Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Біздің соңғы кездесуімізден бері 3 айға жуық уақыт өтті. Бүгін мен сіздермен осы уақыт ішінде қол жеткізген нәтижелермен бөліскім келеді.

1-ші сәуірден бастап жүргізілген децентрализация аясында Наурызбай ауданының бюджеті 3 есе (4,4 млрд. теңгеден 13,1 млрд. теңгеге дейін (нақтылауды ескере отырып) артып, штат саны 18 адамға (36-дан 54 бірлікке дейін) көбейді. Осы жылдың өзінде аудан тұрғындары осы өзгерістердің оң әсерін сезінеді деп сенемін.

Осы жылдың І-ші тоқсанында Наурызбай ауданы оң даму динамикасына қол жеткізді. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 36%-ке өсті (4,6 млрд. теңгеге дейін), негізгі капиталға 32 млрд. теңге инвестиция тартылды. Салық түсімдері 40%-ке өсіп, 11 млрд. теңгеден асты (11,1).

Енді сіздердің аудандарыңыздың негізгі проблемалық мәселелеріне және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып өтейін.

  1. Аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамту жөнінде үлкен жұмыс жалғасуда.

Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін Ақжар шағын ауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы жылдың наурыз айында біз Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысын бастадық. Бұл жобаны биыл маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы -
4 шағын ауданда сумен қамту және канализация желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда.

 

Нәтижесінде, Наурызбай ауданының тұрғындарын  сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 2025 жылдың соңына дейін 335 км сумен қамту (187,5 км) және канализация (147,5 км) желілері салынады.

  1. Биыл электр желілерін модернизациялау шеңберінде Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарында 56 трансформаторлық подстанция модернизацияланады. Оның ішінде 21 жаңасы орнатылады, сондай-ақ 114,5 км электр желілері және 35 трансформаторлық подстанция модернизациядан өтеді. Бұл шаралар электрмен тұрақты қамтамасыз етуге және авариялық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыстар мамыр айының соңында басталып, осы жылдың соңында аяқталады.
  2. Жол инфрақұрылымын дамыту үшін белсенді жұмыс жүріп жатыр. Биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізуде. Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында 200 көшені қамтитын 55 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарлануда. Биыл жөндеу жұмыстарының сомасы 500 млн. теңгеге дейін көбейеді.

Сонымен қоса, Қалалық мобилділік басқармасы мамыр айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы 25 көшеде 6 км жол, Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Абай саяжайлары мен Шұғыла шағын аудандарындағы 10 көшеде 3 км тротуар салу жұмыстарын, сондай-ақ 16 көшедегі 14 км жолды орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Жұмыстарды 2023 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен олардың қолайлылығын жақсарту мақсатында әкімдік Алматы үшін биыл қосымша 600 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Тасымалдаушы «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Наурызбай ауданындағы 6 маршруттың жылжымалы құрамын жаңартты (№44, 55, 115, 137, 118, 212), мұнда бүгінде 83 бірлік жұмылдырылған. Жоғарыда аталған маршруттарды 25 бірлікке көбейту жоспарлануда, осылайша автобустар саны 83 бірліктен 108 бірлікке дейін өседі.

Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын қосымша төмендету мақсатында 6 жаңа мектепті, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 мектепті жобалау және салу  жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталады, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады.

Сонымен қатар осы жылдың шілде айында конкурстық процедуралар өткізілгеннен кейін Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке 375 орындық қосымша құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз.

Бұған қоса балаларымызды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы. Бүгінгі күні ғимаратты одан әрі пайдалануға беру үшін Білім басқармасына қабылдау-беру актісіне қол қою жұмыстары жүргізілуде) құрылысы аяқталды. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтуға мүмкіндік береді.

  1. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

         Құрамыс шағын ауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылдың қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде, қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.

Екінші емхана бойынша Шұғыла шағын ауданында жобалау ұйымымен шарт жасалды. Осы жылдың                        IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, құрылысты 2024 жылдың көктемінде бастаймыз.

Ақжар шағын ауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады. 

  1. Ауданда жайлы қалалық орта құру шеңберінде бір айдың ішінде үнемі су басатын соңғы учаскені ( «Нұрлы дала» тұрғын үй кешені) жою жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар 6 көшеде 7 км арық желісі реконструкцияланды. Енді ауданның 28 көшесінде тағы 23 км арық желісі салынып, қайта жаңартылады (аяқталу мерзімі - 2024 ж.
    ІІ-ші тоқсаны)
    .

Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында осы жылдың І-ші тоқсанында ауданның магистралды көшелерінде 19 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Бұдан басқа, аудандағы адамдар көп жиналатын орындарда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында осы жылдың соңына дейін қосымша 900 камера орнату жоспарлануда.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдадым. Наурызбай ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны, оның ішінде қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда.

 

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет.

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік. 

 

 

Дата публикации
11 мая 2023
Дата обновления
11 мая 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы