
Құрметті Мейіржан Батырбекұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздердің назарларыңызға, Бюджет кодексінің 130-шы бабына сәйкес, 2022 жылғы Даму жоспарын іске асыру қорытындылары енгізіліп отыр.
Ең алдымен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.
2022 жылы экономиканың барлық салаларын серпінді дамыту қамтамасыз етілді. Іскерлік белсенділік толығымен қалпына келді. 1 трлн. 400 млрд. теңге инвестициялар тартылды, бұл 12,1% өсімді қамтамасыз етті. 57 мың 500 жұмыс орны құрылды.
Жалпы, мегаполис экономикасының өсімі 5,1% деңгейінде қамтамасыз етілді.
Алматы қаласының Даму жоспары 2025 жылға дейінгі даму және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар Бағдарламасын ескере отырып, өзектендірілді.
2022 жылы Даму жоспарының 7 бағыты бойынша 460 млрд. теңгеге, барлығы 483 іс-шара жүзеге асырылды.
«Жайлы қалалық орта» бағыты бойынша 1 млн. 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
410 км-ден астам инженерлік желілер салынды немесе қайта жаңартылды. Нәтижесінде су құбыры желілерінің тозуы 3,1%-ке, кәріз желілерінің тозуы 2,3%-ке төмендеді.
Наурызбай және Алатау аудандарында 25 км жаңа жол салынды. Қала бойынша 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 86%-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Қоғамдық көлікті экологияландыру үшін 550 жаңа автобус сатып алынды. «Б. Момышұлы» және «Сарыарқа» метро станциялары ашылды. Нәтижесінде метродағы жолаушылар ағыны 78%-ке өсті.
2022 жылы макрокөрсеткіштердің оң динамикасы қамтамасыз етілді. Халықтың табысы нақты мәнде 2,5%-ке өсті, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 10,4%-ке өсіп, 19 мың 400 долларды құрады. 7 млрд. 600 млн. долларға рекордты тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. 40 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін Индустриялық аймақта 9 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылды. Бүгінгі таңда 344 млрд. теңгеге 19 жоба іске асырылуда.
2022 жылы шағын және орта бизнестің 3 мың 400 жобасы қолдау тапты. Бұл белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерін 42%-ке өсуіне ықпал етті.
Креативті индустрияларды дамыту ерекше назарда. Оларды қолдау үшін Гранттар берудің өңірлік қағидалары әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Венчурлық қор құрылуда.
2022 жылы туризм көрсеткіштері пандемияға дейінгі қалыпқа келді. Шетелдік туристер саны 2,5 есеге өсті. Жалпы қалаға 1 млн. 800 мың ішкі және сыртқы туристтер келді.
Туризм инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 2 мың 200 орындық 14 жаңа нысандар ашылды.
1) Алматы агломерациясын дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2022 жылы Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту аяқталды. Төле би көшесін ұзарту жұмыстары басталды.
2) 22 қаламаңы маршруттары ұйымдастырылды. Осы маршруттарда күнделікті транзакциялар саны 180 мыңға дейін көбейді.
3) Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мақсатында 700 контейнер орнатылды. Бұл қайта өңдеу үлесін 18%-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік тұрақтылық пен орнықтылықты қамтамасыз ету басымдықтардың бірі болып табылады.
2022 жылы 18 мың орындық 20 орта білім беру объектісі іске қосылды. Оқушы орындарының тапшылығы 36%-ке төмендетіліп, 19 мың 100 орынды құрады.
Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдарға 15 млрд. 300 млн. теңгеге жабдықтар алынды, 7 объекті бойынша жобалық құжаттама әзірленді. 3 мың 500-ден астам маман біліктілік арттыру курсынан өтті.
Мәдениет саласында шамамен 1 млн. адамның қатысуымен 700-ден астам іс-шара өткізілді. 56 мың бала тегін шығармашылық және спорттық үйірмелермен қамтылды.
Спорт саласында Жетісу ауданының «Кемел», «Құлагер» және «Айнабұлақ-2» шағын аудандарында 3 дене шынықтыру, сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
150 мыңнан астам жастар волонтерлік және мәдени
іс-шаралармен қамтылды, NEET жастарының үлесі 5,9%-ке дейін төмендетілді.
Жасыл Алматы бағыты бойынша 473 мың көшет отырғызылды. 2 млн. 300 мың ағашқа 4 кезеңдік өңдеу жүргізілді. Іле-Алатау ұлттық паркін ескере отырып, жасыл желектердің ауданы бір адамға шаққанда 12 шаршы метрге дейін жеткізілді.
2022 жылы тексеру нәтижесінде 102 тұрақты су басу учаскесі анықталды. Қазірдің өзінде 56 аса қауіпті учаске жойылды. Қалған 46 учаске бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есентай және Жарбұлақ өзендерінің арналарын қайта жаңалау жұмыстары аяқталды.
Азия даму банкінің гранты есебінен ауаның жай-күйін бақылау үшін 50 датчик орнатылды.
Алматы - Смарт Сити бағыты бойынша 14 млн. 500 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтар көп жиналатын жерлерде 3 050 бейнекамера орнатылды.
Бүгінгі күні қалада 126 мыңға жуық бейнекамера жұмыс істейді, оның 18 мың 400-і Алматы қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
Барлық медициналық ұйымдардың Интернетке 100% қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Электрондық денсаулық паспорттарымен қамту 95%-ті құрады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде цифрлық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер деңгейі 93,3%-ке жетті.
Қауіпсіз қала бағыты бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында 50 профилактикалық іс-шара өткізілді.
16 бірлік автотехника мен өрт сөндіру жабдығы сатып алынды.
Жойқын жер сілкінісі туралы ерте хабарлайтын
11 станция орнатылды. Барлығы 28 Станция қарастырылған, қалған 17 станция ағымдағы жылдың соңына дейін орнатылады.
Төтенше жағдайларға дайындықты арттыру үшін 1 млн. 200 мыңнан астам адамды қамти отырып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.
***
Құрметті депутаттар!
Жалпы, 2022 жылы Даму жоспарын тиімді іске асыру қамтамасыз етілді. Бұл Жоғары аудиторлық палатаның
95,8%-тік тәуелсіз бағалауымен расталып отыр.
Ағымдағы жылы, біз Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмысты жалғастыратын боламыз.
Назарларыңызға рақмет!