
Құрметті депутаттар!
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы қойған басты тапсырмалардың бірі «қаңтар» оқиғалары барысында қираған қаланың инфрақұрылымы мен іскерлікті қалпына келтіру болды.
Осығын байланысты, Алматы қаласының әкімдігі келесі шараларды қабылдады:
Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы қосымша 16,8 (он алты да сегіз) млрд. теңге бөлінді. Ақша Полиция департаментінің көлік құралдары мен 3050 (үш мың елу) камераны қалпына келтіруге, ақшалай өтемақы төлеуге және арнайы техника, жабдықтар сатып алуға жұмсалды.
2022 (екі мың жиырма екінші) жылы Алматының экономикалық өсуі 5,1% (бес те бір пайыз) деңгейінде болды. Өңдеу өнеркәсібі экономиканың өсуінің драйвері болды. Өсім 13% (он үш пайызды) құрады. Қабылданған шаралар мегаполис экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 57,8% (елу жеті де сегіз пайызға) дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Алматы – мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен бір бөлігін қамтамасыз ететін донор. 2022 (екі мың жиырма екінші) жылдың қорытындысы бойынша Алматының үлесі 26,2% (жиырма алты да екі пайызды) құрады.
2022 (екі мың жиырма екінші) жылы республикалық бюджетке 2 трлн. 961,7 млрд. (екі триллион тоғыз жүз алпыс бір де жеті) теңге түсім жіберілді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 41,9% (қырық бір де тоғыз пайызды) құрады.
Жергілікті бюджетке 1 трлн. 175,2 млрд. (бір триллион жүз жетпіс бес те екі миллиард) теңге түсті, бұл 2021 (екі мың жиырма бірінші) жылға қарағанда 42% (қырық екі пайызға) артық. Түсімдердің өсуі барлық бюджеттік міндеттердің орындалуын қамтамасыз етті.
2022 (екі мың жиырма екінші) жылы игерілмеу
29,7 (жиырма тоғыз да жеті) млрд. теңгені құрады. Алайда, 7,1 (жеті де бір) млрд. теңге – 2023 (екі мың жиырма үшінші) жылы қайта пайдалануға рұқсат етілген Ұлттық қордың қаражаты, 5,8 (бес те сегіз) млрд. теңге – үнемдеу және 1,7 (бір де жеті) млрд. теңге – жергілікті атқарушы орган резервінің қалдығы.
Осылайша, мердігерлердің әділетсіздігіне, ұзақ конкурстық рәсімдерге және басқаларға байланысты игерілмеу 15,1 (он бес те бір) млрд. теңгені құрады.
2022 (екі мың жиырма екінші) жылы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Қаланың ерекшелігін ескере отырып мегаполис мәселелерін шешудің жаңа тәсілдері анықталды.
Өзгерістер Қала құрылысы кеңесін құруға, Жылжымайтын мүлікті ресімдеу жөніндегі комиссияны құруға, Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекітуге, Алматының Дизайн кодын әзірлеуге және басқаларын бекітуге мүмкіндік берді.
Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жүйелі мәселелерін шешу үшін 2022 (екі мың жиырма екінші) жылдың қыркүйек айында Сіздер әкімдік әзірлеген «Алматы қаласын дамытудың 2025 (екі мың жиырма бесінші) жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 (екі мың отызыншы) жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» бекіттіңіздер.
Даму бағдарламасын іс жүзінде іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы 15 (он бесінші) желтоқсандағы қаулысымен Жол карталары бекітілді.
Қажетті қаражат Мәслихаттың 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы 9 (тоғызыншы) желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының 2023-2025 (екі мың жиырма үшінші – екі мың жиырма бесінші) жылдарға арналған бюджетінде көзделген.
Даму бағдарламасының іске асырылуы және 2022
(екі мың жиырма екінші) жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы экономика және қаржы басқармаларының басшылары толығырақ баяндайды.
Рақмет!