
Қайырлы таң, құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Бүгін мен сіздердің ауданда өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту үшін ең проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы баяндаймын.
1.1. «Қарасу» және «Шаңырақ-1» шағын аудандарында жалпы ұзындығы 150 км (149,8) су құбыры және канализация желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. «Қарасу» шағын ауданы бойынша жұмыстарды тамыз айының соңына дейін, ал «Шаңырақ-1» шағын ауданы бойынша осы жылдың қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Анықтама үшін: Қарасу шағын ауданында 25 км. су құбыры (100%), 24 км. канализация желілері (95%) және 2 канализациялық-сорғы станциясы (0%) көзделген. Шаңырақ-1 шағын ауданында 45 км. су құбыры (95%), 55,8 км канализация желілері (90%) және 10 канализациялық-сорғы станциясы (95%) қарастырылған.
1.2. «Самғау» және «Өжет» шағын аудандарында канализация желілерін пайдалануға беру үшін
5 канализациялық-сорғы станциясы салынып жатыр. Жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталады.
Анықтама үшін: Өжет шағын ауданында 2 канализациялық-сорғы станциясы салынуда - аяқталуы осы жылдың қарашасы, сондай-ақ 1 канализациялық-сорғы станциясының жобасы әзірленді - 2023 жылдың IV-ші тоқсанының басы; Самғауда 3 канализациялық-сорғы станциясы қарастырылған, 1 канализациялық-сорғы станциясы салынып жатыр, мерзімі қазан, 2 канализациялық-сорғы станциясы бойынша заңсыз объектілерді бұзу қарастырылуда (1 канализациялық-сорғы станциясының орнында өндірістік ангардың заңсыз құрылысы бар,
2 канализациялық-сорғы станциясында халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын отбасы тұрады) - жұмыстардың аяқталуы осы жылдың қараша айы.
Бұған дейін мен сіздерге аудандық әкімдіктердің қызметтері кеңейгені туралы хабарлаған болатынмын. Биыл Алатау ауданының әкімдігі ұзындығы 295 км инженерлік желілерді төсеу жұмыстарын бастады:
1) «Алғабас» (су 19,9 км, канализация 27,2 км), «Шапағат» шағын аудандарында (су 13,4 км, канализация 31,9 км) ауыз су және канализация жүйелерін салу жұмыстары 2023 жылдың маусым айында басталып,
2024 жылдың қазан айында аяқталатын болады. Ал «Болашақ» шағын ауданында (су 2,07 км, канализация 2,03 км) осы жылдың қазан айында абоненттер сумен қамту және канализация жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады.
2) «Саялы» шағын ауданының канализация жүйелерін төсеуді (канализация 1,4 км) осы жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарланған. «Теректі» (су 33 км, канализация 33 км), «Рахат-Мәдениет» (су 69,9 км, канализация 61,8 км) шағын аудандарында сумен қамту және канализация желілерін салу 2023 жылдың тамызында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
3) Соңғы 7 жылдың ішінде «14-ші аумақ» шағын ауданындағы аяқталмаған инженерлік желілердің мәселесі өзекті мәселелердің бірі болды.
Алматы қаласы прокуратурасының ұсынуы негізінде мен төтенше жағдайлар желісі бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылдадым. Ол үшін бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді. Маусым айынан бастап 14 көше бойынша инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде желілердің құрылысы аяқталып қойған 3 көшеде (Сусанин, Душанбинская, Нарвская) жаңа жолдар салынуда.
Қалған 11 көше бойынша желілерді салу жұмыстарының аяқталуына қарай жол төсемі толық қалпына келтірілетін болады. Барлық жұмыстарды биыл қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Анықтама үшін: 11 көше – Ачинская, Сахалинская, Метростроевская, Беломорская, Красильская, Петровская, Өскемен, Памирская, Соқпақбаев, Сакко және Ванцетти, Фадеев.
4) Бұдан басқа, «Алғабас», «Теректі» және «Көк-Қайнар» шағын аудандарында электр қуатының жиі сөну мәселесін шешу үшін 31 трансформаторлық подстанция орнатып, 81,3 км иесіз электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Аяқталуы - биылғы жылдың желтоқсан айы. Жоспарланған
2424 тіректің 1700-і орнатылды (1300 тірек Алғабас шағын ауданында, 60 тірек Көк-Қайнар шағын ауданында, 100 тірек Теректі шағын ауданында). Жабдықтар сатып алынды, кабель желілерін төсеу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Қалалық мобилділік басқармасы биылғы шілде айында ұзындығы 60 км болатын
63 көшені қамти отырып, 12 шағын ауданда орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмыстарды осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күні «Алғабас», «Қарасу» шағын аудандары және Саин көшесі бойынша (Мөңке би көшесі мен Үлкен Алматы каналы бойының арасында) жұмыстар жүргізілуде.
Саин көшесін ұзарту үшін көлік қозғалысын осы жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Мөңке би мен Ақын-Сара көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығында барлық бағыттар бойынша қозғалысты 2023 жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.
Ауданда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында биылғы жылдың соңына дейін 904 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда.
Жарығы жоқ 378 көше бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – қыркүйек айының соңына дейін. Жұмыстарды бастау
2024 жылдың наурызына жоспарланған.
Ауданда 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс барысында электр жетегі бар көтергіш механизмдер мен лифтілерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсу қондырғысы көзделген. Сондай-ақ, 5 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделуде. Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
4 маршруттың құрамы толық жаңартылды (№46, 69, 109, 122, барлығы 65 автобус).
IV-ші тоқсанға дейін тағы 4 маршруттың (№24, 125, 19, 88) жылжымалы құрамын 52 бірлікке жаңарту жоспарлануда.
Анықтама үшін: осы жылдың сәуір айының басында 7 маршрутта жылжымалы құрамды жаңарту көзделген болатын. Оның ішінде 3 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды және қосымша көптеген шағымдарға байланысты №69 маршрут жаңартылып, күшейтілді.
Биыл қараша айының соңына дейін Алатау ауданы бойынша тағы 20 остановка кешенін салу жоспарлануда.
Анықтама үшін: жыл соңына дейін қала бойынша 50 остановка салу жоспарлануда.
Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарлануда. Атап айтқанда:
1) «Зерделі» шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж (мердігер «Sp Neft» ЖШС);
2) Индустриялық аймақ аумағында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжін салатын мердігер ұйым (мердігер «Өмірзақ» ЖШС) анықталды. Екі колледж бойынша құрылыс тамыз айында басталады.
«Саялы-2», «Зерделі» шағын аудандарында
550 орындық жаңа 2 мектеп салынуда. «Саялы-2» мектебін келесі жылдың II-ші тоқсанында, «Зерделі» шағын ауданындағы мектепті 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Самғау», «Алғабас», «Қарасу», «Теректі», «Әйгерім» және «Ақбұлақ» шағын аудандарында
11 500 орындық тағы 6 мектеп салу үшін дайындық жұмыстары басталды.
«Мектеп автобусы» жобасы бойынша Алатау ауданына бұған дейін 16 автобус бөлінген болатын. Тамыз айында 5 мектепке (№204 орта мектеп – 5, № 210 мектеп-лицей – 3, № 179 орта мектеп – 2, № 196 орта мектеп – 1 автобус) қосымша тағы 25 автобус жіберіледі. Сонымен бірге №154 мектептің бұзылғанын ескере отырып, 1 700 оқушыны тасымалдау үшін 14 автобус қарастырылған. Бұл оқушылар 3 мектепке (№82, 91, 196) бөлінеді.
«Саялы-2» шағын ауданында 160 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды. Ол жаңа оқу жылының басында ашылады.
Балаларды қосымша оқытумен қамтуды одан әрі арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Инновациялық шығармашылық орталығының (Оқушылар сарайы) құрылысы аяқталды. Оған аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алады (Білім басқармасының балансына 2023 жылдың 15 тамызына дейін беріледі). Алатау ауданында осындай деңгейдегі шығармашылық орталық алғаш рет ашылуда. Шығармашылық орталықтың ашылуы 21 тамызға жоспарланған.
Сондай-ақ, «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оны осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бұрын айтқанымдай, «Саялы» және «Қарасу» шағын аудандарында жоспарлы қуаты бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулатория салынуда. «Қарасу» шағын ауданындағы дәрігерлік амбулаторияны аяқтау мерзімі қазан айына және «Саялы» шағын ауданындағы дәрігерлік амбулатория осы жылдың соңына қарай жоспарланған.
Қосымша бөлінген 875 млн. теңгені ескере отырып, Алатау ауданында тағы 19 жаңа жоба іске асырылатын болады. Олар осы жылдың қараша айына дейін аяқталады (бүгінгі күні конкурстық рәсімдер жүргізілуде, жұмыстар биылғы жылдың тамыз айының соңында басталады.).
«Зерделі» шағын ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қисайып кеткен 30 үйді түзету және нығайту жұмыстары толық орындалды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда аула учаскелерін абаттандыру және асфальттау жұмыстары аяқталды.
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қорытындысына сәйкес нығайтылған және түзетілген үйлер одан әрі пайдалануға жарамды. «Отбасы банк» акционерлік қоғамының пәтерлерді кепілге алу мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айында реттелетін болады.
Осы шағын ауданда жасыл аймақтарды, 2 балалар алаңын, қарттарға арналған демалыс аймағын, шағын сәулет формаларын, атриум-аймақтарды орналастыра отырып, сквердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен бірге мұнда әртүрлі ағаштардың 200-ден астам түрі отырғызылатын болады (жұмыстың басталуы 2024 жылдың II-ші тоқсанында, аяқталуы 2024 жылдың соңына дейін). Бұл сквер бұзылған 2 аяқталмаған үйдің орнына салынады (Зерделі,1/146 и Зерделі, 1/147).
Сондай-ақ, «Зерделі» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Оны осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Алатау ауданында қатты жауын-шашын кезінде су басатын 18 учаске анықталды. Бүгінгі таңда төтенше жағдай желісі бойынша оның 10-ы жойылды.
Анықтама үшін: арық желілерін салу және реконструкциялау – 1,2 км, коллекторды тазарту – 8,4 км және каналдарды тазарту – 3,9 км, су бұру арналарын салу – 6,5 км, Боралдай өзенінің жағалауын нығайту – 671 м.
Қаланың батыс бөлігінде жалпы ұзындығы 49 км болатын 59 көше бойынша арық желісі мен нөсер канализациясын салу және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде қалған 8 су басу учаскесі жыл соңына дейін жойылады (осы жылдың маусым айының соңында мердігер ұйымдар анықталды, шілде айында жұмыс басталды).
«Қарасу» көлін механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су ағызу құрылыстарын салу және ұзындығы 40 м (диаметрі 280 мм) жол астынан тесу жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 5 мың м3 тұнба шөгінділері шығарылды. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқтаймыз.
«Өжет» шағын ауданындағы тоған бойындағы жасыл аймақ (16 га) және Боралдай өзенінің жағалауындағы жаяу жүргіншілер серуендеу аймағының (24 га) құрылысы басталды. Екі жобаны 2024 жылдың II-ші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қарасу» шағын ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша аудан әкімдігі Бағаналы Орда көшесінде жаяу жүргіншілер аймағын салу жоспарлануда. Жоба мердігер ұйымды айқындау сатысында. Жобаны іске асыру тамыз айының соңына дейін басталады, биылғы жылдың қараша айында аяқталады.
Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.