
Қайырлы таң, құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
Өздеріңізді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Біздің биылғы алғашқы кездесуімізде мен
1-ші сәуірден бастап аудан әкімдіктеріне қатысты болатын өзгерістер туралы хабарладым. Бүгін жүргізілген орталықсыздандырудың аясында Алатау ауданының бюджеті 3,7 есе (8,2 млрд. теңгеден 30,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, штат саны 20 адамға көбейгенін айтуға болады. Мұндай елеулі қолдау сіздердің аудан әкіміне ең өзекті проблемаларды сапалы әрі жедел шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Алматы Индустриялық аймағын дамыту және бизнесті қолдау үшін қабылданған шаралардың арқасында жалпы аудан экономикасы оң динамиканы көрсетіп, қаланың экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына елеулі үлес қосуда. 2023 жылдың
І-ші тоқсанында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 32,8%-ке, инвестициялар 73,2%-ке өсті.
Қазір мен сіздер жиі көтеретін проблемаларға және оларды шешу үшін біздің қабылдап жатқан шараларымызға қысқаша тоқталып өтейін.
Биыл аудан әкімдігі «Теректі», «Алғабас», «Болашақ», «Шапағат» шағын аудандарында ұзындығы 150 км инженерлік желі жүргізуді жоспарлап отыр. Мердігерлер анықталды. Жұмыстың басталуы мамыр айына, аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған. «Рахат-Мәдениет» шағын ауданында желілердің құрылысы 2023 жылы шілдеде басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
«Самғау» және «Өжет» шағын аудандарында канализация желілерін пайдалануға беру үшін
5 канализациялық-насос станциясы салынып жатыр. Жұмыстарды осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
Аудандағы ең өзекті проблемалардың бірі – жылдар бойы шешілмей келген «14-ші аумақ» шағын ауданындағы инженерлік желілер мәселесі.
Инженерлік желілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін 2022 жылдың қыркүйек айында конкурс рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйым анықталды. Алайда ақпан айында Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен мемлекеттік сараптама жобаны түзетуден бас тартқандықтан, жұмыстар басталмады. Мұның тұрғындар тарапынан наразылық тудыратыны негізді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тезірек бастау үшін қала әкімдігі Алматы қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде төтенше жағдай желісі бойынша жұмыстарды орындау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта қажетті құжаттама дайын. Жұмысты
10 мамырда бастап, 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар Қалалық мобилділік басқармасы
мамыр айында 12 шағын ауданда ұзындығы 60 км болатын 79 көшені қамтитын орташа жөндеуді бастауды жоспарлап отыр.
Саин көшесін ұзарту жұмыстарын желтоқсан айында, Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысын
2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды.
Өткен жылы әкімдік 450 жаңа автобус сатып алды, оның 92-сі (20%) Алатау ауданына берілді.
Биыл 600 автобус сатып алу жоспарлануда. Оның 200 бірлігін «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алатау ауданындағы
19 маршрутын жаңартуға беру көзделіп отыр.
Бұдан басқа жеке тасымалдаушылар осы жылдың 4-ші тоқсанына дейін 7 маршруттағы) 73 бірлік жылжымалы құрамды жаңартуды жоспарлап отыр.
Бүгінгі күні Алатау ауданының мектептерінде шамамен 4600 орын тапшы.
Осынау маңызды мәселені одан әрі шешу үшін келесі кешенді шаралар қабылдануда.
«Саялы-2» шағын ауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр. Ол келесі жылдың ІІ-ші тоқсанында аяқталады.
2023 жылдың ІІІ-ші тоқсанында 12 050 орындық тағы 7 мектептің құрылысы басталады. Олардың ішінде 550 орындық мектеп «Зерделі» шағын ауданында салынады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында «Самғау», «Алғабас», «Қарасу», «Теректі» шағын аудандарында, сондай-ақ «Әйгерім» шағын ауданында 2000 орындық, «Ақбұлақ» шағын ауданында №154 мектепті бұзып, 1500 орындық мектеп салынады. Құрылысты аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған.
Балаларымызды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін Сіздердің аудандарыңызда алғаш рет аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алатын Инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы) құрылысы аяқталып келеді.
Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін осы жылдың ақпан айында «Саялы» және «Қарасу» шағын аудандарында жоспарлы қуаттылығы ауысымына 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. 2024 жылдың І-ші тоқсанында аяқталады.
Менің тапсырмам бойынша биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының сәтті іске асырылуын ескере отырып, Алатау ауданына қосымша 875 млн. теңге бөлінді. Іске асыруға жіберілген жобалардың тізімі Алматы қаласының тұрғындары дауыс бергеннен кейін осы жылдың 15 мамырына дейін белгілі болады.
Осы жылдың маусым айына дейін «Зерделі» шағын ауданындағы 30 үйдің қалған 2-ін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 2022 жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталмаған 2 үй бұзылды. Ол жерде сквер болады.
Ауданда үнемі су басатын жерлердің мәселесі шешілді. 18 учаскенің 16-сында жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша жұмыстарды бір айдың ішінде аяқтаймыз.
Сонымен қатар, биыл біз Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстарын бастадық. Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді. Жұмысты осы жылдың қыркүйек айында аяқтаймыз.
Ауданда бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында осы жылдың соңына дейін 750 жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда.
Ауданда жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 96 «Сергек» кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы I-ші тоқсанда тағы 97 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Осылайша, аудан бойынша 193 «Сергек» камерасы қызмет көрсетеді.
Көшені толық жарықтандыру үшін 2022 жылы Алатау ауданының 135 көшесіне сыртқы жарық орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданның жарығы жоқ
123 көшесі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. 2025 жылы аудан
100% көше жарығымен қамтылады.
Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
Назарларыңызға рақмет. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.