Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясынан сөйлеген сөзінің тезистері

Құрметті депутаттар!

Сіздерді Алматы қаласының мәслихатына сайлануларыңызбен құттықтаймын! Сіз бен біздің басты мақсатымыз – әрбір алматылықтың әл-ауқатының артуын  қамтамасыз ету үшін қаламызды үйлесімді дамыту.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылдың 19 сәуірінде өткен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде «Алдағы өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынан  және Үкіметтің қайта жасақталуынан кейін елімізде ауқымды саяси реформалардың бірінші кезеңі аяқталды.

Биліктің барлық тармақтарының арасында баланс орнап, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделеді.  

18 жылда алғаш рет ашық және бәсекелі сайлау өтті, оның қорытындысында Алматы қаласы мәслихатының жартысы немесе 21 депутат бір мандатты округтер бойынша сайланды. Жалпы, Мәслихаттың депутаттық корпусы 67%-ке жаңарды.

Алматының алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен ауқымды міндеттерді назарға ала отырып, өкен жылдың қыркүйек айында Мәслихат 7 басым бағыттан тұратын «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» қолдап, бекітті.

 

Бекітілген Даму бағдарламасын және Мемлекет басшысының 2022 жылдың қарашасында өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін бүгін құрметті депутаттар Сіздердің қарауларыңызға 2 маңызды мәселе шығарылып отыр:

1) Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджетін нақтылау;

2) Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасы.

Бірінші. 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптастырылды.

Осы жылдың І-ші тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ке өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке арттырды (барлығы 1 241,1 млрд.теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет - 941,8 млрд. теңге (139,3%), жергілікті бюджет – 299,3 млрд. теңге (133,5%).

Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд. теңге осы жылдың І-ші тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде.

 

Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.

Жедел шешімдер қабылдап, оларды нақты іске асыру басты міндетіміз болып табылады, сонда біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Осы жыл басталғанға дейін Алматыда негізгі басқару шешімдері қалалық әкімдік деңгейінде қабылданды. Қала тұрғындарымен тұрақты кездесулеріме жүргізілген талдау көрсеткендей, маған қойылатын сұрақтардың жартысынан көбі аудан әкімдерінің құзыретіне жатады және солардың деңгейінде шешілуі тиіс сұрақтар.

Әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілді. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд. теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы – 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.

Осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады.

Құрметті депутаттар, тұрақты комиссияларда Сіздермен бірге үлкен және тыңғылықты жұмыс атқарылды, сол үшін Сіздерге алғыс айтқым келеді.

Екінші. Бүгін Сіздердің қарауыңызға Алматының одан әрі дамуы үшін өте маңызды базалық құжат – қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары ұсынылып отыр. Бас жоспардың жаңа жобасы қаңтар айында алғаш рет үлкен қоғамдық талқылаудан өтті, оның барысында қала тұрғындарынан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығынан 1300-ден астам комментарий алынды, олар негізінен жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологияны жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қоса Мәслихат комиссияларының отырыстарында осы жобада ескерілген 20-ға жуық ұсыныс алынды.

Өздеріңіз білетіндей, қаланың Бас жоспары 20 жыл бұрын әзірленген және моноорталықтық даму моделіне негізделген, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік-мәдени қызметтер қаланың тарихи орталығына тығыз шоғырланған. Содан бері қала аумағы жағынан да, халық саны бойынша да 2 есе ұлғайды.

Жаңа Бас жоспарда тұрғын үй, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымы дамыған 5 жаңа полиорталық құрылатын полиорталықтық даму моделіне көшу көзделеді. Бұл осы полиорталықтардың тұрғындары үшін барлық қажетті игіліктердің жақын орналасуына мүмкіндік береді.

Жаңа Бас жоспар жайлы қалалық орта құру және қаламыздың барлық аудандарында өмір сүру сапасын жақсарту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін.

 

Құрметті депутаттар!

Қорытындылай келе сүйікті Алматымыздың көркеюі үшін баршаңызға нәтижелі еңбек етуге тілектеспін.

Бірлескен сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында біз әрбір алматылықтың әл-ауқатын жақсарту үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
21 апреля 2023
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы