
Құрметті депутаттар!
Сіздерді Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі отырыста Алматы қаласын одан әрі дамыту және қала тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін маңызды 3 мәселе қаралады:
Бірінші. Бұл «Коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын» Сіздердің бекітулеріңіз.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасына көшу, | 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласының тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер 27,4% сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 15% және электрмен жабдықтауға 13% көтерілді.
Алматыда әлеуметтік жағынан осал топтар санатына жататын 315 мың азамат тұрады.
Жоғарыда аталған топтарды қолдау мақсатында | біз тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы төлеуді ұсынамыз.
Әлеуметтік көмек мөлшері 0,5 АЕК (1725 теңге) құрайды.
Жыл соңына дейін 3,3 млрд. теңге, | ай сайын 544 млн. теңге қажет болады.
Екінші мәселе – Алматы қаласының бюджетін екінші нақтылау.
Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша қала 28% үлесімен еліміздің мемлекеттік бюджетінің донорларының бірі болып қала береді.
2023 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер көлемі шамамен 3 трлн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 2,1 трлн. теңге немесе 72%.
Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін түсімдер
129% асыра орындалды және 843 млрд. теңгені құрады.
Табыстың жоғары өсу қарқынының арқасында басым
іс-шаралар мен жаңа жобаларды қаржыландыру үшін қосымша бюджеттік мүмкіндіктер пайда болды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қосымша қажеттілікке жалпы сомасы 99,6 млрд. теңге, | 17,7 млрд. теңге алуға өтінімдер берді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды қоса алғанда үнемдеу 6,6 млрд. теңгені құрады.
Осылайша, бюджетті нақтылауға бөлінген жалпы сома 81,9 млрд. теңгені құрайды.
Үшінші маңызды және өзекті мәселе қоғамдық көлікте жаңа жол жүру тарифтерін келісу болып табылады.
Алматыда жолаушыларды тасымалдау тарифі 11 жыл бұрын бекітілген. Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені жол жүрудің нақты құны бекітілгеннен 3 есе қымбат.
Осыған байланысты, әкімдік ай сайын субсидия түрінде тасымалдаушылардың шығыстарын жабады.
2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы
115,8 млрд. теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы төленетін субсидиялар сомасы 2 есеге жуық өсті.
Жоғарыда көрсетілген фактілерге байланысты қолданыстағы тарифті ұлғайту және оны қолма - қол ақшасыз төлеу үшін - 80 теңгеден 100 теңгеге дейін, қолма-қол төлеу үшін - 150 теңгеден 200 теңгеге дейін белгілеу ұсынылады.
Құрметті депутаттар!
Жоғарыда аталған жобалар | Алматы тұрғындары мен жалпы қаланың дамуы үшін өте маңызды. Олар туралы толығырақ салалық басқармалардың басшылары баяндайды.
Назарларыңызға рақмет!