Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Қайырлы таң, құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

Өздеріңізді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Қосымша 15 функцияның аудандық деңгейге берілуіне байланысты Бостандық ауданының бюджеті 2 есе (7,96-дан 15,5 млрд. теңгеге дейін), ал штат саны 19 адамға (38-ден 57 бірлікке дейін) ұлғайды. Бұл ретте, орталықсыздандырудың басты мақсаты аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігін одан әрі күшейту және оларға ауданның проблемаларын неғұрлым жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік беру екендігін баса атап өткім келеді.

Ақпан айындағы соңғы кездесуімізде мен сіздермен өткен жылы атқарылған жұмысымыздың нәтижелерімен және 2023 жылға белгіленген жоспарларымызбен бөлістім. Сол кезде айтылған барлық тапсырмалар орындалып жатыр. Бүгін мен ауданның ең өзекті мәселелері бойынша
I-ші тоқсанда атқарылған жұмыс туралы қысқаша айтып өтейін.

  1. Ауданда инженерлік желілерді модернизациялау жобалары жоспарлы түрде іске асырылуда. Бұған дейін айтып өткенімдей, қаланың оңтүстік бөлігін энергиямен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін «Алмагүл» шағын ауданында электр подстанциясы салынып, ұзындығы 4,8 км болатын жаңа кабель желісі төселді. Бүгінгі таңда подстанцияға электр қуатын беру жұмыстары аяқталып келеді. Подстанцияны маусым айында іске қосу жоспарланған (ауданның 200 мыңға жуық тұрғынын үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді).

Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 2023 жылы 25 км инженерлік желілерді, оның ішінде 6 км-ден астам су құбыры желілерін, 0,9 км жылу трассасын реконструкциялау, 16,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 1,5 км орташа қысымдағы жерасты газ құбырын жөндеу жоспарланған.

Сонымен қоса, осы жылдың маусым айында біз қосылған аумақтардағы 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстарын бастаймыз. Жұмыстарды 2024 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланған.

Қабылданған шаралар ауданның 150 мыңға жуық тұрғынын сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ерменсай» шағын ауданының тұрғындарына «Городское предприятие водоснабжения Водснаб» ЖШС-нің (бұрын «Орхан» ЖШС деп аталған) электрмен жабдықтау, сумен қамту және су бұру қызметтерін сапасыз көрсетуіне қатысты айтар болсам, ұзындығы 4,2 км электр желісін қаланың балансына өтеусіз беру туралы шешім қабылданды. Компанияның өзіне 120 млн теңге айыппұл салынды.

  1. Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін аудан бойынша 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сондай-ақ 400 орындық 8 жеке меншік балабақша салу жоспарланған.

Оның ішінде 3 мектепті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салу жоспарлануда: : Егізбаев 9 мекен – жайы бойынша 2500 орындық, Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық және Розыбакиев-Қожабеков қиылысында 2000 орындық. Құрылыстың басталуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде "РАМС Қазақстан" құрылыс компаниясы "РАМС Сити" МЖК аумағында ағымдағы жылдың соңына дейін 1100 орындық мектеп және 2 балабақша салатын болады. 240 орын (әрқайсысы 120 орын).

"Акварель" ТК-де 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның ашылуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Медициналық мекемелерге түсетін жүктемені азайту мақсатында биыл 5 денсаулық сақтау объектісін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланған. Оның ішінде,

- Әрқайсысы 500 орындық 2 жаңа емхана салу көзделген. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші  емхана үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу осы жылдың ақпан айында басталды («ДИАС-проект» ЖШС). Мемлекеттік сараптаманы жыл соңына дейін алу күтілуде.

Екінші емхана Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында орналасады. Жобалау-сметалық құжаттама наурыз айында басталды. Мұның мемлекеттік сараптамасын да биылғы жылдың соңында алу жоспарланған.

- №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың тамыз айының соңында шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталады (конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін).

- 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа корпусын салу жоспарлануда. Сейсмикалық қорғау бойынша қосымша шараларды ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттама келесі жылдың наурыз айында шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау 2024 жылдың II-ші тоқсанына жоспарланған.

  1. Жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында биыл ауданда жалпы ұзындығы 28 км болатын 24 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстар мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады.

Жыл басынан бері ауданы 1,7 мың шаршы метр
20 көшеде
шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.

Жоғарыда айтылғандай, орталықсыздандыру аясында биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады. Бостандық ауданы бойынша 250 млн теңгеге жалпы ауданы 16,5 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай» өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңартылып, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 2 көпір мен пандустар орнатылады. Жұмыстарды маусым айында бастау жоспарлануда.

Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы шеңберінде жаңа мекенжайлар тізбесі жасалды, қала бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде қосымша – 6000 камера, оның ішінде Бостандық ауданы бойынша 750 камера орнату жоспарланып отыр.

Көлік құралдарын жүргізу тәртібін арттыру үшін қазіргі таңда ауданда 102 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (784 бейнекамера) жұмыс істейді. Сонымен қатар биыл I-ші тоқсанда 96 «Сергек» (541 камера) орнатылды. Осылайша, ауданда «Сергек» кешендерінің саны 198-ге (1325 бейнекамера) жетті.

  1. 4. Мемлекеттік меншікке қайтарылған «Южный» паркінің бір бөлігін одан әрі абаттандыруға қатысты. Бүгінгі таңда Алматы қаласының мәслихаты паркті абаттандыру және көгалдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу туралы ұсынысты қарастыруда. Жоба
    2024 жылға жоспарланып отыр.

Сондай-ақ тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Жаңа жобалар: №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 7,1 км Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, бұрынғы Резиденция орнындағы парк, Тұңғыш Президент паркін реконструкциялау, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніне іргелес аумақ.

Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша Жер қатынастары басқармасы сквер салу үшін Қазыбек Тауасарұлы көшесіндегі ауданы 0,4 га жер учаскесін қала балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осы жылдың қазан айына дейін ауданның барлық жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін (12 жерасты, 7 жерүсті) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын сәтті енгізу нәтижесінде жоба бюджетін ұлғайту қажеттілігі туындады. Мен Бостандық ауданына осы бағдарламаны іске асыруға 875 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Бүгінде тұрғындардың өтінімдерін қабылдау аяқталды. Барлығы 100 жобалық ұсыныс берілді. Жобаларды іріктеу рәсімі 1 мамырға дейін аяқталады.

Өткен жылдың соңында қаланың жарық жоқ  көшелерінде, оның ішінде Бостандық ауданының
61 көшесінде жарық орнату жұмыстары (751 тірек және 18 км желі орната отырып) басталды. Қазіргі уақытта Бостандық ауданы бойынша жұмыстар аяқталды. Бұдан басқа, ауданның 42 жарықтандырылмаған көшелерін жарықтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу жоспарланған. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. 2025 жылға қарай ауданда көше жарығымен қамту деңгейі 100% құрайтын болады.

Су басу жағдайларына жол бермеу мақсатында осы жылдың соңына дейін 89 көшеде ұзындығы 55,2 км арық желісін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

 

Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!

Назарларыңызға рақмет.

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы