Лого

Меню

Страницы

Статья

ADFIAP-тің 46-шы жыл сайынғы жиналысының арнайы сессиясына Алматы қаласының әкімі Е.Ә. Досаевтың құттықтау сөзі

Құрметті қонақтар мен достар!

Мен Сіздермен Алматы қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын!

Біз үшін Орталық Азияда алғаш рет өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты аймағын Дамытудың қаржы институттары қауымдастығының 46-шы жыл сайынғы кездесуін өткізу үлкен мәртебе.

Бүгінде мұнда 40 елден 150-ден астам халықаралық даму институттарының көшбасшылары қатысып отыр. Бұл біздің мегаполис үшін маңызды оқиға. Алматы алғаш рет даму институттарын осындай кең ауқымда қабылдауда.

Қазақстан 2006 жылдан бастап Еуропалық Даму Банкінің (ЕДБ) құрылтайшыларының бірі болып табылады. Биыл біз Еуропалық Даму Банкіндегі (ЕДБ) үлесімізді 32,99%-дан 37,29%-ға дейін арттырдық. Қазіргі уақытта біз Еуропалық Даму Банкімен (ЕДБ) бірлесіп Алматыда Жылу Электр Орталығын модернизациялау, Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын және Үлкен Алматы айналма автожолын (ҮАААЖ) салу сияқты маңызды жобаларды іске асырып жатырмыз.

Алматы – Қазақстанның мәдени, ғылыми, іскерлік және қаржы орталығы. Алматы қаласының үлесіне Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) бестен бір бөлігі (2022 жылы 18,5%) және Қазақстан Республикасы бюджетінің барлық кірістерінің төрттен бірінен астамы тиесілі. Шағын және орта бизнес (ШОБ) қала экономикасының шамамен 60%-ын құрайды. Мұнда республиканың Бас банктерінің 90%-ы шоғырланған, 111 халықаралық ұйымдар мен компаниялар орналасқан.

Бүгінде жаһандық белсенділік векторы Азияға көшу барысында Алматы қаласының алдында дамудың жаңа перспективалары ашылуда. Өткен жылы біз «Алматының 2025 жылға дейінгі Даму бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіттік. Қаланы Дамыту бағдарламасы инвесторлар үшін жобаларды іріктеу кезінде нақты бағдар беретін болады.

Экологиялық күн тәртібі Алматы үшін маңызды. Біз экологиялық көлік жүйесіне, тұрғын үй мен ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға, коммуналдық қызметтерді жаңғыртуға және тағы басқа салаларға инвестициялар тартуға қызығушылық білдіріп отырмыз. Мен Сіздерді Алматыдағы осындай жобаларға инвестиция салуға шақырамын.

Құрметті сессияға  қатысушылар!

Бүгінгі кездесу Азия  Тынық мұхиты аймағын дамыту қаржы институттары қауымдастығының даму институттары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Сіздерге алдағы күндері жемісті және сындарлы кездесулер және біздің шуақты Алматы қаласында уақыттарыңызды жақсы өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспін!

 

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
15 мая 2023
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы