
Құрметті депутаттар!
Негізгі бет
Сіздерді Мәслихаттың бірінші отырысында қарсы алуға қуаныштымын. Сіздерді депутаттық мандатқа кіруіңізбен құттықтаймын.
Қала тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешудің сапасы сіздерге байланысты.
Жергілікті ерекшеліктерді біліп, тұрғындармен қарым-қатынас жасап, өз біліміңізді қолдану арқылы біздің мегаполистің дамуына айтарлықтай үлес қосасыздар.
Сондай-ақ , бюджетті қалыптастыруға қатысқаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірлесіп, бюджетті нақтылаудың теңгерімді жобасын жасадық.
Біздің бірлескен жұмысымыз жемісті болатынына сенімдімін. Қала тұрғындары мегаполис аумағында жайлы өмір сүретін болады.
Сіздердің қарауларыңызға енгізілетін бюджетті нақтылау жобасында әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі параметрлері ескерілген.
Слайд 2.
Бүгінгі таңда өткізілген сатып алу рәсімдерінен үнемделген қаражаттың, сондай-ақ салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуінің арқасында қала экономикасына қосымша инвестициялар салуға мүмкіндік бар.
Жалпы, бюджетті нақтылау бюджеттің 74,6 млрд теңгеге қосымша кірістерін қалыптастыру есебінен жүргізіледі:
- өткен жылдан қалған бос қалдықтарды пайдалану 183,1 млрд. теңге;
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында 7,7 млрд.теңге сомасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу (МТ үнемдеу – 190,1 млн. теңге, алу – 7,6 млрд. теңге).
Аталған қаражат қаланың тіршілігін қамтамасыз етудің қызмет атқаруына және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.
Жалпы, әлеуметтік салаға 2023 жылғы бюджет шығыстарының шамамен 30,4%-ы жұмсалады, бұл шамамен 79 млрд теңге.
Слайд 3.
Білім беру саласына 24,9 млрд. теңге қарастырылған.
«Саялы-2» шағын ауданында 550 орындық мектеп құрылысын жалғастыруға және 59 мектеп гимназия ғимаратын қайта жаңартуға 2 млрд. теңге қарастырылған.
Балабақшалардағы орын тапшылығын азайту мақсатында Ақжар, Алтын бесік, Жас Қанат шағын аудандарында
3 балабақша салуға 764,3 млн. теңге бөлінеді. Бұл – 700-ге жуық баланы қамтуға мүмкіндік береді.
Алатау және Наурызбай аудандарында 2 инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталуда. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінуде.
9 әлеуметтік нысан бойынша (5 мектеп, 2 балабақша, 1 инновациялық шығармашылық орталық және 1 колледж жатақханасы) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 406,7 млн. теңге қарастырылған.
Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында 4 мектепте және 2 балабақшада сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр. Оған 3,3 млрд. теңге бөлінеді.
Слайд 4.
Денсаулық сақтау саласына 8,4 млрд. теңге қарастырылған.
Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 3 түрі бойынша 11 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 547 млрд теңге көзделген.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге 230 млн. теңге көзделеді
Жетісу ауданында жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге 3 жаңа емхананы одан әрі жабдықталуына құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделуде.
14 денсаулық сақтау ұйымында жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге жаңа лифт сатып алу және қолданыстағы лифт жабдығын ауыстыру жоспарланған.
№7 қалалық аурухана үшін магнитті-резонанстық томограф жабдықтарын сатып алуға жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге қаражат бөлінеді.
Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда. Бұған жергілікті бюджеттен 608,4 млн. теңге көзделген;
Әуезов ауданындағы № 16 қалалық емхананы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Қалалық кардиологиялық орталықты қайта жаңартуға 600 млн. теңге жоспарланған.
Сондай-ақ, сіздердің құрметті депутаттарыңыз комиссияларда Қалалық кардиологиялық орталық үшін жалпы сомасы 145,2 млн теңгеге ангеографа сатып алуға қаражат қарастыруды ұсынды.
Жедел жәрдем орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы аяқталуда, оған жергілікті бюджеттен 608,4 млн теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, 8 денсаулық сақтау нысанын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге 197,8 млн теңге сомасына қаражат көзделген.
Слайд 5.
Халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд. теңге қарастырылған.
Тұрғын үй алу кезегін қысқарту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың пәтер сатып алуға 38,2 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
«Демеу» және «Қамқор» орталықтарында 760 адам қызмет алады. Олардың қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 267,5 млн. теңгеге ғимараттарға жөндеу жүргізу жоспарланған.
Кешенді әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектігі бар 120 адамға арналған әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта оңалту жұмыстарын жүргізу, сурет салуға, театр, фото және операторлық өнерге және т. б. оқыту жоспарлануда.
Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 180 млн. теңге қарастырылған.
Мәдениет және спорт салаларына 5,5 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
Кітапхана жүйесін цифрландыруға 329,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл кітап алу процесін автоматтандыруға, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жыл сайынғы контингенті 14 мың бала мен 2 мыңнан астам спортшыны құрайтын 3 жоғары спорт мектебін және олимпиадалық резервтегі 10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебін ұстауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінеді.
Балуан Шолақ атынағы спорт сарайын жаңғыртуға және ұстауға 726 млн. теңге қарастырылған.
Алатау, Зерделі және Жас Қанат ш/а-да 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 884,4 млн. теңге. бөлінеді.
Слайды 6-7.
ТКШ саласына қосымша қажеттілік 44 млрд. теңгені құрайды.
Ағымдағы жылы қаланың 4 ауданында (Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу) жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгені құрайтын көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы аяқталуда.
Жол картасы даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қалқаман-2 ш/а тұрғындары үшін 22 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Оған жергілікті бюджеттен 12,6 млрд. теңге бөлінеді.
Алматы жер сілкінісі ықтималдығы 10 баллға дейінгі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.
Осыған байланысты жергілікті бюджеттен 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1 600-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерді паспорттау бойынша жұмыстарды жүргізуге 2 млрд. теңге
Қаланың 3 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық) 33 жылумен жабдықтау объектілерінің ЖСҚ әзірлеуге 349 млн. теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаланың жылу желілерін қайта құру және жаңғыртуға (АлЖЖ жарғылық капиталы арқылы) 5,3 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.
Қаланың 5 ауданында (Алатау, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб) 11 сумен жабдықтау объектісінің ЖСҚ әзірлеу жоспарланған Бұл тарапта 149 млн. теңге қарастырылған.
Қаланың 3 ауданында (Алатау, Әуезов, Медеу) жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгеге сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталады, бұл 26 мың тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5 ауданда сыртқы жарықтандыру желілерін ұстауға 4,1 млрд. теңге қарастырылған.
Слайд 8.
Қаланы абаттандыруға 20,3 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Биылғы мол жауын-шашын қаланың арық жүйесіндегі проблемалық учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді.
Су басу проблемаларын шешу мақсатында қаланың Шығыс және Орталық бөліктерінде нөсер кәрізінің құрылысын жалғастыруға 3,2 млрд. теңгеге қаражат көзделген.
Боралдай, Кіші Алматы өзендері бойындағы аумақты абаттандыруға, Сайран көлін реконструкциясын бастауға бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
Сондай-ақ, қаланың 8 ауданында скверлерді, саябақтарды, аула аумақтарын және балалар алаңдарын абаттандыруға 1,3 млрд. теңге қарастырылған.
Бұдан басқа, «Халық қатысатын Бюджет» жобасын жалғастыруға қаланың 8 ауданына қосымша 7 млрд. теңге бағыттау ұсынылады.
Слайд 9.
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 75,5 млрд. теңге бағытталады.
Ағымдағы жылы Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Монке би көшесіне дейін тесу аяқталады. Жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге.
Сейфуллин көшесі мен Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айрығын салуды жалғастыруға 2 млрд. теңге қарастырылған.
Жол картасы даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде жол жүрісін реттеудің, жүрдек автобус желісін салудың (BRT 2-кезең) техникалық құралдарын жаңғыртуға, сондай-ақ білім беру объектілеріне қолжетімділік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (кірме жолдарды салу) 3 ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. Оған 452,6 млн. теңге қарастырылған.
Қалалық автобус тасымалы жағдайын жақсарту үшін қосымша 400 автобусты 40 млрд. теңгеге сатып алу арқылы автобус паркін жаңарту жоспарлануда
Слайд 10.
Қазіргі уақытта біздің мегаполис тұрғындарының өтініштерінің негізгі ағымын күн сайын аудандық әкімдіктер қабылдайды.
Функцияларды орталықсыздандыру бойынша өзгерістер қабылданғанға дейін аудан әкімдіктерінің тек ағымдағы жұмыстарға өкілеттіктері мен қаражаттары шектеулі болды.
Осы жылдың сәуір айынан бастап аудан әкімдіктеріне
15 жаңа функцияны берілді.
Жергілікті жерлерде жедел шешім қабылдауға, әр аудан халқының қажеттіліктеріне қарай бюджет қаражатын тиімді бөлуге мүмкіндік пайда болды.
Сонымен қатар, берілген функциялар шеңберінде жобалар мен іс-шараларды 30,5 млрд. теңгеге қаржыландыруды қолдау жоспарлануда
Құрметті депутаттар!
Жалпы, сіздермен бірлесе атқаратын жұмысымыз қаланың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Бүгін ұсынылған бюджет қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.
Осы бюджеттің нақтыланылуын қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!