймын.

 

Дата публикации
09 августа 2023
Дата обновления
09 августа 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
Мәслихат депутаттарының сайлауы - 2026
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы