
Қайырлы таң, құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Бүгін Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Медеу ауданы қарқынды дамып келеді, бұған барлық негізгі көрсеткіштердің өсуі дәлел. 5 айдың ішінде өнеркәсіптік өндіріс 14,1%-ке, көтерме сауда - 19,5%-ке, жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 32,3%-ке, салық түсімдері – 44,4%-ке өсті.
Медеу ауданы әкімдігінің көбейе түскен функцияларын қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету үшін 1-ші сәуірден бастап оның бюджеті 20,9 млрд теңгеге дейін 2,3 есе ұлғайтылды, штат 18 бірлікке
(36 адамнан 54 адамға дейін) көбейді.
Енді сіздердің аудандарыңыздың негізгі проблемаларына және оларды шешу үшін біз қабылдап жатқан шараларға тоқталып өтейін.
Каменское платосындағы жер асты су көзіндегі
(3 скважина) су деңгейінің 2,5 есе (150-ден 60 куб метрге дейін) төмендеуіне байланысты менің тапсырмаммен төтенше жағдайлар желісі бойынша осы шілде айында су беруге арналған резервуарлары бар қосымша скважиналардың құрылысы басталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл келесі жылы Каменское плато (1180 үй, 4363 тұрғын), «Көлсай» (318 үй, 1176 тұрғын) және «Юбилейный» (260 үй, 700 тұрғын) шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Каменское плато шағын ауданының тұрғындары тарату желілері салынғаннан кейін (28,9 км) орталықтан сумен және канализация жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қараша айында аяқталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2024 жылдың
I-ші тоқсанында бастау көзделген.
Бұл жобаны іске асыру қосу магистралын салу жоспарланған «Мұзтау» шағын ауданын сумен қамту мәселесін де шешуге көмектеседі. Жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қараша айында аяқталады, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың I-ші тоқсанында басталады.
Биыл сәуір айында жалпы ұзындығы 46 км (сумен қамту – 9,6 км және канализация – 36,2 км) су құбыры және канализация желілерінің құрылысы басталды. «Көлсай» (2,8), «Кеңсай» (14,2) шағын аудандарында және Халиуллин көшесінде (3,8) жұмыстарды аяқтау осы жылдың қазан айына жоспарланған. «Компот» шағын ауданы (25) бойынша жұмыстар биылғы жылдың шілде айында басталып, 2024 жылдың шілдесінде аяқталады.
«Думан» (су құбыры - 5,5 км және канализация - 8,5 км) және «Сұлусай» шағын аудандарындағы (2 скважинаның және су құбыры желілерінің құрылысы) 2 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын конкурс өткізілгеннен кейін осы жылдың ІІІ-ші тоқсанында бастаймыз.
«Алатау», «Атырау» шағын аудандары мен
32 көше бойынша (Шығыс айналма автожолы, Халиуллин, Тайыров, Шақшақ Жәнібек бөлігінде) сумен қамту және канализация желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау желтоқсан айына жоспарланған.
Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін
55 мың тұрғын сапалы сумен (12 мың) және канализациямен (42,7 мың) қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік басқаруды децентрализациялау аясында биыл 1 сәуірден бастап барлық аудан әкімдіктері өз бетімен жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жаңа функцияны орындау үшін Медеу ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді.
Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту және жайлылығын арттыру үшін біз қоғамдық көлік паркін үнемі жаңартып отырамыз. Сондай-ақ Медеу ауданына қызмет көрсететін 22 маршруттағы жылжымалы құрамдар жаңартылады.
Сіздердің аудандарыңыз жол қозғалысы қарқынды, халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады. Қала әкімдігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыстар жүргізуде. I-ші тоқсанда Медеу ауданында 57 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (290 камера) орнатылды.
Ауданда бейнемониторинг жүйелері желісінің жобасын кеңейту шеңберінде III-ші тоқсанда 750 жаңа бейнекамера орнату жұмыстары басталады.
Маусым айының соңына дейін №48 мектеп реконструкциядан өтіп, 250 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталады.
Осы жылдың тамыз айында №131 мектепті сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталады. Сонымен қоса жеке қаражат есебінен осы мектептің 300 орындық жаңа корпусын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың қыркүйек айы.
Жалпы, қосымша құрылыстар салуға 3 жобалау-сметалық құжаттама, сейсмикалық күшейте отырып мектептерді күрделі жөндеуге 3 жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде және №29 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу жұмыстары жүргізілуде (қосымша құрылыстар: №35, 131, 168; күрделі жөндеу: №33, 99, 161; № 29 мектепке қосымша құрылыс үшін жер учаскесін сатып алу).
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігінде 2000 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылысты бастау осы жылдың
IV-ші тоқсанына жоспарланған. Жеке инвестордың («MG City» ЖШС) қаражаты есебінен 2024 жылы «Думан» шағын ауданында 1200 орындық мектеп салу жоспарланған.
Осы жылы 2 балабақшаны - №112 және №195 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуді бастау жоспарлануда. Бүгінгі күні
247 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылды, сондай-ақ биыл тағы 253 орындық 5 жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда.
Анықтама үшін: кешеннің жоспарланған өткізу қабілеті бір ауысымда 150 баланы құрайды (бір күнде 4 ауысым). Мемлекеттік активтер басқармасы арқылы жеке ұйымдарға жалға берілген жағдайда, халыққа кешкі уақытта ақылы спорттық қызметтер ұсынылуы мүмкін.
№4 («Самал-3» шағын ауданы) және №10 (Айдын көшесі, 9) жедел жәрдем көрсететін қосалқы станциялардың ескірген ғимараттарын бұзып, заманауи ғимараттар салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Аяқталу мерзімі – осы жылдың IV-ші тоқсаны.
Осы жылдың IV-ші тоқсанында сейсмикалық күшейте отырып, «Алатау» қалалық ауруханасының жанындағы Қалалық емхананың ғимаратын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау жоспарлануда.
Осы жылдың III-ші тоқсанында №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама аяқталады (Байжанов көшесі, 107/5).
Ағымдағы жөндеу аясында 122 жобаны іске асыру жоспарланып жатыр, оның ішінде 80 ауланы жабдықтау, 23 үйдің фасадын жаңарту, 13 жерүсті (Шығыс айналма автожолы бойынша 8-ін жөндеу) және жерасты (5, оның ішінде 3-уін гидрооқшаулау, 2-уін жөндеу) жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу, 4 автоматты суару жүйесін реконструкциялау және 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Аяқталу мерзімі – осы жылдың IV-ші тоқсаны.
Осы жылдың тамыз айының соңына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверді («Самал-1» шағын ауданы) реконструкциялауды аяқтау жоспарлануда. Осы жылдың шілде айында «Самал-1» шағын ауданындағы «Журналистер» скверін реконструкциялау басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша осы жылғы қыркүйек айының соңына қарай «Алатау» шағын ауданындағы Ибрагимов көшесінің бойына сквер салынады.
Аудандағы қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі таңда оны реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (жобалау-сметалық құжаттаманы осы жылдың қараша айында аяқтаймыз). Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Тереңқұрға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Үнемі су басатын 7 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қолданыстағы коллекторларға қосылған 273 м арық желілері реконструкцияланып, салынды, сондай-ақ өткелді салу жұмыстары да орындалды.
Сонымен қатар 31 көшенің (23,6 км) арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс 2024 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Медеу ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді.
Аталған қаражатқа 14 жобаны, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, балалар алаңдарын жайластыру және терең контейнерлер орнату жоспарлануда.
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет! Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.