
«Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасына» сәйкес 2024 жылдың аяғына дейін 30 жаңа қаламаңы маршрутын ұйымдастыру жоспарланған. 2023 жылғы жоспарға сәйкес 10 жаңа маршрут ашылады деп күтілуде. Олар Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарына қатынайды.
Сондай-ақ Алматы қалалық мобилділік басқармасы әлейметтік маңызы бар маршруттардың тізімін бекіту турлы қаулы жобасын әзірленді. Құжаттар www.legalacts.egov.kz нормативті құқықтық актілер порталында 18 шілде мен 1 тамыз аралығында жарияланады.
Жобалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативті құқықтық актілердің барлық талаптарына сай келеді.
Қызығушылық танытқан азаматтар келесі сілтемелер бойынша өтіп, талқылауға қатыса алады:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14635226
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14635192
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14635259