Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

 

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Осы жылдың наурыз айында өткен кездесуімізде мен сізге децентрализация аясында аудан әкімдіктерінің өкілеттіктері мен мүмкіндіктері айтарлықтай артады деп уәде бердім. 1-ші сәуірден бастап Алмалы ауданының бюджеті 2 есе, яғни 19 млрд. (9-дан 18,8 млрд. дейін) теңгеге өсті.  Мұндай өзгерістер қаланың барлық аудандарына оң әсер ететініне және аудан әкімдеріне алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосымша септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жыл басынан бері Алмалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің жақсы өсу динамикасы байқалады. Осы  жылдың І-ші тоқсанында инвестициялар 52,8%-ке өсті, 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 49 млрд. теңгеге жуықтады (48,9 млрд.). Салық түсімдері 41%-ке өсіп, 258 млрд. теңгені құрады (2022 жылдың I-ші тоқсаны – 183,3 млрд. теңге).

Қазір сіздердің аудандарыңызды дамытуға қатысты ең өзекті мәселелер бойынша жүргізіп жатқан жұмысымыз туралы айтып өтемін.

  1. Инженерлік желілерді модернизациялау біз үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады.
  2. Осы жылдың қаңтар айынан бастап мамырға дейінгі аралықта электр желілерінде 93 авария тіркелді және осы проблеманы шешу үшін жыл басынан бері
    6 подстанцияны модернизациялау және 19 км тозған электр кабель желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 28 подстанцияны реконструкциялап, тағы 50 км электр желілерін модернизациялау жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар электр желілерінің тозуын 61%-ке дейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді (АЖК бағалауы бойынша бүгінде тозу
    81% құрайды).
  3. Жыл басынан бері Тұрғыт Озал, Чайковский және Мақатаев көшелеріндегі аула ішіндегі аумақтардағы 1,4 км су құбыры желілері жөндеуден өтті, сондай-ақ Бруно мен Рахманинов көшелерінде 700 м канализация желілері салынды.

Жыл соңына дейін 3,6 км су құбыры (7 учаске) және
1,2 км жылу желілерін (Байтұрсынов – Төле би – Наурызбай батыр – Бөгенбай батыр бөлігінде) модернизациялау, сондай-ақ жалпы жеке сектордың: 2я-Кастекская, Моңғол, Есентай және Қожамқұлов көшелеріндегі жалпы ұзындығы 1,6 км канализация құрылысы аяқталады.

 

  1. Әкімдік ауданның жол-көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Осы жылдың маусым айының басынан бастап аудандық маңызы бар 11 көшеге және жалпы ұзындығы
25 км болатын  5 магистралды көшеге орташа жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінді.

Децентрализация аясында биыл аудан әкімдіктері жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізе бастайды. Бұл үшін Алмалы ауданына 500 млн теңге бөлінді, шара 46 мың м2 жол төсемін жөндеуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың маусым айында әкімдік Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орната отырып, жолды ұзартуды бастауды жоспарлап отыр.

Жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский (3) және Байтұрсынов (1) көшелерінде 4 жаңа остановка орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 4 көшеге: Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне остановка орнатуды жоспарлап отырмыз.

Алмалы ауданында жиі көтерілетін мәселелердің бірі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 3 жаңа светофор  объектісін (Төле би - Ислам Кәрімов көшелері; Қарасай батыр  – Ислам Кәрімов көшелері; Байзақов – Қабанбай батыр көшелері) және 10 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттаманың аяқталу мерзімі – осы жылдың мамыр айы. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қараша айы.

Осы жылдың наурыз айында жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында аудан көшелеріне 38 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Ауданда адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін қосымша 650 камера орнату жоспарлануда.

  1. Алмалы ауданында оқушы орындарының тапшылығымен байланысты ахуал салыстырмалы түрде қалыпты жағдайда. Оқушылардың жалпы контингенті
    37 мың оқушыны құрайды, ал тапшылық
    1 мың (1 028) орыннан сәл асады.

Мемлекет басшысы іске қосқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында биыл Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында
1,5 мың орындық жаңа мектеп құрылысы басталады. Объекті 2024 жылдың IV-ші тоқсанында беріледі.

Сәуір айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды. Тамыз айында №136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ әкімдік екі мектепке, яғни: №16 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат және №58 мектепке спорт залы мен акт залын (қазіргі ғимараттарды бұзып) салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Сараптамалары IV-ші тоқсанда шығады.

Өткен кездесуде айтылғандай, сәуір айында Тастақ шағын ауданында (Грановский көшесі, 96 мекенжайы бойынша) аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға бағытталған «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының екінші филиалы ашылды.

Абай-Масанчидегі бұрынғы теміржол ауруханасының тарихи келбетін сақтап, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар 2024 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталуы тиіс. Құрылыс аяқталғаннан кейін онда заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады.

Сондай-ақ әкімдік 2023 жылдың соңына дейін тағы екі жобаны әзірлейді, олар: Әйтеке би көшесіндегі ревматологиялық орталықтың ескі ғимаратының орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу (сараптаманың шығуы – 2024 жылдың I-ші тоқсаны (наурыз) және Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының жобасы (сараптаманың шығуы 2023 жылдың IV-ші тоқсаны).

Екі объектінің құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз.

  1. Алмалы ауданында жайлы қалалық орта құру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

       Әкімдік 69 аула аумағын (19 күрделі, 50 ағымдағы жөндеу) және аз қабатты тұрғын үйлердің 47 фасадын ағымдағы жөндеуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 4 үйдің фасады  жөнделді, ал қалғандары шілде айының соңына дейін аяқталады.

20-шы маусымға дейін Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жайластыру  аяқталады.

Әлия және Мәншүк скверін абаттандыру мен реконструкциялауды бастап, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жалпы, осы жылдың сәуір айынан бастап әкімдік жасыл аймақтың бәрін автоматты суару жүйесімен жабдықтап, Дүйсенов атындағы жаяу жүргіншілер көшесі мен 7 скверді модернизациялау және көгалдандыру жұмыстарын бастады.

Өткен кездесуде айтылғандай, әкімдік биыл Мақатаев көшесінің бойындағы ұзындығы 3,6 км коллекторды тазарту және Райымбек даңғылының бойындағы (Аносов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейін) 2 км су бұру каналын салу жұмыстарын аяқтады.

Сонымен қатар, қала әкімдігі 52 көшедегі 34 км арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 3,8 км болатын 5 учаске аяқталды.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірлерін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылдадым, Алмалы ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді (бұрын бөлінген 770,9 млн. үстіне). Осылайша, ауданда 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 35 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда.

 

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.

Назарларыңызға рақмет

Дата публикации
18 мая 2023
Дата обновления
18 мая 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы