Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі

Қайырлы таң, құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Бүгін мен сіздердің аудандарыңыздың ең өзекті мәселелерін шешу бойынша әкімдіктің жұмысы туралы баяндаймын.

  1. Инженерлік желілер

Құрылыстың жаңа қарқынмен өсуі ауданның инженерлік желілеріне едәуір ауыртпалық түсіріп отыр. Желілердің тозу деңгейі орта есеппен 60% құрайды.

Бұл проблемаларды шешу үшін 1,6 км магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жүріп жатыр. Жұмыстар осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.

Биыл «Орбита» және «Южная» қазандықтарын қосатын  ұзындығы 900 метрден асатын магистральды жылу трассасының құрылысы басталды. Бұл учаске 2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде «Южная» қазандығының қуатын сағатына 190 гкал дейін ұлғайта отырып, реконструкциялау жұмыстары аяқталады.

«Алмагүл» жаңа подстанциясына 4,8 км электрмен жабдықтау кабель желілері тартылды. Подстанцияны биыл шілде айының соңында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл 200 мыңға жуық тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желісі бойынша осы жылдың шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ 1,5 км кабель желілерін ауыстыру жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі осы жылдың соңы.

Бұдан бөлек, әкімдік биылғы маусым айында ауданның қосылған аумақтарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстарын бастады. Аяқталуы – 2024 жылдың сәуірі.

Сумен қамту қызметтерін жеткізу сапасын жақсарту үшін 6,1 км су құбыры желілерін реконструкциялау жүргізілуде. Жұмыстар биыл қазан айында аяқталады.

Тамыз айында Бұқар Жырау көшесінің Т. Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігіндегі 1,5 км орташа қысымдағы жерасты газ құбырын реконструкциялау басталады. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жұмыстар 2023 жылдың қазан айында аяқталады. Бұл 16 мың тұтынушыны үздіксіз газбен қамтамасыз етеді.

Аудандағы өзекті проблемалардың бірі «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» жауапкершілігі шектеулі серктестігінің «Ерменсай» шағын ауданына электрмен және сумен қамтамасыз ету қызметтерін сапасыз көрсетуі болып табылады. Табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген тексерулердің нәтижесінде осы кәсіпорынның қызметінде бұзушылықтарды анықтады. Сонымен қоса ауданның полиция басқармасы осы жылдың 20 маусымында кәсіпорын тарапынан заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

Әкімдік жүргізген келіссөздерден кейін биылғы 26 маусымнан бастап 4,4 км электрмен жабдықтау әуе желілерін қаланың балансына беру жұмыстары жүріп жатыр. Оны 2023 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған.

  1. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайында 300 орындық № 65 мектепке қосымша құрылыс салып жатыр, жұмыстар осы тамыз айында аяқталады.

Осы жылдың қыркүйегінен бастап сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернат ашылады, онда 120 орындық қосымша құрылыс аяқталады.

Жыл басынан бері ауданда 6 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «РАМС Қазақстан» құрылыс компаниясы «РАМС Сити» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің аумағында 1 100 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Аяқталуы – 2024 жылдың тамыз айы, сондай-ақ 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Бұдан басқа, Қ. Сәтбаев көшесі, 90 мекенжайында «Конкрит продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты көшкеннен кейін қазан айында «Hit Building» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 900 орындық мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарлануда: Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында, Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында және Розыбакиев – Қожабеков қиылысында мектеп. Жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады.

Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін биыл маусым айында «Керуен Medicus» медициналық орталығында 40 орындық жаңа перзентхана корпусы және ауысымына 300 келушіге арналған емхана ашылды.  

Қазан айында 300 орындық «Балалар жедел жәрдем орталығының» операциялық блогымен бірге қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын ашу жоспарланған.

Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту мақсатында әкімдік 6 денсаулық сақтау объектісін салу және  реконструкциялауды жоспарлап отыр.

Әрқайсысы 500 орындық 2 жаңа емхананың және Орталық қалалық клиникалық аурухананың 500 орындық жаңа корпусы жобалануда. Бұл объектілердің құрылысы 2024 жылы басталады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ғимаратын, сондай-ақ №4 және №12 емханаларды күрделі жөндеу жұмыстары жобалануда. №4 және №12 емханаларды жөндеу жұмыстары қараша айында, ал Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы келесі жылдың наурыз айында басталады.

 

  1. Жол инфрақұрылымы

6 маусымнан бастап Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Осы жоба аясында жолдың екі жағынан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустармен жабдықталған екі вело-жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр. Көпірді кеңейту –
2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін; вело-жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы - 2023 жылдың 15 қазанына дейін аяқталады.

Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту үшін 23 көшеге, оның ішінде ұзындығы 27,5 км 2 магистральды көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген.  

Биыл маусым айынан бастап 2 магистральды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы – 1 қыркүйекке дейін. Бұған дейін жөндеу жұмыстары Әл-Фараби даңғылында 2010 жылы, Абай даңғылында 2012 жылы жүргізілген.

Сондай-ақ маусым айынан бастап 3 көшені орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 18 көшеде жұмыстар 15 шілдеден басталады. Барлық жұмыстар биыл қазан айына дейін аяқталады.

Децентрализация аясында аудан әкімдігі маусым айынан бастап аудан көшелері мен жол өткелдеріндегі шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Барлығы 500 млн теңгеге жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 4,0 мың шаршы метр асфальт төселді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы 30 қарашаға дейін 8 светофор объектісін орнату жоспарлануда.

Халыққа көлік қызметін көрсету сапасын жақсарту үшін 21 маршрутта 288 автобус жаңартылды

Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін жеке тасымалдаушылар маршруттарындағы 44 автобусты және «Алматыэлектротранс» ЖШС маршруттарындағы 193 автобусты жаңарту жоспарлануда

  1. Абаттандыру және көгалдандыру

Жасыл қорды сақтау үшін ауданда көлемі 163,4 га болатын 27 учаскеде суару құбыры орнатылды. Барлық учаскелерді автоматтандырылған суару жүйесіне көшіру мәселесі қарастырылуда.

55,2 км арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Маусым айында апаттық жағдайдағы ағаштарды санитарлық кесу және құлату жұмыстары басталды. Бүгінгі күні жоспарланған 4 500 ағаштың 2 600-ін санитарлық кесу, жоспарланған 2 500-ден апатты жағдайдағы 600 ағашты құлату жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ  435 мың ағашты 4 еселі биологиялық өңдеу жүргізілуде.

Аула ішіндегі аумақтарда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары қайта басталды. Бұған дейін бұл мәселемен тұрғын үйлерді басқару органдары айналысқан болатын 

Тұрғындардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін 80 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ биыл 90 ауланы ағымдағы жөндеу жоспарланған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың өтінімдері бойынша 1-ші кезеңде  800 млн теңге сомасына 17 жоба іріктелді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, 15 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың қыркүйегінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

Осы бағдарлама бойынша биыл 2-ші кезеңге 875 млн. теңге бөлінді. Аудан тұрғындары 100 өтінім берді, оның ішінде 2-14 мамыр аралығында тұрғындардан ең көп дауыс жинаған 23 жоба таңдалды. Жобаларды іске асыру осы жылдың тамыз айында басталады.

  1. Жарықтандыру

Аудан көшелерін жарықтандыруға ерекше көңіл бөлінуде.  Осы жылдың наурыз айында жарық жоқ 61 көше мен өткелдерде сыртқы жарықтандыру құрылысы аяқталды,

Маусым айының басынан 15 шілдеге дейін аудан тұрғындарынан сыртқы жарықтандыру желілерін салуға өтінімдер қабылдануда. Қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін учаскелердің тізбесі жасалатын болады. Осы жұмыстың нәтижесінде 2025 жылға қарай Бостандық ауданын көше жарығымен 100% қамту жоспарланған.

 

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет. Енді сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.

Дата публикации
13 июля 2023
Дата обновления
13 июля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы