Лого

Меню

Страницы

Статья

Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбековтың 2022 жылғы бюджетті атқару жөніндегі мәслихат сессиясына баяндамасы

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 130 - бабына сәйкес, Сізге 2022 жылғы қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстың қорытындылары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. Бұл есеп Тексеру комиссиясында және Мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралды.

Алматы - мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің төрттен бірінен астамын немесе 26,2%-ды беретін кіріс бөлігінің доноры болып табылады.    

2022 жылғы жергілікті кіріс көздерінің түсімдері 1 005,5  млрд.теңге жоспар бойынша 169,7 млрд.теңгеге немесе жоспардан 116,9%-ға  (1 175,2 млрд.теңге) асыра орындалды. Өсім 42,2%-ды құрады            (2021 ж. нақты – 826,4 млрд. теңге).

Кірістер келесі көздерден құрылады:

- салықтық түсімдер - 957,9 млрд. теңге жоспар бойынша 1 122,1 млрд. теңге, 117,1% немесе 164,2 млрд. теңгеге асыра орындалды. Өсім қарқыны 2021 жылмен саластырғанда  42%-ды құрады,;

Екінші - салықтан тыс түсімдер - 18,2 млрд. теңге жоспар бойынша 16,6 млрд. теңге, құрады  атқарылу 91,2%. Өсім қарқыны 106,9%.

Үшінші - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 29,4 млрд. теңге жоспар бойынша 36,4 млрд.теңге, кұрады  123,8% немесе 7 млрд.теңгеге асыра атқарылды. Өсім қарқыны 175,3% -

2022 жылғы бюджет алдыңғы жылмен салыстырғанда 274,9 млрд. теңгеге немесе 26,1%-ға ұлғайды, сондай-ақ даму бағдарламалары бойынша жоспар 98,1 млрд. теңгеге немесе 49,6%-ға ұлғайды.

2022 жылы шығындар жоспар бойынша 1 трлн. 326,8 млрд. теңге, оның 1 297,1 млрд. теңге сомасы атқарылды, немесе 97,8%, кұрды  бұл 2021 жылмен салыстырғанда 256,3 млрд.теңгеге немесе 24,6%-ға ұлғайды.

Бюджеттің атқарылмауы 29,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

7,1 млрд.теңге – қайта пайдалану (Ұлттық қордың бойынша )

5,8 млрд.теңге – үнемдеу

1,7 млрд.теңге – жергілікті атқарушы органның резерві

15,1 млрд.теңге – атқарылмау

Үнемдеу сомасын ескере отырып, нақты игеру 1 трлн. 311,7 млрд. теңгені немесе 98,9%-ды құрады.

2022 жылы игерілмеген Ұлттық қордан 7,1 млрд.теңге сомасы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес оларды 2023 жылы пайдалану үшін қалаға қайта бөлінді

Бұл қаражаттар биыл игеріледі, олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қаланың бюджеті халықтың тыныс - тіршілігі саласының негізгі басымдықтарын ескере отырып, мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметті бағдарланған күйінде қалып отыр.

 

.выступан на рус

 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында жалпы бюджет көлемінен - 3,4% үлеспен 44,5 млрд. теңге игерілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10,1 млрд.теңгеге немесе 29,6%-ға артық.

5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 мың бала кепілдендірілген әлеуметтік қолдайу алды  

1,5 мыңнан астам отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді.

36 мың адам 16 бағыт бойынша әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілді

Ерекше қажеттіліктері бар 28 мыңнан астам азамат оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.

Ерекше күтімді қажет ететін 5,8 мың қала тұрғыны санаторий-курорттық емделуге жіберілді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылғанын айта кету керек. Инклюзивті білім берумен 4 632 бала қамтылды.

Балалардың құқықтарын қорғау саласында шаралар кешені іске асырылуда. Қалада «Жанұя» АК мемлекеттік балалар үйі және «SOS Алматы Балалар ауылы» жеке білім беру мекемесі жұмыс істейді.

Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамыту шеңберінде 2022 жылы Алатау ауданының «Томирис» (Трудовик) шағын ауданында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін жедел әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы аяқталды.

Есепті кезеңнің соңына 57,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде: 40,3 мың бірлік - тұрақты, 17,2 мың бірлік - уақытша.

 

 

Выступал на рус

 

Сонымен қатар, келесі іс-шаралар өткізілді:

Қалалық кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайту шеңберінде:

- «Алматы тұрғын үй» ЖШС - 170 тұрғын үйде лифт жабдығының 358 жиынтығын және 65 көп қабатты тұрғын үйде күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл жоспарланғанның - 88,4% құрайды

- «Алматыэлектротранс» ЖШС - троллейбусты желілік кабельдердің негізгі байланыс-кабельдік желілерінің 12 км-де жаңғырту жүргізілді;

- «Алматы жылу желілері» ЖШС - 1 441 метр жылу желілері мен 1 077,7 шаршы метр сорғы станциялары қайта жаңартылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік-жекешелік әріптестік  шеңберінде қоғамдық көлікті диспетчерлеу бойынша, ауданы 10,5 мың шаршы метр жолдарды жөндеу, ұзындығы 80 км тротуарларды, қалдық қалталарды және аудандарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешені және қаланың жол қозғалысын талдау жүйесі (Сергек) 766 бірлікке кеңейтілді.

108,6 км. қаланы халыққа бағыштау желісі жаңғыртылды, ауданы 159,3 мың шаршы км. қаланы сәндік-гүлді көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Бұдан басқа айтып кетиін 2022 жылы бюджетте 140 жобалау-сметалық құжаттама көзделген, олардың 56-сы бойынша оң мемлекеттік сараптамалар алынды, қалғандары осы жылы іске асырылатын болады.

Атап өткенде 2022 жылы даму бюджеті - 279,8 млрд.теңгені, 2023 жылы -
329 млрд.теңгені 17% өсіммен құрағанын атап өткім келеді.

Құрметті депутаттар Тексеру комиссиясының ұсынған аудиторлық қорытындысы негізінде Қаржы басқармасы 2023 жылы қаржылық тәртіпті жақсарту және қаражатты игерілмеуге жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады.

Жоспарлау бөлігінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін бюджеттік процесті цифрландыруды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл қаражаттың жұмсалуын тиімді бақылауға және мониторингтеуге қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асыру үшін және

Қала тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, тиімді жоспарлау және игеру бөлігінде жұмыс жалғастырылатын болады.

          Қолдауды сұраймын! Назар аударғандарыңызға рахмет!

 

Дата публикации
16 июня 2023
Дата обновления
16 июня 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы