Лого

Меню

Страницы

Статья

Выступление акима г. Алматы Досаева Е.А. на встрече с жителями Жетысуского района

Қайырлы таң, құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.

Алдарында тұрған міндеттерді неғұрлым жедел әрі тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінің жауапкершілігін күшейту олардың материалдық және кадрлық әлеуетін арттырумен қатар жүреді. Мәселен, Жетісу ауданының бюджеті 3 есе дерлік ұлғайды
(6,3 млрд. теңгеден 18,1 млрд. теңгеге дейін), штат саны 19 адамға (36-дан 55 бірлікке дейін) көбейді.  

Мәселен, децентрализациялау аясында Жетісу ауданының әкімдігі бюджеттік бағдарламаның әкімгері ретінде биыл 500 млн. теңге сомасына
ауданы 30 мың м2 жолға ағымдағы жөндеу жүргізеді.

Ауданның экономикалық даму көрсеткіштері
2023 жылдың I-ші тоқсанында оң динамиканы көрсетті. Өндіріс көлемі 15,8%-ке (80 млрд. теңге, үлесі – 16,2%), негізгі капиталға салынған инвестициялар 48%-ке өсті (15,1 млрд. теңге, үлесі – 6,1%). Көтерме сауда көлемі 138,2%-ке (892,8 млрд. теңге, үлесі – 26,1%) ұлғайды. Осы көрсеткіш бойынша аудан қалада 1-ші орынды иеленеді.

Енді негізгі проблемаларға және сіздердің аудандарыңызды дамыту жоспарларына тоқталып өтейін.

  1. Маусым айында инженерлік желілерді модернизациялау бойынша 2 ірі жобаны бастауды жоспарлап отырмыз.

Біріншісі – Кемел шағын ауданында ұзындығы
75,6 км 33 көшеде сумен қамту (79,5 км) және су бұру
(71,4 км) желілерін салу.

Екіншісі – ауданның 68 көшесінде 25,6 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және 72 км су бұру желілерін салу.

Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар анықталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары маусым айында басталып, 2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.

Бұл жобалар ауданның 10 мыңнан астам абонентін сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көше жарығын модернизациялау шеңберінде биыл ұзындығы 11 км болатын, жартылай жарық орнатылған 101 көшеде жұмыс жүргізу жоспарлануда. Ұзындығы 52 км болатын тағы 42 көшеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

  1. Аудан тұрғындарын мазалайтын ең өзекті мәселе – жол төсемінің жай-күйі. Биыл біз

    18 көшеде 22 км жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыстар маусым айында басталады.

Қоғамдық көлікті дамыту – біз үшін басты басымдықтардың бірі. Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 56, 123 және
17
маршруттар «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейін ұзартылды.

Биыл тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында қала бойынша қосымша 600 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда. Жетісу ауданына қызмет көрсететін 14 маршруттағы автобустар саны 256-дан 281-ге дейін көбейеді.

Қазіргі уақытта ауданда 3 светофор объектісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Солтүстік айналма көшесі – Боралдай көшесі; Солтүстік айналма көшесі – Постышев көшесі; Қазыбаев көшесі – Серіков көшесі). Жобалау-сметалық құжаттамасы – мамыр айында, құрылыс-монтаждау жұмыстары қараша айында аяқталады. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында светофор объектісін салу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ биыл 10 остановка пунктін жаңарту жоспарланған. 

Жетісу ауданында адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы бойынша жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарлануда.

       Сонымен қатар 2023 жылдың I-ші тоқсанында
85 «Сергек» кешенін орнату аяқталып, аудандағы бейнекамералар саны 171-ге жеткізілді (889 бейнекамера: оның ішінде желілік - 133, көше қиылыстарында - 38).

  1. Енді әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарлары туралы.

  2. Ауданда бастапқы медициналық-санитариялық көмек объектілерінің тапшылығы қатты сезілуде. Осы мәселелерді шешу үшін Біз келесі шараларды іске асырамыз. Осы жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында ауысымына

    200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі.

Өткен кездесулерде айтып өткенімдей, аудан әкімдігі Омаров көшесінде 200 келушіге, Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге және Рабочий посёлокта ауысымына 240 келушіге арналған емханалар үшін
3 ғимарат сатып алды.

Осы жылдың маусым айында Нүсіпбеков және Омаров көшелеріндегі ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарына конкурс жариялаймыз. Жөндеуді осы жылдың тамыз айында бастап, 2024 жылдың наурыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың II-ші тоқсанына пайдалануға беріледі.

Рабочий посёлоктағы ғимарат бойынша сатып алу шарты жасалды. Емхананы осы жылдың IV-ші тоқсанында жөндеу жұмыстары мен жабдықтар сатып алынғаннан кейін ашу жоспарлануда.

  1. Жетісу ауданының мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығына қатысты жағдай салыстырмалы түрде қолайлы (бүгінгі таңда тапшылық шамамен 3000 орынды құрайды). Халық санының өсуі мен аудандағы тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, біз биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Боралдай көшесінде 1200 орындық бір жаңа мектептің құрылысын  бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 148, 103 және 112 мектептерге 750 орындық қосымша құрылыс салу жұмыстары жүріп жатыр.

148-ші мектепке 300 орындық қосымша ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың III-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

103-ші мектепке 200 орындық (мердігер - Global Construction) және 112-ші мектепке 250 орындық қосымша ғимараттардың құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша (мердігер - Sheber Building) мердігер ұйымдар анықталды. Осы екі мектеп бойынша құрылыс жұмыстарын биыл маусым айында бастап, 2024 жылдың I-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Бұнымен қатар биыл маусым айында Айнабұлақ шағын ауданындағы 160 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады.

  1. Жайлы қалалық орта. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасындағы өзгерістерге қысқаша тоқталып өтейін. Бұл жоба Сіздердің оң пікірлеріңізді алды. Сондықтан мен биыл қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым. Соның ішінде Жетісу ауданына 875 млн теңге бөлінеді. Бұл қаражат сіздер бастама көтеріп отырған жобаларды көптеп іске асыруға мүмкіндік береді.

Наурыз айында бағдарлама аясында алғашқы өтінімдер қабылданды. Аудан тұрғындарынан
120 өтінім түсті. Дауыс беру қорытындысы бойынша сіздер 3 226 дауыс берген 18 жоба орындалатын болады. Оның ішінде – қоқыс контейнерлерін қазып орнату (Құлагер, Көкжиек, Көкмайса шағын аудандары және т.б.); скверлер мен парктерді  абаттандыру (Кемел шағын ауданы, Рысқұлов даңғылы – Гастелло көшесі); иттерді серуендетуге арналған алаң салу (Айнабұлақ-3 шағын ауданы) және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар биыл іске асырылады.

Көкжиек шағын ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша парк аймағын абаттандыру және Есентай өзенінің бойындағы Черновцкая көшесіндегі жағалау аймағын жалғастыру жұмыстары жүргізілуде. Конкурсты осы жылдың маусым айында жариялау жоспарлануда. Жұмыстар осы жылдың III-ші тоқсанында басталады.

Жыл соңына дейін Кемел шағын ауданындағы сквер, Көкмайса шағын ауданындағы Есентай өзені арнасының жағалауы абаттандырылады.

Төтенше жағдай шеңберінде ауданда үнемі су басатын 7 учаске анықталған болатын, оның 6-да жұмыстар аяқталды. Соңғы участок – Уссурийская көшесінің бойымен 2-ші Темір жол вокзалы мен Баум тоғайына дейінгі аралықта су бұру каналының құрылысы осы жылдың 15 маусымына дейін аяқталады.

Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтарынан бастап 27 көшеде 26,5 км арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың IІІ-ші тоқсанына дейін толығымен аяқталады.

 

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет! Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.

 

 

 

Дата публикации
25 мая 2023
Дата обновления
25 мая 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы